Сабақтың тақырыбы Адамдар үнемі сауда жасады ма? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі33,56 Kb.
#82345
түріСабақ
  1   2

  1. сабақ




Ортақ тақырып:
Бөлімше:

Тағам мен сусын
1.1. Мен және менің отбасым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамдар үнемі сауда жасады ма?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.4 – тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • сауданың не екенін білетін болады;

  • тауарларды сату және сатып алудағы ақшаның рөлін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • тауарларды тікелей айырбастау мен сату және сатып алудың айырмашылығына талдау жасай алатын болады;

  • ақшаның неліктен пайда болғандығына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар:

  • сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай болатынын сызба бойынша түсіндіріп бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Тақтада «Қалаймын», «істей аламын», «қолымнан келеді»,
«істеймін» деген сөздер. Мұғалім оларға былайша түсіндірме береді:
«Қалаймын» – мен сендердің білімдерің мен түсініктеріңнің көлемінің ұлғаюын тілеймін.
«Істей аламын» – сабақта қателесу, күмәндану, кеңес алу мүмкін
болады.
«Қолымнан келеді» – біз сендермен оқып-үйренген материалды мәселелерді шешуде,
тапсырмаларды орындауда қолдана аламыз.
«Істеймін» – әрқайсысымыз өзімізге
«өткендегілер туралы қажетті мәліметтерді өзім іздеп, тауып, болашаққа болжам жасаймын» – деген нұсқау береміз.

– Қымбатты балалар! Мен сендерге сабаққа мынандай көңіл күймен келдім (күнді көрсетеді).


Ал сендердің көңіл күйлерің қалай?
Оны суреттердің бірін таңдау арқылы көрсетіңдер.
Ашық Бұлтты күн Жаңбырлы күн күн

Үй тапсырмасын тексеру



Көңіл күйлерін суреттердің
бірін таңдау арқылы көрсетеді.

Оқушылар «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?»


тақырыбына жазылған эссені оқиды.













ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру:
естігендерге өзінің көзқарасын

  • еліктіреді;

  • пайдалы;

  • қызығушылық танытамын;

  • қажет;

  • білдім және т.б. сияқты бір сөзбен білдіреді.

Мақсатты тұжырымдау:


Тақтада сабақтың тақырыбы
жазылған. «Адамдар үнемі сауда жасады ма?»


Мұғалім:
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта немен байланысты жұмыс істейміз?

  • сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз;

  • ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз.



Ұ. Оқушылар сабақ соңында жетуге тиісті мақсаттарды түсіндіреді:

  • сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз;

  • ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз.

ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.

Күн, бұлтты және жаңбырлы ауа райының суреттері

Ортасы

Мұғалім: – Осы сұрақтарға жауап беру үшін өткен уақытқа саяхат жасауымыз керек. Дайынсыңдар ма? Онда аттанайық. Оқулықтағы ежелгі адамдарға арналған бетті ашыңдар. Біз өткен уақытқа тап
болдық. Мыналар кімдер? (алғашқы қауым адамдары). Қалай
ойлайсыңдар, алғашқы қауым адамдарында ақша болған ба? Әрине, жоқ. Алғашқы қауым адамдары үңгірлерде тұрды, аң

Сұрақтарға жауап береді.




Оқулық







терілерін киді, табиғаттың бергенімен қоректенді.
Уақытпен тағы да мыңдаған
жылдарға қозғалайық. Адамдар енді өздеріне қажетті өсімдіктерді
өсіріп, кейбір аңдарды қолға үйретіп үй жануарларына
айналдырды, темірден құрал жасап, мата тоқуды және т.б. үйренді. Әр
істің шеберлері қажет болды. Кез келген адам өсімдік өсіріп, мата тоқып, аяқкиім тігіп және темірден құрал жасай алмады. Сол сияқты кез келген адамның қолынан үй салып, егін өсіру келмеді. Бұл
жұмыстарды адамдардың өзара бөлісіп атқаруы керек болды.
Біреулер аң аулады, кейбіреулер үй жануарларын өсірумен айналысса, енді тағы біреулері егін салды, темірден құралдар жасады т.б.
Мұндай қоғамда не байқалды?
Өз еңбектерінің артық өнімдері мен басқа адамдардың өнімдеріне
қажеттілік пайда болды. Адамдар енді не істеді?
Дұрыс, олар енді әртүрлі өнімдер мен тауарларды айырбастай
бастады, өйткені ол кезде ақша
болған жоқ. Олар айырбас жасады (сауда келісімі). Мысалы, жылқыны екі қап астыққа, арбаны қойға деген сияқты. Ондай айырбасқа мысалдар келтіріңдер.
















  • Ондай айырбас түрі бартер деп аталады. Бұл – бір тауарды

екіншісіне тікелей айырбастау болып табылады.

  • Бәрі де қарапайым әрі ыңғайлы секілді. Жақсы, екі адам бартер

жасады, ал егер мынандай жағдай болса ше?

Оқулықты ашып суретке қараңдар.


Қалай ойлайсыңдар, тауар айырбасы бола ма?

«Қойылым» тәсілі.


Тақтаға төрт оқушы шығады. Олардың қолдарында суреттер бар (қыш құмыра, астық қапшығы, мата, қой).

Оқулықты ашып, суретке қарап,ойларымен бөліседі.
Тақтаға төрт оқушы шығады. Олардың қолдарында суреттер бар (қыш құмыра, астық қапшығы, мата, қой).



  1. ші оқушы: Мен қыштан ыдыс жасаушымын, астық сатып алғым келеді.

  2. ші оқушы: Мен диқанмын, астық өсіремін. Маған қой керек.

  3. ші оқушы: Мен

тоқымашымын, мата тоқып, сатамын. Қыш құмыра сатып алғым келеді.

  1. ші оқушы: Мен малшымын, қой мен ешкі өсіремін, өзіме киім тігу үшін мата сатып алуым керек.




Оқулық
Суреттер (қыш, құмыра, астық, бір қапшық астық, мата, қой)







Мұғалім:
Айырбас жасала ма?
Мұндай жағдайдан шығудың қандай жолын ұсынасыңдар?
– Бұл екі адамның арасындағы бартерден көп уақыт алатынын байқадыңдар. Көп адамдар арасында бартер жасау одан да қиынырақ. Ал енді тіршілікке
қажетті барлық заттарды: киімді де, аяқкиімді де, тамақты да
айырбастап алу керек болды. Бұл күрделі жағдай. Бұдан гөрі
айырбастың сатып алу, сату деп аталатын басқаша түрі айтарлықтай ыңғайлы болады.
Сатып алу-сату – ақшамен жасалатын айырбас түрі.
Сызба бойынша сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай
жүретінін түсіндіріңдер.
– Сауда – тауарды ақшаға айырбастау болып табылады.
Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіріңдер.
Сауда былай жүреді: алдымен өз тауарларыңды сатасыңдар, яғни оны ақшаға айырбастайсыңдар, ал түскен ақшаға өздеріңе қажетті заттарды: азық-түлік, киім т.б. заттарды сатып аласыңдар.

Оқушылар күрделі мәселені шешуге кіріседі.

Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіреді.






Оқулық








Сонымен, балалар, сабақта не оқып- үйренгенімізді қайталайық:

  • Айырбастың қандай түрлері

болады? (бартер және сатып алу- сату).

  • Ақшаны қандай тауарларға айырбастауға болады? Қандай

қызмет түрлеріне төлеуге болады?

Оқушы дәптерімен жұмыс. А. Сөз қос:


Айырбасқа немесе сату үшін өндірілетін өнім
Тауарды сатып алу мен сатуда қажетті құрал –


Мұғалім:

  • Көптеген адамдар ақшаны ненің есебінен алады?



Мұғалім:

  • Адам тапқан ақшасына не сатып алады?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет