Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары тұмау, өкпе туберкулезі-ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы-туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигенасы. Жасанды тыныс алдыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың белгілері мен сақтандыру шаралары туралы түсінік беру. Тынысалу гигиенасы және жасанды тыныс алдыру техникаларымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік: Денсаулығын сақтауда жинақылыққа, зейінділікке үйрету. Санитарлық-гигиеналық талаптарға,денесін жетілдіруге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, кері байланыс, топпен жұмыс,тест тапсырмалары.
Көрнекілік: «Тыныс алу мүшелер жүйесі» кестесі,интерактивті тақта,слайд, видеоролик, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, медицина, бейнелеу, салауаттану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.(3 мин)
- Сәлеметсіздерме, оқушылар. Бүгін сыныпта кезекші кім? Сабақта жоқ оқушыларды айта қойыңыз. Отырыңыздар! (оқушылар мұғаліммен амандасады.)
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын видеоролик көрсетемін
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(8 мин.)
1.Оқушыларға сұрақ (слайдпен)
1. Өкпе дененің қай жерінде орналасқан?
2. Сол жақ өкпе мен оң жақ өкпенің қандай айырмашылығы бар?
3. Плевра дегеніміз не? Ол қайда болады?
4. Тыныс алғанда қандай бұлшықеттер қатысады?
5. Тынысалу қозғалыстары дегеніміз не? Кеуде қуысы мен өкпенің көлемі қай кезде кеңейіп, қай кезде тарылады? Себебін түсіндіріңіздер?
6. Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасудың айырмашылығын салыстырыңдар.
8. Тыныс алу мен тыныс шығарғандағы болатын өзгерістер қандай?
9. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не?
10.Тынысалудың реттелуі
11. Жасанды тыныс алдыру жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |