Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқы



бет1/5
Дата22.04.2023
өлшемі1,11 Mb.
#85679
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану


Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:
3. Менің отбасым және достарым
Бөлімше: 3.5. Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм







Күні:


Сынып: 2



Мұғалімнің аты-жөні: Жусипова Меруерт Досболовна
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан халқы




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.​3.​5.​3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру




Сабақ мақсаттары

  1. Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіреді.

  2. Қазақстан – көпұлтты мемлекет екенін әңгімелейді.

  3. «1 мамыр – Халықтар достығы мерекесі» туралы бейнефильм арқылы пікір білдіреді.




Бағалау критерийлері

Халықтар достығының маңыздылығы туралы әңгімелейді.








Сабақ барысы









Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет






Сабақтың басы


3 мин


1 мин


2 мин
2 мин

2 мин



(Ұ) Ширату «Сәлем! Привет! Ні!»
(әр ұлттың амандасуын көрсетеді)

  1. Қазақ (–Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкумассалам!)

  1. Орыс (–Привет!

-Привет!)

  1. Ағылшын (–Hello!

-Hello!)

  1. Жаңа Зеландия (Жаңа Зеландия елінде кез келген жан жасына, жынысына қарамастан, сәлем берген кезде мұрнымен бір-біріне амандасу керек.)

  2. Тибет (Тіл шығарып амандасу біреуге әбестік болып көрінсе, тіпті кейбір жан өмірімен қоштасып жатады. Ал бұл дәстүр – Тибет елінің бабадан келе жатқан жалғасы. Бұл дәстүр әлі де сақталып қалған.)

  3. Кения (Тайпа адамдары бірін-бірі көргенде билей бастайды екен. Би – сәлемдесу кұралы. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады.)

  4. Тайланд (Тайланд елінде амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады.)

  5. Жапония (Жапон халқы бір-бірін көрген кезде бастарын иеді.)






• Бүгінгі сабақта жақсы көңіл күймен мақсатымызға жетейік.
Сабақтың мақсатын таныстыру.
Олай болса, балалар, біз бүгін Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсініп, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауды үйренеміз.


(Ұ) (МК) «Болжау» стратегиясы. «Отан от басынан басталады» мақалы негізінде оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім тақтаға жазып тұрады. Бірлесіп қорытынды жасайды.


(Т) (С.«Қарқын») «Кім жылдам?» әдісі арқылы әр оқушы сабақтың мақсатын ашатын мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айтады.
І топ: Достық туралы мақал- мәтелдер:
«Құс қанатымен мықты, адам достарымен мықты».
ІІ топ: Бейбітшілік туралы мақал- мәтелдер:
«Тірліктің күші – бірлікте».
ІІІ топ: Татулық туралы мақал- мәтелдер:
«Ер татулығы – ел татулығы».


Достық- дружба- friendship


Дескриптор:
• Достық, бейбітшілік, татулық туралы мақал-мәтелдерді табады.
• Достық сөзінің мағынасын ажыратады.
• Бейбітшілік сөзінің мағынасын ажыратады.
• Татулық сөзінің мағынасын ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет