Сабақтың мақсаты: Білімділік: люминесценция, оның түрлері бойынша түсінік беру. Дамытушылық



Дата06.01.2022
өлшемі23,73 Kb.
#12994
түріСабақ

Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі

«Бекітемін»

Колледж әдіскері

_____________ Бикешева С.С.

«___» ____________ 20__ж.
Топ: УФДК-401

Күні: ________

Пәні: Оптика

Тақырыбы: Люминесценция түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: люминесценция, оның түрлері бойынша түсінік беру.

Дамытушылық: дидактикалық әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру. 

Тәрбиелік: студенттерді ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнектілігі: формулалар, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттерді түгелдеу. Зейіндерін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Жылулық сәулелену деген не?

  • Жылулық сәулеленудің негізгі қасиеттері қандай?

  • Интегралдық энергетикалық жарқыраудың анықтамасын тұжырымда.

  • Абсолют қара дене деген не?

  • Стефан-Больцман заңын тұжырымдап, жазып беріңдер.

  • Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің жиілікке тәуелділік графиктерін салыңдар.

  • Винн заңын айтып беріңдер.

  • Бір кванттың энергиясы неге тең?


ІІІ Жаңа сабақты меңгерту:

Люминесценция деп берілген температурада жылулық сәулелер шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе-тең емес сәулелерді айтады.



Люминесценция түрлері:

  • Катодолюминесценция:

  • Электролюминесценция;

  • Хемилюминесценция;

  • Фотолюминесценция;

 

Жарық шығару ұзақтығына қарай:

  • Флуоресцеция;

  • Фосфоресценция деп бөлінеді. 

Стокс ережесі:

Люминесценциялық сәулеленудің толқын ұзындығы әрқашан оны тудырған жарық толқынының ұзындығынан артық болатынын тағайындады.

Фотоэффект дер түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект құбылысын тәіжрибе жүзінде зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов.



Г.Герц пен А.Г. Столетов тәжірибесі

Потенциометрдің көмегімен анод пен катодтың арасындағы кернеуді өзгерте отырып, фототоктың кернеуге тәуелділігін, яғни фотоэффектінің воль-амперлік сипаттамасын алуға болады.



Фотоэффект заңдары:

  1. Фотоэлектрондардың макимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.

  2. Қанығу фототок күші түскен жарықтың интенсивтігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.

  3. Әрбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік бар.


ІV. Сабақты бекіту:

Люминесценция түрлері


V.Сабақты қорытындылау, студенттерді бағалау:

1) сабақтың қорытындысын айту;



2) белсенді студенттерді айту;

3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын студенттерге ұсыныстар жасау.



VІ. Үйге тапсырма: Люминесценция түрлері


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет