Сабақтың тақырыбы : Тірек қимыл жүйесі. Жүйке жүйесі. Грамматиканы қайталау. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы


тапсырма. «Ел» сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде



бет2/4
Дата19.09.2022
өлшемі33,03 Kb.
#39451
түріСабақ
1   2   3   4
5 тапсырма. «Ел» сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде


6 тапсырма. Денсаулыққа зиянды әдеттердің тізімін жасаңыздар.
Мысалы:
1. Уақытында тамақтанбау
2.Үнемі компьютердің алдында отыру.
3.


7 тапсырма. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты щ, ф, в, х әріптері бар сөздерді теріп жазып, олардың емлесін есте сақтаңыздар.

8 –жаттығу Тиісті жалғауларды жалғаңыз.
Мен мұғалім... , сен дәрігер..., сіз озат студент..., ол жақсы әріптес..., біз
еңбекқор құрылысшылар..., сендер тәжірибелі спортшы..., сіздер білікті
маман..., олар атақты ғалымдар... .

Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
(Прямое и переносное значения слов)
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. (Прямое значение — это первоначальное значение слова, которое является основным наименованием определенного предмета, признака или действия)
тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді. (Переносное значение — это вторичный подтекст, возникший на основе прямого. По смыслу связано с прямым и мотивировано им)

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.


Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағынасы  деп аталады. 
Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады.
Мысалы, аспан, жер, жел, орман, бұлт дегендер заттарды атаса, 
биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, ал бару, салу, оқу дегендер қимылды атайды.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағы-
насын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып, қолданудан барып
туады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука) – мой 
помощник, қолы жеңіл (легкая рука) – удачное начало. 
2-тапсырма. Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағы-
насына қарай бөліп жазыңыз.
Алтын сағат, алтын ғасыр, алтын астық.
Терең көл, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.
Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.
Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.
Өткір ой, өткір мінез, өткір көз, өткір пышақ.
Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.
Ауыр мінез, ауыр тас, ауыр сөз.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз, қандай мағынада қолданылғанын табыңыз.
1. Отан оттан да ..... 
2. Піл көтермегенді, ..... көтереді. 
3. Көп сөз – ... , аз сөз –..... . 
4. Тіл пышақтан да ..... . 
5. От шаласынан, сөз шаласы....... 
6. ...... тасты да уатады.

Керекті сөздер: 


жаман, ыстық, алтын, уақыт, тіл, көмір, өткір.

4-тапсырма.
Берілген сөз тіркестерінің қайсысы тура мағынада, қайсысы ауыспалы мағы нада тұрғанын анықтап, екі бағанға бөліп жазыңыз
Айырмамыз, оның оң қолы қылыш ұстаған, бос емес. Ал менің оң қолым бос.
Ол Оспан батырдың оң қолы болған.
Дәрігерді адам жанының арашасы десек, медбике – оның оң қолы.
Соғыс кезінде оң қолы мен оң аяғынан жеңіл жараланып, бірнеше медальдармен марапатталған. 
Осы жекпе-жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып кеткен. 
Енді дәрігерлер оның оң қолына алаңдап отыр. 
Оң қолы саналған Олжастың қателескен кезі аз болған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет