1. Шартты бағыныңқы СбҚС (СПП условия) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді.(Подчинительная часть содержит указание на условие, от которого зависит осуществление действия в главной части) Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? не етпей? қайтпей? қайтпейінше? не етпейінше? т.б.
Шартты бағыныңқының жұрнақтары (суффиксы придаточного условия) : са, се, май, мей, пай, пей, бай, бей, майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше ғанда, генде, қанда, кенде.
Мысалы: Жауын жауса, үйде отырамын. Мен саған айтпасам да, сен білесің. Бірлік болмай, тірлік болмас. Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді. Сабақ оқымай, бес алмайсың. Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.
2. Қарсылықты бағыныңқы СбҚС (СПП противительные) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.
(Главное и подчинительное предложения противопоставлены
друг другу)
Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? не етпестен? не істесе де? не етпейінше? т.б.
Жұрнақтары мен шылаулары (суффиксы и частицы): са да, се де, ғанмен, генмен, қанмен, кенмен, а-е-й + тұра, тұрып,ғанына- геніне-қанына-кеніне+қарамай, қарамастан, ғаны-гені-қаны-кені + болмаса, ғанша, генше, қанша, кенше Мысалы: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Марат кешірім сұрағанын біле тұра, ол райынан қайтпады. Ахмет аяғы үсігеніне қарамастан, күндіз-түні еңбектеді. Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
3. Себеп бағыныңқы СбҚС (СПП причины) Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.
(Придаточная часть объясняет причину или указывает обоснование действия, о котором говорится в главной части) Сұрақтары: неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не себептен? не деп? неге?
Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):
ғандықтан, гендіктен, қандықтан, кендіктен, ып, іп, п, а, е, й, ғаны-гені-қаны-кені +үшін,ма-ме-па-пе-ба-бе +й, 3 шақтағы етістік +деп, ған-ген-қан-кен +соң
Мысалы: Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық, Құнанбай жайлауға көшкен соң, қалғандары да жинала бастады. Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық. Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетті.