Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары



бет6/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
1   2   3   4   5   6   7
Либерализация – бұл билік аппаратын өзгертпей кейбір азаматтық бостандықтарды бекіту үдерісі. Нақты еркіндікке қарамастан, жүйе әлі өзгермейді және демократиялық емес сипаттаманы сақтайды. Авторитарлық режим өз бақылауын әлсіретеді, репрессияны азайтады, оппозицияның өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді, әр түрлі өзге ойларға шыдамды болады. Осыдан кейін демократизация кезеңі басталады, ондағы бастысы институционализация, яғни жаңа саяси институттарды енгізу. Демократизацияның мәні келісімге келіспеушілермен келісу. Осыдан кейін демократизацияның соңғы кезеңі демократияның консолидациясы пайда болады.



  1. Қақтығыстардың пайда болу себептері.

Қақтығыс екі немесе одан да көп тарап мүдделерінің сәйкес келмеуінен басталады. Қазіргі саяси ғылымда конфликтің себептері анықталған. Себеп тегеніміз – басқа бір құбылысты тудырушы құбылыс пен іс-әрекет. Қақтығыс әр түрлі себептерге байланысты туындайды: сыртқы және ішкі, жалпы және жеке, материалдық және идеалдық, объективті және субъективті. Сондықтан себептерді келесідей топтастыруға болады:
1.Мүдделер қайшылығы қақтығыстың негізгі себебі ретінде.
2. Қақтығыс туындауының объективті факторлары.
3.Қақтығыс туындауының тұлғалық себептері.
Себепті сылтаудан ажырата білу қажет. Сылтау – қақтығыстың басталуына әсер етеді, бірақ оның қажеттіліктен пайда болуын анықтамайды. Себепке қарағанда сылтау байқаусызда немесе жасанды түрде «жоқ жерден» пайда болады. Себеп заттардың заңды байланысын көрсетеді. Қақтығыстың себебі оның пайда болуын алдын ала анықтайдын құбылыс. Сонымен, кез-келген қақтығыстың негізгі себебі – оның субъектілерінің мүдделерінің қайшылылығы, қақтығыс – қарамақайшылықтың көрінісі.



  1. Саяси конфликтің объектісі мен субъектісі.

Саяси конфликтің объектісі спецификалық әлеуметтік ресурс, сондай-ақ әлеуметтік топтардың саяси мәртебесі мен саяси құндылықтары болып табылады. Әдетте саяси конфликтің субъектісі болып әлеуметтік топтар немесе олардың атынан шығатын саяси институттар, сондай-ақ индивидтер болады. Сондықтан 20-ы ғасырдың басында американ әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Артур Бентли тарапынан мүдделер тобы түсінігі ұсынылды. Бұл нақты саяси жағдайлардағы мүдделер мен іс-әрекеттері ортақ адамдар бірлестігі. Бентлидің ойынша, мұндай топтар мен мемлекеттің өзара қатынасы саяси процестің өзегі болып табылады. Билікке деген талас қоғам мен мемлекеттің құлдырауына, тіпті кризиске алып келеді.



  1. Халықаралық саясат және халықаралық қатынастар.

Әрбір мемлекет өзінің ішкі саясатымен бірге өздеріне тән сыртқы саясатын жүргізуге тырысады және оның ерекше бағыттарын қалыптастырады. кездесетін, мағынасы жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық, әлемдік саясат, халықаралық қатынастар. Олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Әлемдік саясат халықаралық қатнастардың өзегін құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет