1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
1.5.2.2 «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Писихологиялық дайындық
Ортасы
Соңы
Кіріспе тапсырма.
Математикада “=” таңбасы мәні бірдей өрнектердің немесе сандардың арасында қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады.
Оны қалай жазуға болады?
Тепе-теңдік математикада “теңдік” деп аталады. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3=3 түрінде жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады.
Енді таразының бір табақшасына үш монета салайық. Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының екінші табақшасына салғызу. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қою:
— Сендер не байқадыңдар?
— Таразы басы тең бе?
— Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?
— Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады?
Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын хабарлау. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3≠5 және
“3 тең емес 5-ке” деп оқылады.