Сабақтың тақырыбы Ғаламның пайда болуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата22.01.2022
өлшемі26,3 Kb.
#24180
түріСабақ

Білім беру ұйымының атауы

№34 Қазақ орта мектебі

Сыныбы

8 «А»

Күні

07.12.2021

Пәні

Қазақ тілі

Педагогтің аты-жөні

Абдраухова.Ж.Ж

Бөлімі

Ғарышты игеру жетістіктері

Сабақтың тақырыбы

Ғаламның пайда болуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып,көтерілетін мәселені болжау;

8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннототация, тезис) жазу.

7.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздермен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

Көпшілік оқушылар үшін: мәтін желісін сақтап, жинақы мәтін жазады;



Кейбір оқушылар үшін: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, өз ойларын, көзқарасын білдіреді, жинақы мәтін жазады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негіз-делген экономикалық өсу құндылығын сақтау. Табиғат құндылықтарын сақтауға баулу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

7мин



Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Көңіл-күйлерін сұрау.


Қалыптастыру-шы бағалау. «Жарайсың!» деген сөзбен ынталандыру.

Суреттер,

оқулық, жұмыс дәптері.


Жаңа сабаққа кіріспе

15 мин



«Ой қозғау» әдісін пайдалану арқылы оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Ғалам дегеніміз не?

2.Жұлдыздар жайлы не білесің?

3.Ғарыш туралы не айтар едің?

Тыңдалым айдары

.Мәтін оқылады. Мәтін бойынша өз бетімен жинақы мәтін жазады.



Сұрақтарға жауап беру.

Мәтіндегі материалдар бойынша өз беттерімен жинақы мәтін жазу.



Дескриптор:

-Көтерілетін мәселені болжайды.

-Мәтіндердің стилін ажыратады.

-Мәтін желісін сақтап жинақы мәтін жазады.




Оқулық, жұмыс дәптері, Тыңдалым мәтіні

Сабақтың ортасы

20 мин


Жаңа тақырып түсіндіріледі.

Толық мағыналы, кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады.

Сөз тіркесінің негізгі белгілері:


  1. Сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

  2. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөзден тұрады;

  3. Белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

  4. Қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сөз тіркесі

еркін сөз тіркесі тұрақты сөз тіркесі

көрікті қыз таяқ тастам жер

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады.

Мысалы көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады:

көрікті адам, көрікті қыз, көрікті табиғат т.б.

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі:



  1. Жай тіркес 2. Күрделі тіркес

Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады.

Күрделі тіркес үш немесе одан да көп сөзден құралады.


Сәйкестендіру, Сөз тіркестерін ажырату жұмыстары жүргізілерді.



  1. Қыздың жиған жүгіндей


  2. Т,т
    Жарқыраған жұлдыз

  3. Он сегіз мың ғалам


  4. С.т
    Айы оңынан туды

  5. Ғаламның пайда болуы

  6. Ат тонын ала қашты

4-тапсырма. Мәтінді оқу. Ондағы тіркестерді ажырату.


Мысалдар

Жай тіркес

Күрделі тіркес

Спираль тәрізді галактика







Галактикалық дискі







Ортасында орналасты







Ғарыштың пайда болуы







Жұлдыз шоғырынан тұрады







Құс жолы галактикасы









Дескриптор:

-Сөз тіркестерін ажырата біледі;

-мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

-Сөз тіркестерін орынды пайдалана біледі.



Оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың соңы 3 мин

«Бір сөзбен» әдісі

Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.



Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.




Парақшалар.

Үйге тапсырма: Ережелерді жаттау. 5- тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет