Сабақтың тақырыбы: Деректерді кеңейтілген сүзгі арқылы іріктеу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#138323
түріСабақ
  1   2

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Деректерді кеңейтілген сүзгі арқылы іріктеу

Педагогтың аты-жөні

Атеева Н

Күні

12.12.23ж

Сынып 9

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Деректерді кеңейтілген сүзгі арқылы іріктеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



9.2.2.2- электронды кестеде деректер базасын құру;
9.2.2.3- мәліметтерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге
асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Кеңейтілген сүзгі ұғымымен танысу.

Көптеген оқушылар:

Кеңейтілген сүзгінің мүмкіндіктерін анықтау

Кейбір оқушылар:

Кеңейтілген сүзгіні қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой сергіту жаттығуы: «Пойыз»
Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп
саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі
рет аяғымен топылдату. Екінші қадам - екі шапалақ, бір
топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші -
екінші - бірінші - екінші және т. с. с шеңбер бойынша:
пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын
барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.
Үй тапсырмасы: «Бір минуттық әңгіме» тәсілі
Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып,
жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы
әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту
мақсатында өз ойларымен бөліседі.
Ауызша мадақтау, ынталандыру.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.





Сабақтың ортасы

Миға шабуыл сұрақтары
 Күнделікті өзіңе таныс деректерді бірнеше шарттар
бойынша іріктеу жайлы қандай мысалдар айта аласың?
 Үлкен көлемді деректерді бірнеше шарттар арқылы
қалай іріктеуге болады?
Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға
жеке, топта, ұжымда жауап береді.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Мәліметтер қоры үшін ақпарат іздеуді үйрету.

Интернеттен ақпаратты қалай іздеу керектігін көрсету,


бірлесе орындау.
Компьютермен жұмыс
Excel-де кеңейтілген сүзгілеуді практикалық тұрғыдан
орындап, география пәнінде алған білімдеріңді өңдеуді
үйрену үшін «Дүниежүзінің көлдері» тақырыбындағы
дүниежүзіндегі кейбір көлдер жайлы дерекқорды
қарастырайық (1-кесте).
1-тапсырма: Кеңейтілген сүзгілеуді қолданып, берілген
көлдердің тек Азия құрлығында орналасқанын іріктеңдер.
Іріктелген көлдерді басқа кестеге орналастыр. Бұл
тапсырманы орындау үшін төмендегі алгоритмдерді
орындаймыз.
1. 1-кестедегі деректерді Excel программасында теріп,
оны өз қалауымыз бойынша форматтаймыз.

Дайындаған негізгі кестемізден тек Азия
құрлығында орналасқан көлдерді іріктеу үшін
қарастырылған кестенің тақырыбын және іріктейтін
құрлықтың атауын орналастырамыз (2-сурет, 2 -
кесте).
2. Тінтуірмен 2-суретте берілген 1-кестедегі
«Құрлық атауы» өрісінің Азия жазбасын шертеміз.
3. Деректер - Сүзгі -Қосымша ( Данные - Фильтр -
Дополнительный командаларын орындасақ 1-
суреттегі кеңейтілген сүзгінің диалогтік терезесі
пайда болады. Енді тиісті деректер ауқымын
көрсетсек жеткілікті.
4. Скопировать результат в другое место (сүзгі
нәтижесін басқа жерге орналастыру) қатарына белгі
соғамыз. Сонда сүзгіден алынған деректерді жаңа
кестеге орналастыруға болады.
5. 2-суретте берілген 1-кестедегі сүзгіден өтетін
бастапқы деректер ауқымын тақырыбымен бірге
ерекшелеп, Исходный диапазон жолағына
орналастырамыз.
6. 2-суретте берілген 2-кестедегі сүзгі белгіленген
өрісті тақырыбымен қоса ерекшелейміз.
Іріктелген нәтижелерді жазатын ауқымды
Поместить результат в диапозон командасы
арқылы орналастырамыз.
Дескриптор
Кестеге мәліметтерді енгізіп дерекқорын жасайды.
Дерекқорын сүзгіден өткізеді.
Топтық жұмыс:
Дерекқордағы деректерді өңдеуде сұрыптау мен сүзгіден
өткізу қызметтерін салыстыра отырып олардың маңызын
бағалаңдар. Бұл қызмет түрлерін деректерді өңдеуде
қолдану қандай артықшылықтар береді? Топтық пікірталас
жасап, талқылаңдар.
Дескриптор
Сұрыптау, сүзгілеудің маңыздылығын тұжырымдайды.
Оқушылардың жұмыстарын кесте ұяшықтарын бояу
арқылы бағалау.


Мұғалімді тыңдайды



Оқулық



Bilimland.kz
Компьютер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет