Сбор и подготовка нефти на промыслах



бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі243 Kb.
#138741
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Руспубликасының білім және жоғарғы ғылым Министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті Мұнайгаз ісі кафедрасы

  • Пән: «Мұнайгаз ісі негіздері»
  • Дәріс №2. Мұнай және газ кенорындары
  • Лектор: Надиров К.С. – х.ғ.д., профессор

Дәріс жоспары

1. Мұнай кенорны

  • «Мұнай кенорны — мұнай қорларының белгілі бір территорияда орналасуы. Әдетте бірнеше жүздеген киллометрді алады, игеру үшін бұрғылау процесі кезінде тұрғызылатын мұнай ұңғымалары қолданылады.
  • Мұнай — жанғыш майлы сұйықтық, ол қызыл-қоңыр, қара, сарғылт-жасыл түсті кейде түссіз, ерекше иісі бар көмірсутегілер қоспасы.
  • Мұнай ұңғымасы — мұнай мен табиғи газды барлауға немесе игеруге арналған диаметрі 75-400мм қимасы шеңбер пішінді тік тау кен құрылысы.
  • Тік ұңғымада бастапқы жері (саға, устье), оқпан және соңы (түп, забой) болады. Ұңғымалар тау жыныстарын бұрғылау нәтижесінде бұрғыланған материалдарын жойып және ұңғыма қабырғасын бекіту арқылы құрылады. Бұрғылау үшін бұрғылау станоктар, бұрғылау қашаулары және басқа да механизмдер қолданылады.
  • Көмірсутектерді мұнай ұңғымасы арқылы өндіру фонтандау, сораптар көмегімен және жасанды түрде қабатта жоғары қысымды тудыру жолымен жүзеге асады.
  • Ұңғыманы бұрғылау — бұл ұзындығы үлкен, диаметрі кіші бағытталған тау кен құрылысын құру процесі. Ұңғыманың басын – саға, соңғы бөлігін – түбі, ал ұңғыма қабырғаларын оқпан деп атайды.

Мұнай кенорындары

  • Мұнай кенорындары келесі түрде топталады:
  • кіші – мұнай қоры 10 млн. тоннаға дейін;
  • орташа - мұнай қоры 10-100 млн. тонна (Құмкөл, Верх-Тарск);
  • ірі - мұнай қоры 100 - 1000 млн. тонн (Қаламқас, Пенглай, Правдинск, Статфорд);
  • өте ірі (гигант) - мұнай қоры 1 - 5 млрд. тонн нефти (Теңіз,Кашаган,);
  • ерекше (супергигант) - мұнай қоры 5 млрд. тонн және одан жоғары.
  • Мұнай миграциясы (орын ауыстырыуы). Кеуекті қабаттарды қамтитын қабаттар тектоникалық процестер әсерінен көлденең бағыттан көлбеу немес иілген бағытқа ауысқан кезде мұнай өзінің меншікті салмағының төмендігі, сондай-ақ гидравликалық және басқа себептерге байланысты төменгі аймақтардан жоғарғы аймақтарға бағытталған. Мұнай миграциясының жолы мен бағыты және кенорынның түзілуі тектоникалық процестермен анықталады. Мұнай кеуекті тау жыныстарымен де, тектоникалық жарықшақтармен де орын ауыстыруы мүмкін. Миграцияның екі түрін ажыратады: қабат ішімен және жарықшақты. Кейбір геологтар мұнай кіші аралықтарға ғана миграциялайды, ал басқалары ұлкен, яғни ондаған және жүздеген километрлерге миграциялайды деп ойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет