Сайф сараи «Гүлістан бит-турки»



Дата19.04.2023
өлшемі16,84 Kb.
#84700
Байланысты:
фольклор гулистан


САЙФ САРАИ «Гүлістан бит-турки»
Алтын Орда дәуіріндегі тек ғашықтық дастандар ғана емес, сонымен бірге дидактикалық сарындағы көркем ту- ындылар да жазылғаны мәлім. Солардың бірі ақын Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки» яғни „Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны болды.Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі еді. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес ха- лықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде да- ми түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.Сайф Сараи шығармашылығын үзақ жылдар бойы зерт- теген көрнекті ғалым Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін қүраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді
Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол „Гулистан бит-турки» («Түркі тіліндегі Гүлстан») деп аталады. Ақын бүл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жа- зып бітірген екен. Бүл өзі парсы-тәжік әдебиетінің клас- сигі Сағди Ширазидің „Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы.
Бүл мәліметтерге қарағанда Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында „Гүлстанды» аударма жасап бітірген. Бүл — жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын „Гүлстанды» жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Де- мек, Сайф Сараи 1321 жылы туылған екен. Бүл кезде Ал- тын Орданы Өзбек хан билеп түр еді.
Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш- қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сарай қаласында болады. Ал, кейінірек хан үрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.
Сайф Сараи өзі үстаз тұтқан Сағди ақынның „Гүлста- нын» аудару барысында шығарманың композициялық қүрылысын бүзбай, сол күйінде сақтап қалуға әрекет жа- саған. Сондықтан парсы тіліндегі „Гүлстан» секілді қыпшақ тіліндегі С. Сараи аударған „Гүлстан бит-турк» те сегіз тараудан түрады. Олар:
Бірінші тарау — ел билеушілер туралы.
Екінші тарау — халық бүқарасы жайында.
Үшінші тарау — қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.
Төртінші тарау — тілге сақ болудың пайдасы жөнінде.
Бесінші тарау — жігіттік шақтың көріністері хақында.
Алтыншы тарау — кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.
Жетінші тарау — тәлім-тәрбиенің әсері жайында.
Сегізінші тарау — әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.
Сағди Ширази өз „Гүлстанын» үйқасқа қүрылған про- замен жазған. Ара-кідік өз ойын өлең жолдарымен түйіп, қорытындылап кететін түстары да бар. Аудармашы Сайф Сараи да солай істеген. Тек кейде аудармашы-ақын Сағди жырларын тәржіма жасап жатпай-ақ дәл сол мағынасындағы өз өлеңдерін мәтінге білдірмей қосып жіберіп отырады. Әйтсе де мүның өзі зор шеберлікпен жа- салғандықтан аударманың идеялық мазмүнына да, көркемдік дәрежесіне де нүқсан келтірмейді. Қайта Сағди ақынды Дешті қыпшаққа жақындата түседі.
Сайф Сараи шығармасының алғашқы беттерінің бірінде ақын Сағдидің „Гүлстанын» түркі тіліне тәржіма жасауға себепші болған жәйіттерге қысқаша тоқталып өтеді:
„Бір жолы мен роза гүлдері жайқалған бақ ішінде ойға жүйрік ғүлама-ғалымдармен әңгімелесіп отыр едім. Біз сөз саптау, сөйлем қүру мәселесін талқылап жатқан болатынбыз. Мен ғажайып бәйіттер мен тамаша өлеңдер оқыдым. Сол сәтте әлгі ғалымдардың ішіндегі ақсақалы аруз өлшемімен жазылған бір қиын бәйіттің қүрылысы туралы маған сауал қойды. Мен дереу жауап бердім. Сонда әлгі ғүлама: о, жат жүрттық қаламгер, мен саған бір жақсы кеңес бермекпін, егер сол кеңесімді қабыл алсаң жақсы болар еді — деді. Айтыңыз — дедім мен. Егер шейх Сағдидің “Гүлстанын» түркі тіліне аударып, оны бір бақытты жанға арнасаң жақсы болар еді. Сол жаннан естелік болып қалар еді.
Мен сол қүрметті адамның бата іспеттес лебізін қабыл алып, оған былай дедім: „Қүдіретті қүдай қаласа — айтқаныңыз орындалар, бірақ бойымнан күш-қуат қашқан шақта оның терең мән-мағынасын игеруге дәрменім жетер ме екен? Ол айтты: О, жат елден келген қаламгер, сені қүдайдың өзі қолдайды. Мен де жа- ратқанға жалбарынып, белді бекем будым да, іске қызу кірісіп кеттім. Оны сәтті аяқтармын деп үміттенем. Бүл кітап сол себепті “Гүлстан» деп аталған. Ол өзі таңырк,арлық әңгімелерден, тамаша ғақлия сөздерден, ұшқыр ой-пікірлермен қүрастырылып, безендірілген .
Сайф Сараи қара сөзбен оқырманына осы жәйіттерді егжей-тегжейлі түсіндіріп алады да, өз ойын одан әрі өлеңмен тереңдете түседі. Басқаша айтсақ, С. Сараи „Гүлстанды» аударма жасау барысында мәтінге өз өлеңдерін де зор шеберлікпен кірістіріп жіберген. Бүған бір мысал келтірейік:
Ей жехани илму устади хунар Ма рифатниң манба и сақиб назар Гул тиласа хатырлиң толы табақ Гу гулистанидан оқы бир варақ Гул жамали бир неча кунда кечар, Бу Гулистан дайима коңул ачар. Ол ажайиб ким ғарайиб мүнда бар Хосрау-у Ширин ичинда қанда бар? Бу латайиф бағы, бустани дуур Булбул муаннийи гулистани дурур.
Мазмүны: Сәулесісің білімнің, үстазысың дарынның Қайнарысың ғылымның, қайырымдысың қашанда Жаның сенің қүшақ-қүшақ роза гүлін қаласа, Менің осы гүлстанымның бір бетін оқып шық. Көркемдігін розаның үмытарсың сонда сен, Ал, гүлстан жаныңды қуанышқа толтырар. Мүндағы ғажап тамаша
Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ши- рази атына мақтау сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зүлым әкімдерді бауырмал, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол үшін ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарт- тықты, т. Б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек на- зар аударған.
Шығармада жақсылық пен жамандық, қатыгездік пен мейірімділік, патша мен диқан, шындық пен өтірік, әке мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. Б. аралық қарым-қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сау- алға жауап беріледі.
Әке мен баланың қарым-қатынасы туралы хикаядан бір мысал келтірейік. Аудармасы: „Бір сүлтанның үш баласы бар еді. Екеуі үзын бойлы, келбетті, ал біреуі қысқа бойлы еді. Бір күні сүлтан сол қысқа бойлы үлына ашу-ызалы көзімен қарады. Баласы бәрін ақылымен үқты да, әкесіне айтты: «Ей әке, үзын бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды жақсы”.
X и к а я т: Меккеге қажы болу үшін бара жатқан бір топ жолаушы өзара жанжалдасып қалыпты. Қызыл кеңірдек болғанша үрысып, шаштарын жүлысып, әбден төбелесіпті. Сонда төбелеске араласпай, жайбарақат түйе үстінде отырған бір жолаушы үрыс-керіске таңырқап айтқан екен: „Ғажап, ә?! Сүйек пешке шахмат тақтасының қарсы жақ бетіне жеткенде күшейіп, табанда Ферзь болып кетеді, яғни бүрынғысынан қасиеті артады. Ал, қажы болуға келе жатқандар бүкіл сахараны кесіп өтіп, енді Меккеге жете бергенде бүрынғы ізгі қасиеттерінен айрылып қалғаны қалай?! “

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет