Сабақтың тақырыбы: Білімге үмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық


Ж,Мусин атындағы жоғарғы қазақ педагогикалық колледжі



бет2/3
Дата07.06.2023
өлшемі295,26 Kb.
#99506
түріСабақ
1   2   3
Ж,Мусин атындағы жоғарғы қазақ педагогикалық колледжі



Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Тақырыбы: Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Көңіл күйлерің қалай?

  • Дайындықтарың қалай?

  • Ендеше сабағымызды бастайық!

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушыларды түгендеу;

  • сабаққа даярлығын тексеру.



3. Миға шабуыл :
Балалар біздің еліміз қалай аталады?
- Мына суреттер бойынша кім әңгімелеп бере алады?
( елтаңба, ту, елорда туралы балалар білетіндерін айтады, мұғалім толықтырады.)
- Кәне Отан, ел, туған жер туралы кім өлең оқып бере алады?

Мұғаліммен cәлемдеседі.

Сабаққа қатысып отырған оқушы саны туралы ақпарат береді.


Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды.

Бағалау парағы 6 балл





Сабақтың ортасы
15 мин

Жұмбақтар
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Бiлiмнiң жол басшысы,


Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,


Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)

Ұшымен қазық


Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,


Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)

Қысқа таяқ дiңi бар,


Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Тiл жоқ өзiнде,


Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,


Ақ қағазға құямын. (Сия)

Сағат сайын қағылады,


Тек мектептен табылады. (Қоңырау)

Бөлiнгендi табыстырып,


Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де. (Желiм)

Жұқа тақтай бөлшегi,


Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)

Мұғалімді тыңдайды.


Ақпарат тасымалдағыш-тарды дәптерге жазады

1-тапсырманы орындайды


Жұмбақтардың жауабын айтады


сабаққа белсенді қатысады

Бағалау парағы


6 балл

Оқулық
Жұмыс дәптері





5 мин

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)

гимнды орындайды




интерактивті тақта
колонка

10 мин

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

дәптерге берілген ақпаратты жазып алады




жұмыс дәптері

5 мин

Отан сөзіне ассоциация

кластер арқылы ассоциацияларын жазады









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет