Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


3
«КƏСІПҚОР» ХОЛДИНГІ» 
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК
 ҚОҒАМЫ
АСТАНА
2016
Оқудың сабақ кестесін 
құрастыру жөніндегі
ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
(модульдік оқу кезінде)


4


5
Әзірлеушілер: Бөрібеков К.К., Әлмағамбето-
ва А.Е.
Ұсынымдардың мақсаты – оқудың сабақ ке-
стесін құрастыру кезінде техникалық және кәсіптік 
білім беретін оқу орындарының оқу бөлімі қыз-
меткерлеріне көмек көрсету.
Ұсынымдар модульдік оқу кезінде сабақ ке-
стесінің құрылымдық ресімделуін және құрасты-
ру технологиясын сипаттайтын мәтін бойынша 
нысандармен сүйемелденеді.
Әдістемелік ұсынымдар директорлардың 
орынбасарларына, бөлімше меңгерушілеріне, 
циклдік комиссиялардың төрағаларына, білім 
беру ұйымдарының оқу бөлімінің қызметкерлері-
не ТжКБ оқу орындарында оқудың сабақ кестесін 
құрастыру кезінде пайдалану үшін арналған. 


6
Әдістемелік ұсынымдар «Кәсіпқор Холдингі» 
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылы-
ми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 5 шілдедегі 
№ 2 шешімімен Техникалық және кәсіптік білім 
беру оқу орындарының модульдік оқу кезінде оқу-
дың сабақ кестесін құрастыру барысында қолда-
нуы үшін мақұлданған.
Техникалық және кәсіптік білім беру маман-
дықтары бойынша модульдік оқу кезінде оқудың 
сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Әдістемелік 
ұсынымдардың сапасын жақсарту жөніндегі бар-
лық ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына 
электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұрай-
мыз: 
kboribekov@tvet.kz

almagambetova@tvet.kz

al-anara@mail.ru


7
КІРІСПЕ
«Білім туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, 
оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру негізі білім 
беру ұйымы жүзеге асыратын оқу-тәрбиелеу жұ-
мысын жоспарлау және есепке алу болып табыла-
ды. 
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұй-
ымдарындағы оқу-тәрбиелеу жұмысын жоспарлау 
оқу жылына арналған оқу-тәрбиелеу процесінің 
бекітілген кестесі мен теориялық және практика-
лық сабақтар кестесі негізінде жүзеге асырылады. 
Оқу сабақтарының кестесі педагог қызмет-
керлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларды 
уақтылы және сапалы орындауы оған байланысты 
болатын оқу орнының оқу-тәрбиелеу жұмысын 
ұйымдастыруды жоспарлаудың ажырамас бөлігі 
болып табылады. 
Оқудың сабақ кестесі теориялық және практика-
лық сабақтарды, сондай-ақ бақылау іс-шараларын 
(білім алушыларды ағымдағы және аралық атте-
статтау) өткізудің жүйелілігін анықтау бөлігінде 
білім алушылардың оқу материалдарын қабылда-
уы мен кейіннен меңгеруінің педагогикалық-пси-
хологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу 
процесінің ұйымдастырылуын реттейтін

негізгі 
жоспарлау құжаттарының бірі болып табылады.
Сабақ кестесі техникалық және кәсіптік білім 
беретін оқу орындарындағы оқу процесін сапалы 
ұйымдастырудың тиімділігін қамтамасыз етуді 
басқарудың айқындаушы құралдарының бірі бо-
лып табылады. 


8
Сабақ кестесі теориялық және практикалық 
сабақтарды жүргізуге тартылған педагог қызмет-
керлердің жұмыс күнінің режимін ғана емес, сон-
дай-ақ білім алушылардың оқу жұмысын ұйымда-
стырудың оңтайлы нұсқасын да реттейді. 
Жоғарыда айтылғаннан көрініп тұрғандай, са-
бақ кестесін құрастыру - педагогикалық талаптар-
ды сақтауды, пәнаралық байланыстар мен ықпал-
дастырылған оқыту қағидаттарын қамтамасыз 
етуді, сондай-ақ педагогикалық оқу жүктемесін 
педагог қызметкерлер арасында оңтайлы бөлу-
ді талап ететін шығармашылық процесс. Одан 
басқа, оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде 
білім алушылар мен оқытушылар үшін мынадай 
жағдайлардың жасалуын ескеру қажет: 
- дәрістік және практикалық сабақтарды (өн-
дірістік оқу және практикалық сабақтар), оқу ма-
териалын қабылдаудың күрделілігіне қарай әр 
түрлі модульдер мен пәндерді алмастыру арқылы 
теориялық және практикалық материалды жақсы-
рақ меңгеру үшін;
- білім алушылар мен оқытушылардың бір оқу 
корпусынан басқасына ауысуымен байланысты 
уақытты барынша аз жұмсау; 
- оқу күнінің ортасында ықтимал үзілістердің 
(бос сабақ) туындауына жол бермеу. 
Оқудың сабақ кестесі оқу курстары бойынша 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім беру бағдарламаларының түрлері бойын-
ша әр түрлі оқу нысандарындағы білім алушылар 
үшін бөлек құрастырылады және оны білім беру 
ұйымының басшысы бекітеді.
Бекітілген сабақ кестесіне өзгерістер мен то-


9
лықтырулар оқу бөлімінің ұсынысы бойынша ди-
ректордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары-
ның өкмімен және кейіннен оқу бөлімі басшысы-
ның бұйрығымен ресімдеу арқылы енгізіледі. 
Оқудың сабақ кестелерін дайындауға, құрасты-
руға және орындауға жалпы басшылықты дирек-
тордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары жүзе-
ге асырады. Сабақ кестелерін құрастыру бойын-
ша тікелей жұмысты оқу бөлімі жүзеге асырады.
сабақ кестесі бойынша сабақтардың өткізілуін 
бақылауды бөлім меңгерушілері, циклдік комисси-
ялардың төрағалары және сабақтардың өткізілуі-
не дербес жауапты болатын оқытушылар тікелей 
қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу 
орындарының басшыларына әдіснамалық көмек 
көрсету мақсатында, «Кәсіпқор» холдингі» ком-
мерциялық емес акционерлік қоғамы нормативтік 
құқықтық базаны және техникалық және кәсіптік 
білім беретін оқу орындарындағы оқудың сабақ 
кестесін құрастыру жөніндегі практиканы зерттеу 
бойынша жұмыс ұйымдастырған.
ТжКБ оқу орындарындағы оқу процесін сабақ 
бойынша жүйемен ұйымдастыру ерекшеліктерін 
және сабақ кестелерін құрастырудың қиындығын 
ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім 
беретін оқу орындарының, оқу бөлімдерінің сабақ 
кестесін құрастырумен айналысатын педагог қы-
зметкерлеріне практикалық көмек көрсету мақса-
тында, осы әдістемелік ұсынымдар әзірленген. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет