Сабақтың тақырыбы: «Жусан иісі»



бет1/4
Дата19.09.2022
өлшемі27,44 Kb.
#39464
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: «Жусан иісі» повесіндегі Аян бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Аян бейнесінің толық ашылуын оқушы санасына сіңіріп, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат екенін таныту.
Міндеттері:
Білімділік- өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту,
шығарма тақырыбын ашу, идеясын анықтау.
Дамытушылық- оқушының танымдылығын арттыру, ойлау шеберлігін
жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік- шығарма мазмұны арқылы ата- ананы қадірлейтін, «жетім
көрсе жебеп жүретін», адал дос бола алатын, ұлттық рухы жоғары
азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрібілімді жинақтау, қорыту.
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, бейнебаян
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгелдеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
«Досыңды бағала» /мен қандаймын, досым қандай/
ІІ. Үй тапсырмасы.



  1. Әңгіме желісіне орай жоспар құру

Соғыс зардабы
Аянға келген қаралы қағаз
Аянның қорадағы кейпі
Аянның балалар үйіне кетуі
Аянды еске алу. /Аян болып баяндау/

  1. «Балалық шаққа саяхат» Балалық шағыңыздан жақсы есте сақталып қалған оқиға.

  • -Сіздер өз балалық шақтарыңызды еске түсірдіңіздер. Барлығы да қуанышты, күлкілі болды. Ал бүгінгі әңгімедегі Аянның өмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар.

ІІІ. Жаңа сабақ.
ақылды жақсы жолдас
АЯН
зерек төзімді қарапайым



  1. Әңгімеде қай кездегі оқиға суреттелген?

  2. Аянның достарымен қоштасар кездегі көңіл- күйі қандай болды?

  3. Әңгімеге өзің қандай ат қоясың?

  4. Аянның шыдамдылығы туралы не айтуға болады?

  5. Аянның өмірін жазып, сонымен бірге жүрген, қиналғанда достық көмегін ұсынған кім деп ойлайсыздар?

  • Аянның ертегі айтатындығы жазушы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ Аянның прототипі бар. Ол- ауылда тобығы тайғандықтан аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. Ал жусан- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның барлық жерінде – шөл- шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі- дермененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Жусанның иісін «қазақтың иісі» деп те атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет