Сабақта қолданылатын көрнекіліктер Сабаққа қатысты тұсаукесер, А4 форматындағы қағаздар, постерлер



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі75,92 Kb.
#128804
түріСабақ
  1   2   3

Сыныбы:

3 «Б»

Сынып сағатының тақырыбы

«Отан деп соқсын жүрегің»

Өтетін күні

13.11.2023ж

Мақсаты

Балалардың “Отан”, “махаббат” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жаңаны ұғыну мен тіл байлығын дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту.
Шын жүректен Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Құндылыққа баулу

- Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру. - Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. - Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту:

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

Сабаққа қатысты тұсаукесер, А4 форматындағы қағаздар, постерлер




Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру



Ойтастау.
- Кәне, балалар Отан деген не?
- (оқушылар жауап береді)

- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- (оқушылар жауап береді)

- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.


«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.


- Балалар, әріптерді орнына қойғанда шаршының ішінде қандай сөз шықты?
Оқушылар: Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан деп соқсын жүрегің!»



Мұғалімнің берілген сұрақтарына былай жауап беруі мүмкін:


- (мұғалімнің сөзі)
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- (мұғалімнің сөзі)
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
«Адасқан әріптер» ойыны арқылы оқушылар тақырыпты табады.



Постер

Сұрақтар



Сөздер жазылған парақтар



Сабақтың басы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.


- Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.


- Ал сабағымызды бастамас бұрын, барлығымыз шеңберге тұрып, көңілімізді көтеру үшін бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет