ІІІ бөлім
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Сабақтың тақырыбы:
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Зеріттеу сұрағы: Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Оқу мақсаты: 8.3.2.1- Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;
Бағалау критерийлері:
Негізгі шайқас ошақтарын білу, картасымен танысу.
Шайқастардың тарихи маңызын, оған қатысқан дивизиялар мен батырларды анықтайды.
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
1.Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандығы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Ақтөбе қаласында жасақталып (командирі А.Ф. Наумов), майданға жөнелтілді. Дивизия құрамы Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары азаматтарынан құралғанымен, көпшілігі ақтөбеліктер (6654 адам) болды. Дивизия қазан — қараша айларында Солтүстік-Батыс майданның 52-дербес армиясының құрамында Калуга облысы Малоярославец бағытында кескілескен ұрыстарға қатысып, неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дивизия бөлімдері көп шығынға ұшырап, 11 қазанда Мәскеу әскери округінің құрамына кірді. Кейіннен Батыс майданына қарасты 43-армияның құрамында болды. Батыс майданы қолбасшысының 23 қазандағы бұйрығы бойынша 312, 17, 58-атқыштар дивизиялары біріктіріліп, ол Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы деп аталды. Мәскеу түбіндегі ауыр ұрыстардан кейін бұл дивизия да басқа құрамалармен біріктіріліп, 1941 ж. 27 желтоқсаннан 53-дивизия деп аталды. Бұл дивизияның 12-атқыштар полкі қазақстандықтар болды. Ол Харьков түбіндегі шайқасқа, Днепрден өтуге, Украина, Румыния мен Венгрия жерлеріндегі шайқастарға қатысып, соғысты Австрия астанасы Венада аяқтады.