Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі (Оқулық бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.) Оқу мақсат



Дата15.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#25539
түріСабақ



Мұғалімнің аты-жөні:

Нурибаева Айданай

Пән/Сынып:

3-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-апта 78- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Өнер

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің тәуелденуі (Оқулық бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)

Оқу мақсат

3.2.6.1.3 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін/стилін (көркем мəтін, ғылыми-танымдық мəтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.2. тәуелдік жалғауларының қолданысын білу.
























Бағалау критерийі:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі.



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және қатемен жұмыс жасау арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы



Кезеңдері

Ұйымдастыру

Алдыңғы оқу

«Серпілген сұрақ»


Жаңа сабақ

«Суретті әңгімеле"


Тапсырма

Бағалау

Ресурстар

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сабағымызды бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңін өткіземіз!

(Барлығы бірге айтады)

«Топқа бөлу»

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Өнер бөлімі бойынша топқа бөлінеміз. Өнер-адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік тұрғыдан игеру.Өнердің көптеген түрлері бар. Сол өнер түрлеріне байланысты 3 топқа бөлінеміз!

1-топ: «Би өнері»

2-топ: «Ән-күй өнері»

3-топ: «Қолөнер»

Үйге тапсырмаға қандай жаттығу берілді?

Жаттығуды не істеу керек?

Жазған сөйлемдерімізді оқиық.

Тәуелдік жалғаулы зат есімдерді табайық.

45-жаттығу. Берілген мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Тәуелдік жалғаулардың астын сыз.

Ақши-Әминаның ауылы. Ауылда ши өседі. Әмина бір бума ши әкелді. Шешесі одан ши тоқыды. Ши тоқу өнер.



Дескриптор:

Тиісті тыныс белгілерін қояды.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

Тәуелдік жалғауларының астын сызады.


Алдыңғы сабақта біз қандай тақырып өткен едік?

Ережесін есімізге түсірейік! (Жарайсыңдар!)


Бүгінгі сабақта біздер Зат есімнің тәуелденуі тақрыбы бойынша алған білімімізді жалғастырамыз.

Барлығымыз тақтара қарайық не бейнеленген? (ою-өрнек) Дұрыс айтасыңдар ою-өрнек.
Ою-өрнек тақырыбы бойынша мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берейік.

1)Төмендегі тақырыптардың қайсысы мәтін мазмұнына сай келеді?

(Қазақ ою-өрнегінің тарихы)

2) Неліктен қошқармүйіз және түйетабан деп атаған?

Дескриптор:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ою-өрнек түрлерін ажырата алады.


Смайлик арқылы

Смайлик арқылы



Смайлик арқылы

Презентация № 1






Тақтамен жұмыс

Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жазамыз.Менің алдымда тәуелдік жалғаулар 3жақта жекеше және көпше түрде жазылған қағаздар бар. Сол қағазды ретімен тақтаға іліп, Өрнек сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазамыз. (2оқушы тақтаға жазады)

Қалғандарымыз дәптерге көшіреміз!



Жақ

Жекеше

Көпше

І жақ

өрнегім

өрнегіміз

ІІ жақ

өрнегің

өрнегіңіз



өрнектерің

өрнектеріңіз



ІІІ жақ

өрнегі

өрнектері

«Өрнек» сөзін 3тілде айту

Дескриптор:

«Өрнек» сөзін 3жақта жекеше, көпше түрінде жаза алады.



«Өрнек» сөзін 3тілде айта алады.

Смайлик арқылы




Топтық жұмыс

«Кім тапқыр» (32-бет, 49-жаттығу)



Жеке жұмыс

«Семантикалық карта»

Оқулықтағы 49-жаттығуды орындайық.

Тапсырмасын кім оқиды?(1оқушы жұмбақты оқиды)

Жұмбақ жауабы не? Кім айтады?

Жұмбақтың ішінде тәуелденген сөздер бар ма? Қандай? (тарағым, орағым, сақалым)Жарайсыңдар!

Осы сөздерді 3 топқа бөліп берем. Осы сөздерді 3жақта жекеше және көпше түрде тәуелдеп жазамыз!
Тарағым бар-

Таранбаймын.



Орағым бар-

Ора алмаймын.



Сақалым бар,ал бірақ

Мен ақсақал бола алмаймын.

Шешуі (ешкі)

Дескриптор:

Жұмбақтың шешуін табады.

Тәуелденген сөздерді тауып, үш жақта жекеше , көпше түрде жазады.

Жек жұмысқа берілген сөздердің қай жақта қандай түрде тұрғанын анықтап қасына «+» таңбасын қойп кетеміз.



Дескриптор:

Сөздердің қай жақта қандай түрде тұрғанын анықтай алады.




Смайлик арқылы.

Смайлик арқылы



Презентация № 6



«Қорытынды»

«Тоқыма тор»




Сабағымызды қорытындылау үшін тоқыма торға зер салып қараймыз. Шебер тоқыма торды тоқыған кезде әртүрлі ағаштарды пайдаланды. Тиісті әріптерді қойсаң ол қолданған ағаш түрлерін оқисың. Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп айту.

Дескриптор:

Ағаш түрлерін таба алады.



Шырша, қайың, терек сөздерін тәуелдеп айта алады.

Смайлик арқылы



Бағалау

Орындаған тапсырмалар бойынша балаларды бағалау.

Бағалау критерийлерін ұсыну. Сабақта алған білімдерін бағалай алады

.

Смайлик арқылы бағалау






Үй жұмысы

48-жаттығу. 32-бет







Кері байланыс

«Бас бармақ»тәсілі







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет