Сайыстың тақырыбы: « Күштің сыры неде?»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
шығармашылық қабілеттеріндамыту, ізденімпаздыққа үйрету.
Ғылымдардың пірі
Табиғаттың тілі,
Физика екен халайық,
Мұны жақсы ұғайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
Физика бұл өмірдің,
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің өзен даласы.
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы
«Күштің сыры неде?» атты сайыс
Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жоспары:
І тур «Өткел»
ІІ тур «Белес»
ІІІ тур «Ойлан тап!»
ІҮ тур «Асу кезең»
Ү тур «Кім жылдам»
ҮІ тур «
СЕРГІТУ СӘТІ»
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар,оқушылар, қадірлі қонақтар,
«Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика –информатика»
апталығының қорытынды кешіне арналған «ХХІ ғасыр жас қырандары» атты сайыса қош
келдіңіздер!
Ал,оқушы,ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Әділ-қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап қалма жасқаны, -дей келе сайысымызды бастаймыз
І тур «Өткел»
Қарап тұрмай өткелден өтіңіздер,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіздер,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Өткелден өтіп Белес турына өтіңіздер
Сайысымыздың І-кезеңі - «Өткел». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физика-информатика
анықтамалара сәйкес класс бойынша тесттер беріледі.Әр тесттің дұрыс жауабы 1 балл.
Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар: тестке жауап беру 3
мин.
ІІ тур «Белес»
Адам - Алып таңғажайып ісімен,
«Белес» - ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Келесі кезеңіз - «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі.Әр сұрақтың
дұрыс жауабы 10 балл. Осы турдан кейін ұпай аз 2-оқушы сайысымыздан шығады. Дайын
болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:
1. 1623-1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Коптеген бақылауларға сүйене отырып,
француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін
дәлелдеген ғалым. (Блез Паскал)
2. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг
ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория
жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
4. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін
жасаушы. (Александро Вольта)
5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген
қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан.
Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак
Ньютон)
6. ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәніде шеңберден
өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571-1630 жылдары
өмір сүрген ғалым кім болды ( Иоган Кеплер)
7. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс
заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға
«Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)
8. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап
ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады.
(Шарль Огюстан Кулон)
ІІІ тур «Ойлан тап!»
Келесі кезеңіміз « ойлан тап». Бұл кезеңде әр ойыншы тақтадағы ұяшықтарды таңдайды.
Таңдау арқылы берілген тәжірибені жасайды. Тәжірибенің толық жауабына 10 ұпай
беріледі.
№1 ұяшық. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе
жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш. (жұмыртқаны айналдыру
керек, піскен тез айналады)
№2 ұяшық.Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға
болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып
жіберу керек)
№3 ұяшық. Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет,
стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға
болады? (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)
№4 ұяшық.Шикі жұмыртқа. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп салып жумыртқаны
судың бетіне шығару керек. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш, тұз,( тұзды
суға арластырамыз жұмыртқаны саламы
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды, тұзды судың тығыздығы
жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды. )
№5 ұяшық. Стақандағы суды токпей керсінше қою керек. Берілген құралдар: 1 стакан су,
қағаз, екңншң стакан, қайшыен стақан түбінен ұстап (Стақан түбіндегі қатты қағазға
төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп
болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.)
№6 ұяшық. Стакан ішіндегі мұзды жіппен алу керек. Керек құралдар: мұз, су, жіп, тұз,
пенцет.( стаканга суды құйып мұзды саламыз, содан кейін бетіне жіпті салып тұзды
себеміз)
ІҮ тур «Асу кезең»
Келесі кезеңіміз“Асу” кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 2 жұмбақтан беріледі. Жұмбақты
шешу арқыл өз қоржындарын толтырады. Әр жұмбақты дұрыс жауабы 10 ұпайды. Осы
кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушымен қоштасамыз. Дайынбыз ба? Дайын болсаңыздар
бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:
І жұмбақ:
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
ІІ жұмбақ:
Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
Батырмасын басасың
Қажет файлды ашасың. (тышқан)
ІІІ жұмбақ
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшейтін (бит )
ІҮ жұмбақ:
Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. (Электр есептегш)
Ү жұмбақ:
Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)
Бұтақ орнына мың бір инесі
Компьютер жаны мекені. (кактус)
ҮІ жұмбақ:
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
Экранның беті оның тұрағы
Қашан болса жыпылықтап тұрады. (курсор)
ҮІІ жұмбақ:
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылым қалай деп аталады? (принтер)
ҮІІІ жұмбақ:
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
Ү тур «Кім жылдам»
Келесі кезеңіміз «КІМ ЖЫЛДАМ» кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 1 мин. ішінде 10 сұрақ
қойылады. Дұрыс жауаб 1 ұпай. Ендеше ұпайы коп ойыншыдан бастайық. Дайынсын ба?
Дайын болсаңыз бастаймыз. Ал,мұқият болыңыз:
1-ойыншы: сұрақ
1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Рекс)
2.
Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
3.
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
4.
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп
болды? (алма)
5.
Физика не туралы ғылым? (табиғат)
6.
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
7.
Зиянкесті бағдарлама қалай аталады? (Вирус)
8.
Компьютердің жүрегі саналатын құрылғы (Жүйелік блок немесе Процессор)
9.
Мәтіндік мәліметті компьютерге қолмен термей енгізу құрылғысы
(Сканер)
10. Баспаға шығару құрылғысы (Принтер)
Қосымша сұрақтар
1.
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
2.
«Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? (механика)
3.
Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)
4.
Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)
5.
Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)
2-ойыншы: Сұрақ
1. Электр тогы дегеніміз не? (зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)
2. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)
3. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
4. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)
5. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу
энергиясы (ішкі энергия)
6. Дисплейдің басқаша аталуы (Монитор)
7. Монитор мен пайдаланушы арасындағы ара қашықтық?
(70 см)
8. Есептеуіш техника қай ғасырда қарқынды дамыды? (ХХ ғасыр)
9. Атақты Microsoft компаниясының негізін қалаған кім? (Билл Гейтс)
10. Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (Терезе)
Қосымша сұрақтар
1. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
2. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
3. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады.
(диффузия)
4. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)
5. Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. (Дұрысында «-»-тен «+»-ке,
бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» -тен «-» -ке алу келісілген)
6.Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі)
3-ойыншы:
1. Радионың атасы (Александр Сергеевич Попов)
2. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)
3. Кім барлық тілде сөлейді? (жаңғырық).
4. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.
(жылдамдық)
5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)
6. 1 гигобайтта қанша мегобайт бар? (1024)
7. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз? (Көшіру)
8. Жолдар мен бағандардың қиылысу нүктесін қалай атаймыз? (Ұяшық)
9. Компьютердің атасы
(Чарлз Бейбидж)
10. Ақпаратты тасуыштар (Дискет, Флэш-карта, СD және DVD диск)
Қосымша сұрақтар
1. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.
(механикалық қозғалыс)
2. «Инерция »-ның қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)
3. Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме?(иә)
4. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
5. Жеңіл машинаға әсер ететін барлық күштер компенсацияланады, оның қозғалыс
жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Бұл құбылыс қалай аталады?(Инерция)
4-ойыншы:
1. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
(қаныққан бу)
2.Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.
(идеал газ)
3. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)
4. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)
5. Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (психрометр)
6. 8 бит тең…
(Байтқа)
7. Мәтіндік және символдық ақпаратты енгізу құрылғысы
(Пернетакта)
8. Графикалық редактор?
(Paint)
9. Интернет желісіне қосатын құрылғы
(Модем)
10. Informatio сөзі қандай мағына береді?
(Ақпарат)
Қосымша сұрақтар
1. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса)
2. Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)
3.Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
4.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли)
5. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады
6. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
7. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)
8. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)
9. . Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация)
10. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)
11. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік
ҮІ тур «
СЕРГІТУ СӘТІ»
Келесі кезеңіміз «СЕРГІТУ СӘТІ» кезеңі. Бұл кезеңде көрермендермен сайыс.
1.Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы
аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр
қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай
аталады?(
Жауабы: МЫСЫҚ)
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе бүгінгі «ХХІ ғасыр жас қырандары» атты
физика-инфарматика апталығының қорытынды кешін жабық деп жарайялаймыз. Келесі
кездескенше күн нұрлы болсын!
Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарып, жүлделі орынға ие болған
оқушыларды марапаттады.
Компьютер құрылғылары тақырыбынан сұрақ. Кім қатысады, дайындалыңыздар!
- Англиядағы бір қаланың , калибрі 30 х 30 болып келген мылтықтың және компьютердің
бір элементі арасындағы байланысты анықтай алатын құрылғы?
а/ модем; б/ винчестер; в/ принтер.
1.Компьютер тілінде адам қалай аталады?
А) қолданушы В) клиент С) емделуші Д) жалдаушы
2.Информатика саласына қай өлшем бірлік тиісті?
А) киловатт
В) килобайт
С) киловольт
Д) килобар
3.Ойлау формасы мен заңдылығы қалай аталады?
А) логика
В) логистика
С) логопедия
Д) логорифм
4.Компьютер жады неге арналмаған?
А) ақпаратты жазу
В) ақпаратты сақтау
С) ақпаратты беру
Д) ақпаратты өңдеу
5.
ДК қандай керемет химиялық элементтің кристалы болмаса болмаған
болар еді?
А) темір
В) кремний
С) мыс
Д) кальций
6.« Информатика» латынның ... деген ұғымдарын білдіреді?
А) Мақсат-міндет
В) Ақпарат
С) аналық тақша
Д) Жүйелік блок
7.Қатқыл дискіні көп жағдайда қалай атайды?
А) металл дискілер
Б) винчестер
В) дискет
Д) CD-DVD
8. 16.Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе
А) MS-DOS
Б) Windows
В) Filka
Д) Селерон
9. 26.Paint графикалық редакторында файлдың кеңетілуі
А) . txt
Б) . bmp
В) . doc
Д) .xls
10. 19.Блокнот қолданбасының құжат белгішесі
А)
Б)
В)
Д)
Достарыңызбен бөлісу: |