Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата15.02.2023
өлшемі58,67 Kb.
#68191
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мектеп:

№1 Марқакөл орта мектебі

Күні:




Мұғалімнің аты:

Шаяхметова Гаухар Мамыровна

Сынып:

9

Қатысқандар/қатыспағандар:




Пәні:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаты:

«Ұлпан» романынан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Тілдік мақсат:

Роман

Құндылықтарға баулу:

Тарихтың мәдениет пен тілдің бір тұтастығы
(құрмет)



Алдыңғы оқу

«Ұлпан» романының тақырыбы мен идеясын, композициялық құрылымын біледі



Пәнаралық байланыс

Тарих

Саралау әдістері

Барлық оқушылар орындай алады:

Романнан алған үзінділермен берілген шығармашылық жұмыстарды орындауға талпынады





Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Романнан алған үзінділерді шығармашылық жұмыста орындай алады



Кейбір оқушылар орындай алады:
Романнан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда өмірмен байланыстыра алады



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырмалар

Мақсаты

Бағалау

Ресурстар

3мин



Басы

Ұйымдастыру кезеңі




Топқа бөлу

  1. «Сара» тобы

  2. «Ұлпан» тобы

  3. «Ұлжан» тобы

Оқушылар «Сара», «Ұлпан», «Ұлжан» есімдері жазылған кеспе қағаздарды қолына түскенін алып, 3 топқа бірігеді. Топтардың бұлай аталу себебін, бұл әйел аналардың есімдерінің маңыздылығын түсіндіруді мұғалім топтардан сұрайды.



Оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға шақыру




Үлестірме қағаздары

Интерактивті тақта





5 мин


Қызығушылықты ояту



Қызығушылықты ояту
«Сәлемдеме» әдісі.
Оралған қағаздың ішінде сыйлық жасырулы тұрады. Сол сыйлықты алу үшін оқушылар әр орамдағы сұрақтарға жауап беруі тиіс.
1.Ұлпан бейнесін қалай елестетесің?
2. Роман ішінде қандай салт-дәстүрлер кездеседі, қәзіргі таңдағы көрінісі
3. Тарихи оқиғалар, қаншалықты шынайы берілген?

Роман желісін еске түсіру, шығармашылық жұмысқа бейімдеу



Мұғалімнің ауызша кері байланысы.



А-4 қағазы
Кеңсе заттары



15 мин




Ортасы

Топтық жұмыс
1-тапсырма
Әр топқа романнан үзіндіні қолдана отырып фанфик бағыттарының тапсырмаларын орындайды.
Фанфик бағыттары:
1.Шығармадан тыс қалған көрініс.
Осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін?
2. Жалғасы
Шығарма кейіпкерлерінің тағдырын әрі қарай қалай болуы мүмкін?
3.Фокусты ауыстыру.
Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?
4.Моральдық қайта бағдарлау.
Жағымды кейіпкерді, жағымсыз кейіпкерге айналдыру немесе керісінше.
5.Жанрлық трансформация.
Берілген үзіндідегі негативті, позитивке айналдыру



Шығармадан алған үзінділерді оқушылар креативті қолдана алу

Бағалау критерийі:
Үзіндіні пайдаланып, фанфик бағыттарының тапсырмаларын орындайды
Дескриптор:
1. Роман үзіндісін негізге ала отырып, жалғасын ойлап табады
2. Үзіндідегі кейіпкерді орнын анықтайды
3. Үзіндідегі көңілсіз оқиғаны,
көңілдіге айналдырады
ҚБ
«120 секунд»
120 секунд ішінде әр топ тапсырманы толықтай қорытындылайды




Интерактивті тақта,
А-3 қағазы


7 мин



Жұптық жұмыс
«Қарама-қарсы дискуссия» әдісі


  • Ұлпан мен Есенейдің кездесуінен қарама-қайшылықтарды табады.

  • Түрікпен Мүсіреп мінезінің жақсы және осал тұстары талқыланады.

  • Шынар бейнесі бойынша қарама-қарсы ой талқыланады.

  • Оқушылар жұптасып дәлелдемелер теріп жазады.

  • Қарама-қарсы қойылған мәселеге жауап іздейді.




Берілген тапсырмалар топтамасынан әр жұп өздеріне тақырып таңдап алып,
орындайды



Бағалау критерийі:
Оқушылар берілген үзіндіден қарама-қайшылықтарды табады
Дескриптор:
1.Үзіндідегі қарама-қайшылықтарды анықтайды;
2.Өз пікірін білдіре отырып, сөз жарыстырады
ҚБ
«1 минуттық рефлекция»

  • Осы тапсырмада сен үшін ең маңызды не болды?




Түрлі-түсті кеспе қағаздар

1 мин

Соңы
Үй тапсырмасы



«Ұлпан бейнесінің бүгінгі күнмен үндестігі», « Ел анасы Ұлпан» тақырыбының бірін таңдап эссе жазу





Эссе дәптері

2 мин

Кері байланыс

«3-2-1» стратегиясы
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпаратты ;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған екі аспекті;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Оқушылар
дың білімді меңгеру туралы ақпарат алу








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет