Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірінің
2020 жылғы 06 сәуірдегі №130
бұйрығына 35 қосымша
Шымкент көпсалалы колледжі
№ 20 Оқу сабағының жоспары (теориялық)
Сабақ тақырыбы: Буферлі ерітінділер .Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер
Модуль/пән атауы: химия
Дайындаған оқытушы:_________________________
2022 жылғы «____» ________
Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: І (9кл)
Флк
|
01-22
|
02-22
|
03-22
|
04-22
|
|
|
|
|
|
Стом
|
01-22
|
02-22
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
Білім алушы білуі қажет: осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс
Білім алушы меңгеру керек: тақырып бойынша нақты ақпараттарды оқу және түсіну
Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Пәнаралық және пәнішілік байланыс:
· Пәнаралық байланыс – физика,математика
Сабақтың жабдықталуы: лекция,үлестірмелер,кестелер
Дәрістің құрылымы.
Ұйымдастыру кезеңі – 5минут
Оқытушы дәрісхананың, студенттердің сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа келмеген студенттерді белгілейді, сабақтың тақырыбы, жоспары және мақсаттарымен таныстыралды
Өткенді қайталау.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі – 15 минут.
Жаңа сабақты бекіту
Сұйылтқанда немесе қышқыл не сілті қосқанда рН–ы өзгермейтiн ертiндiлер буферлiк жүйелер деп аталады. Буферлiк жүйенiң құрамында протонның доноры және протонның акцепторы болады. Құрамына байланысты буферлiк жүйелер қышқылдық, негiздiк және амфолиттiк болып бөлiнедi.
Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикарбонатты буферлік жүйелер.
Негіздік буферлік жүйе әлсіз негізден (акцептор) және осы негiздiң катионы (донор) бар тұздан тұрады. Мысалы, аммиакты буферлік жүйе.
NH4OH – протонның акцепторы;
NH4+ – протонның доноры.
Буферлер құрамына қарай үшке бөлінеді: амфолиттік, негіздік, қышқылдық. Күштi қышқыл немесе сiлтi қосқанда буферлiк жүйелердегi сутегi иондары концентрациясының өзгермеуi олардың негiзгi қасиетi болып табылады. Күштi қышқыл қосқанда сутегi иондары буферлiк жүйедегi протонның акцепторымен әрекеттеседi, соның нәтижесiнде сутегi иондарының концентрациясы өзгермейдi. Сiлтi қосқанда гидроксид–иондар буферлiк жүйедегi протонның донорымен әрекеттеседi, сол себептi рН өзгермейдi.
Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Электролит ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.
Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді, ол таза металдар, хлор, күшті сілтілер алуда кеңінен қолданылады. Диссоциациялану дәрежесіне қарай Электролит әлсіз (3%-ға дейін) және күшті (30%-дан артық) болып екі негізгі топқа бөлінеді.
Әлсіз электролит. диссоциацияланған ерітінділерде иондарға жартылай ыдырайды (қ. Электролиттік диссоциация). Әлсіз Э-ге көптеген органик. қышқылдар, негіздер, сондай-ақ кейбір бейорганик. қышқылдар мен негіздер (мысалы., H2S, H2SO3, HCN, NH4OH) жатады.
Күшті Электролиттик ерітінділерде түгелдей ионға ыдырайды. Барлық тұздар, көптеген органик. және бейорганик. қышқылдар мен негіздер күшті Э-ге (HCl, HBr, HІ, HNO3, H2SO4, LіOH, NaOH, KOH) жатады. Ғылым мен техникада Элертролиттердин маңызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлық сұйықтар Электролиттер. болып саналады.
Бейэлектролиттер – ерітінділері электр тогын өткізбейтін, ерігенде иондарға ыдырамайтын полюссіз байланысы бар бейорганикалық және органикалық қосылыстар. Мыс., оттек, азот, қант, эфир, спирт, глицерин, т.б. Ерітінді қасиеті құрамындағы жекеленген бөліктердің қасиетінен өзгеше болады. Ерітіндіні сипаттайтын қасиеттерге: осмостық қысым, қату және қайнау температуралары, буқысымы, т.б. жатады. Бейэлектролиттердің сұйық ерітінділері мен заттардың газ күйінің арасында ұқсастық барын алғаш рет голланд ғалымы Я. Вант-Гофф байқаған (1887). Ол газ күйге арналған теңдеуін ерітінділер үшін де қолданған. Бейэлектролиттердің қату және қайнау температураларындағы өзгеріс Рауль заңымен сипатталады.
Дескриптор:
- Буферлік ерітінділермен танысады.
- Электролиттермен танысады.
- Электролиттердің түрлерімен танысады
- Ле – Шателье принципімен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |