Сабақтың тақырыбы : Ақыл-ой тәрбиесінің теориялык негiздерi



бет1/2
Дата14.02.2023
өлшемі19,44 Kb.
#67785
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
САБАҚ ЖОСПАРЫ ЕРТЕ ЖӘНЕ МЕКТЕП 13.02.2023Ж


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Ақыл-ой тәрбиесінің теориялык негiздерi.
13.02.2023ж
Модуль /пән атауы: Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Дайындаған педагог: Тәттібай Ұлтуар
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 2-курс,2022-2023 оқу жылы, МДТ 21-9
Мамандық:01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілік: 3S01120101 «Тәрбиешінің көмекшісі»
Сабақ түрі
: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады. (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Сәбет Бап – Баба. Жалпы психология .А. 2003 ж. 84 – 107 бет./
3.2 Техникалық құралдар, материалдар:
ноутбук, интерактивті тақта, презентация,бейнекөрсетілім, кесте, карта.
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттермен сәлемдесіп, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, «5Т» ережесін (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) еске түсіру, сабақтың мақсат – міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру..


1.Жаңа сабақ
Жоспар
Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады. (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың ажары-көркі. Оны халқымыздың: «Ақыл азбайды, білім тозбайды» – деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет», – десе, «Білімді болу деген сөз, – ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады»- деп түсіндірген.
С.Торайғыров, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» – дегеніндей қазақ халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауатты, білімді және мәдениетті болуын аңсаған.
«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп» (халықтікі).
«Білім мақсат емес, қару» – деп орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет екенін ұмытпауымыз керек.
Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық», – десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам – өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған»-дейді.
Ендігі жерде «Ой», «Ойлау» ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Филисофиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірде, қарама-қайшылықта берілген.
«Бой жетпеген жерге ой жетеді,
қыран жетпеген жерге қиял жетеді» – деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, жастарды ойлай білуге, дұрыс ойлауға ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, баланың ой-өрісін дамытуда, ең алдымен айналадағы қоршаған дүниені-табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастағаны жөн». Бұл үрдіс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бұл бағытта отбасы, бала-бақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі ерекше. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады.
Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар бойы жасап келен ұшаң-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.
Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді – ретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс» – деген анықтама беріледі.
Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдауымен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
«Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нәтижесі».
«Ойлау – мидың желісі».
Ми жануарларда да бар. Одан адам миынан ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым-қатынасы бар. Яғни, ойлау – қарым-қатынас нәтижесі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлау білуге ұйрету, дағдыландырулары қажет.
Ой-танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісімен өзара байланысы танып біледі.
Ойлау – дүние құбылыстары мен заттарын олардың әртүрлі байланысы мен қатынастарында танып білу. Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастың т.б. тәрізді категориясы адам тәрбиесінде танылып, белгілі тілдік формалар мен аталып отырады».
Қорыта айтқанда «ақыл-ой дегеніміз адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті».
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты қандай?
1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.
2. Адамзат жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.
3. Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы: «Әртүрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себебтерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек»,- дейді.
«Ақыл енбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз…
Ақыл – мизам, өлшеу қыл», – дейді.
Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет деп сипаттайды Абай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет