Сборник материалов Международной научно-практической конференции


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІКТІ



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет58/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІКТІ 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

 

Қ.Е. Әлиев 

Ұлттық ұлан оперативтік өнер және тактика кафедрасының оқытушысы 

Ұлттық қорғаныс университеті 

(Астана, Қазақстан) 



 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылы  21  сәуірдегі  №  807  Жарлығымен 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері  қайта құру жолымен ішкі 

істер  органдарының  бірегей  жүйесіне  кіретін  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ұланы 

болып қайта ұйымдастырылды.  2015 жылғы 10 қаңтарда Елбасы  «Қазақстан Республикасы 

Ұлттық  ұлан  туралы»  Заңына  қол  қойды  [1].  Бұл  Заң  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін болды.  

2014  жылдың  қарашаның  14-і  күні  Елорданың  іргесінде  орналасқан  Ұлттық  ұланның 

жедел мақсаттағы құрамасына Жауынгерлік туды тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы 

Қарулы  Күштерінің  Жоғарғы  Бас  қолбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Сіздердің 

міндеттеріңіз  –  елдегі  татулық  пен  тыныштықты  сақтау.  Қазақстан  азаматтары 

құқықтарының  қорғалуын  қамтамасыз  ету,  қылмыспен  күрес  жүргізу.  Қазақстан 

Республикасы  Қарулы  күштерінің  бір  бөлігі  болғандықтан,  сідер  сондай-ақ  ,  туәелсіз  елді 

қорғауға,  шекарасының  бүтіндігін  қамтамасыз  етуге  де  дайын  болуға  тиіссіздер»,  -  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев [2].   

XXI  ғасырдың  басында  әлем  мемлекеттерінің  саяси  және  экономикалық  мүдделерін 

қамтамасыз  ету  үшін  әскери  күштің  рөлін  арттыру  процестері  айқындалып,  халықаралық 

қауіпсіздік  аясында  саяси  институттардың  біртұтас  қатары  қатаң  дағдарысқа  енді.  Бұл 

халықаралық  қауіпсіздіктің  негізгі  аспектілеріне,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  принциптеріне  байланысты  мәселелер  кешенін  толығымен 

ойластыруды талап етеді. 

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері,  басқа  да  әскерлері  мен  әскери 

құралымдары  өз  жаңару  кезеңінде  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  өздеріне 

жүктелген міндеттерді орындайды.  

Әскери  қауіпсіздік  дегенімізді  еліміздің  тәуелсіздігі  мен  аумақтық  тұтастығына  қол 

сұғушылықтан,  нақты  және  потенциалды  қауіптен  әскери  сипаттағы  қорғау  жағдайы  деп 

түсіну керек. 

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі - әскери күштерді қолданумен немесе 

оны  қолдану  ниетімен  байланысты  сыртқы  және  ішкі  қатерлерден  жеке  тұлғаның,  қоғам 

мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесінің қорғалу жай-күйі. 

Қорғаныс аясында әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын қалыптастыратын 

негізгі анықтаушы құжат Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы болып есептеледі 

[3]. 

Қазақстан  Республикасының  Әскери  доктринасы  мемлекеттің  әскери  қауіпсіздігін 



қамтамасыз  етуге,  соғыстар  мен  қарулы  жанжалдарды  болдырмауға,  әскери  ұйымды 

дамытуға,  Қарулы  Куштерді,  басқа  да  әскерлер  мен  әскери  құралымдарды  қолдануға 

көзқарастар жүйесін білдіреді. 

Әскери  доктрина  Қазақстан  Республикасының  әскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсаттарын, негізін қалаушы қағидаттары мен 

нысандарын айқындайды. 

Қазіргі заманда әскери қауіпсіздік қатерінің сипаттамасы елеулі өзгерістерге ұшырады. 

Сыртқы және ішкі қатерлер арасындағы өзара байланыс күшейе түсті. 

Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің сыртқы қатерлеріне мыналар жатады: 

1) 


өңір  елдеріндегі  әлеуметтік-саяси  тұрақсыздық  және  қарулы  арандатулардың 

ықтималдығы; 



 

410 


2) Қазақстан шекарасы маңында әскери жанжалдар ошақтарының болуы; 

3)  өз  мүддесін  қамтамасыз  ету  мақсатында  шетел  мемлекеттерінің  немесе 

ұйымдарының  әскери-саяси  қысым  көрсетуді,  Қазақстан  Республикасының  ішкі  істеріне 

араласу үшін ақпараттық-психологиялық күрестің жаңа технологияларын пайдалануы; 

4) Қазақстанның әскери қауіпсіздігіне залал келтіру үшін әскери-саяси ұйымдар мен 

одақтардың ықпал етуінің кеңеюі; 

5) шекаралас елдердегі халықаралық террористік және радикалды ұйымдардың және 

топтамалардың,  соның  ішінде  кибертерроризмнің  әрекеті,  діни  экстремизм 

ұстанымдарының күшеюі; 

6)  жекелеген  мемлекеттердің  жаппай  қырып-жою  қаруын  және  оны  жеткізу 

құралдарын  жасау  жөніндегі  бағдарламаларды  жүзеге  асыруы,  оны  шығару  үшін 

пайдаланылатын  технологияларды,  жабдықтар  мен  құрауыштарды,  сондай-ақ  қосарлы 

мақсаттағы технологияларды заңсыз тарату. 

Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің ішкі қатерлері мыналар болуы мүмкін: 

1)  экстремистік,  ұлттық  және  сепаратистік  қозғалыстардың,  ұйымдар  мен 

құрылымдардың  қарулы  күш  көрсету  әдістерін  пайдалана  отырып,  елдегі  ішкі  жағдайды 

тұрақсыздандыруға, конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған әрекеті; 

2) заңсыз қарулы құралымдардың құрылуы және олардың әрекеті; 

3) диверсиялар, террористік актілер немесе өзге де заңға қарсы әрекеттер жасау үшін 

пайдаланылуы  мүмкін  қарудың,  оқ-дәрілердің,  жарылғыш  және  басқа  да  құралдардың 

заңсыз таратылуы.  

Қарулы  жанжал:  төмен  қарқынды  әскери  жанжал,  орташа  қарқынды  әскери  жанжал 

және жоғары қарқынды әскери жанжал болып сипаттталады. 

Қазіргі заманғы жағдайда мұндай сипаттағы қақтығыстың пайда болуы  әбден мүмкін 

деп  есептейміз,  ал  Ұлттық  ұланның  бөлімдері  мен  құрамаларының оған  қатысулары  әбден 

мүмкін. Қазақстанның ішкі істеріне араласу ретінде азғырып айдатылған сыртқы күштермен 

ішкі  қарулы  қақтығыстардың  туындауын  да  ығыстыра  алмаймыз.  Оларды  алдын-алу 

мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ұланы  тартылады,  әскерлерге  көмек 

ретінде белгілі тәртіпте Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар тартылады.  

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері,  басқа  да  әскерлері  мен  әскери 

құралымдары  төмен  қарқынды  әскери  жанжалдарда,  әдетте,  шиеленіс  ошағын  оқшаулау 

және  жанжалдарды  бейбіт  құралдармен  реттеу  үшін  жағдай  жасау  мақсатында  неғұрлым 

ерте сатыда әскери іс-қимылдарды тоқтату, заңсыз қарулы құралымдарды жою, жағдайды 

қалпына  келтіру,  заңдылық  пен  құқық  тәртібін  қалпына  келтіру,  қоғамдық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету, халыққа қажетті көмек көрсету үшін  қолданылатын болады. 

Қазіргі  заманғы  әскери  қақтығыстардың  негізгі  ерекшелігі  сипатынан,  оның  мақсаты 

мен  мазмұнынан,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделерінен  қол  сұғушылықтан 

шыға  отыра,  Ұлттық  ұланды  төменгі қарқындағы  әскери  жанжалда,  ал  нақтырақ  айтқанда, 

ішкі  қарулы  қақтығыстарда  қолданудың  мүмкіндігі  зор.  Ол  жоғарыда  айтылған  Әскери 

доктринада  нақтыланған:  «Ішкі  қарулы  жанжалдардың  жолын  кесу  жөніндегі  міндеттер 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ұланына  жүктеледі,  оларды  күшейту  үшін  Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдері тартылуы мүмкін». 

Әрине,  еліміздің  әскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  негізгі  құралы  Қазақстан 

Республикасының Қарулы Күштері болып табылады. Оған бейбітшілік кезде әскери басқару 

органдары,  Қарулы  Күштерінің  түрлері,  арнайы  әскерлер,  тыл,  әскери  -  оқу  орындары, 

әскери-ғылыми  мекемелер  кіреді.  Ал  соғыс  кезінде  оның  құрамына  Ұлттық  ұлан,  Ұлттық 

қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, басқару  органдары  мен азаматтық және аумақтық 

қорғаныстың құрылымдары жатады.   

Қарулы  Күштердің  әскери  қауіпсіздік  мүмкіндіктерін  шешу  Қазақстан 

Республикасының  басқа  да  әскерлермен  және  әскери  құрылымдарымен  тығыз  байланыста 

жүзеге асырылады. Оның ішінде Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен құрамалары да бар. 


 

411 


«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне 

кіреді және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен 

азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қылмысты  және  өзге  де  құқыққа  қарсы  қол 

сұғушылықтардан қорғауға арналған» - деген [1]. 

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ұланы  туралы»  Заңы  Ұлттық  ұланның 

міндеттерін  айқындайды.  Олар:  маңызды  мемлекеттiк  объектiлердi  және  арнайы  жүктердi 

күзету;  ішкі  істер  органдарымен  бірлесіп  қоғамдық  тәртіпті  қорғауға,  жаппай 

тәртіпсіздіктердің  жолын  кесуге,  қоғамдық  қауіпсіздікті  және  төтенше  жағдай  мен  соғыс 

жағдайының,  терроризмге  қарсы  операцияның  құқықтық  режимдерін  қамтамасыз  етуге 

қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше 

жағдайлардың  салдарларын  жою  жөніндегі  іс-шараларға  қатысу;сотталған  әйелдердің, 

кәмелетке  толмағандардың  жазасын  өтеуіне  арналған  қылмыстық-атқару  жүйесінің 

мекемелерін,  түрмелерді  және  тергеу  изоляторларын  қоспағанда,  қылмыстық-атқару 

жүйесінің  орташа  қауіпсіз,  қауіпсіздігі  барынша  жоғары,  төтенше  қауіпсіз,  қауіпсіздігі 

аралас  мекемелерін  күзету;сотталған  әйелдердің,  кәмелетке  толмағандардың  жазасын 

өтеуіне  арналған  қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемелерін,  түрмелерді  және  тергеу 

изоляторларын  қоспағанда,  қылмыстық-атқару  жүйесінің  орташа  қауіпсіз,  қауіпсіздігі 

барынша  жоғары,  төтенше  қауіпсіз,  қауіпсіздігі  аралас  мекемелерінде  ұсталатын 

адамдардың,  сондай-ақ  олардың  аумағындағы  азаматтардың  мінез-құлқын  бақылау  мен 

қадағалауды  жүзеге  асыру;  сотталғандарды  және  күзетпен  ұсталатын  адамдарды 

айдауылмен алып жүру; соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс 

жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;Қазақстан Республикасының аумағында қарулы 

қылмыскерлерді  залалсыздандыру,  заңсыз  әскерилендірілген  немесе  қаруланған 

құралымдар  (топтар),  ұйымдасқан  қылмыстық  топтар  (қоғамдастықтар)  әрекетін  тоқтату 

жөніндегі  арнайы  операцияларға  қатысу;  ауыр  және  аса  ауыр  қылмыстардың, 

диверсиялардың,  терроризм  актілерінің,  қарулы  қақтығыстардың  жолын  кесуге  қатысу 

және  тайталасушы  тараптарды  ажырату;  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған 

халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау. 

Ұлттық  ұланға  өзге  де  міндеттер  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  және 

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі. 

Ұлттық  ұланға  жүктелген  міндеттерді  шешу:  Ұлттық  ұланның  әскери  басқару 

органдарымен;  жедел  мақсаттағы  құрамалар  мен  әскери  бөлімдерімен;  маңызды 

мемлекеттік  объектілерді  және  арнайы  жүктерді  күзету  жөніндегі  арнайы  әскери 

бөлімдерімен;  қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемелерін  күзету  және  айдауылмен  алып 

жүру жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдерімен; арнайы моторландырылған құрамалар 

мен  әскери  бөлімдерімен;  азаматтық  қорғаныстың  әскери  бөлімдерімен;  Ұлттық  ұланның 

әскери  полициясымен;  Ұлттық  ұланның  жоғары  әскери  оқу  орнымен;  Ұлттық  ұланның 

қызметін  қамтамасыз  ететін  әскери  бөлімдерімен;  авиациялық  бөлімдерімен;  арнайы 

мақсаттағы әскери бөлімдерімен жүзеге асырылады.  

Ұлттық  ұлан  қызметiнiң  құқықтық  негiзiн  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы,   «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ұланы  туралы»  Заңы  және  өзге  де 

нормативтiк-құқықтық актiлер құрайды. 

Егер  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шартта  «Қазақстан 

Республикасының Ұлттық ұланы туралы»  Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген 

болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

  

Ұлттық  ұланның  қызметі  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  қызмет 



қағидаттары, сондай-ақ:  

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің 

мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғаудың мiндеттiлiгi;  

2) Ұлттық ұлан қатарында қызметтi ұйымдастырудағы көзқарастардың бiртұтастығы; 

3) дара басшылық пен дәреже сатысы (бағыныстылық); 


 

412 


4)  саяси  партиялар  мен  өзге  де  қоғамдық  бiрлестiктердiң  қызметiнен  тәуелсiз  болу 

негізінде жүзеге асырылады. 

Ұлттық  ұланның  құрамалары  мен  әскери  бөлiмдерiн  тұрақты  орналасқан 

пункттерінен  тыс  жерлерде  қоғамдық  тәртiптi  қорғау  жөніндегі  мiндеттердi  орындауға 

немесе iшкi iстер органдарына төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы 

операцияның  құқықтық  режимін  қамтамасыз  етуде  жәрдем  көрсету,  терроризмге  қарсы 

операцияға  және  төтенше  жағдайлар  мен  олардың  салдарларын  жоюға  қатысу  үшін, 

сондай-ақ заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшаулау және 

онда  бөгеттер  қою,  аса  қауiптi  құқық  бұзушылықтардың,  диверсиялардың,  терроризм 

актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату, 

заңсыз  қаруланған  құралымдарды  қарусыздандыру  және  жою,  жанжал  ауданындағы 

халықтан  қаруды  алып  қою,  жанжал  ауданына  iргелес  аудандарда  қоғамдық  тәртiптiң 

қорғалуы мен қауiпсiздiктi күшейту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан 

Республикасы Ішкі істер министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады

Ұлттық  ұланның  Басқолбасшысы  әскери  ғалым  генерал-лейтенант  Жақсылықов  Р.Ф: 

«Әскердің  болашақта  даму  жоспарында  бейбіт  уақытында  Ұлттық  ұланның  міндеті 

мемлекеттің  ішкі  қаіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  ал  соғыс  кезінде  елімізді  қорғаудағы  жеке 

тапсырмаларды  орындауы  Ұлттық  ұланның  іс-әрекеттерінің      екі  сипаттамаға  бөлінуі,  ал 

соның приоритеті ретінде құқық қорғау фукциясы болып табылады» - деген [4]. 

Сонымен,  жоғарыдағы  айтылғандардың  негізінде  мынадай  қорытындылар  жасауға 

болады. 

1.  Ұлттық  ұланның  іс-әрекеті  бифункционалды  болып  екі  түрге  бөлінеді  біріншісі 

әскери функция, ал екіншісі құқыққорғау функциясы.  

2.  Қазіргі  кезеңде  Ұлттық  ұлан  ішкі  ұйымдастырушылық  қатынаста  Қазақстан 

Республикасы  ІІМ  құрылымының  құрамдас  бөлігі  ретінде  ішкі  істер  органдарының 

жүйесінде болғандықтан, олар Ішкі істер министрлігінің басқару объектісі болып саналады.  

3.  Қазақстан  Республикасының  Ұлтттық  ұланы,  сондай-ақ  еліміздің  әскери 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштері жүйесіне кіреді; Қарулы Күштердің бір бөлігі ретінде 

Ұлттық  ұланның  негізгі  мақсаты  елімізді  және  оның  қауіпсіздігін  сенімді  қорғауды 

қамтамасыз  ету  болып  табылатын  мемлекеттік  әскери-қорғау  күштерінің  құрамына 

қатынасы бар. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ұланы  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  2015 



жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ. //  Әділет АҚЖ, 2015 – 23 б. 

2. 


«Ұлт Көшбасшысы – Ұлттық ұланда». // «Қалқан» 19 қараша 2014 ж. 

3. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы №161 Жарлығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы» // Әділет АҚЖ, 2015 – 23 б. 

4.  Сборник  материалов  межкафедральной  научно-теоретической  конференциии.  –  Асана: 

Национальный  университет  обороны  имени  Первого  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера 

Нации, Факультет Национальной гвардии, 2014. – С. 8.   

 

 

 

 

 

 

 

 


 

413 


АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АРУЛАР 

 

Х.Ә. Аубакирова 

т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы 



Ж. Р. Абишева 

т.ғ.к, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы 

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 

(Астана, Қазақстан) 



 

ІІ  дүние  жүзілік  соғыс  және  оның  құрамдас  бөлімі  Ұлы  Отан  соғысы  адамзат 

тарихындағы  ең  бір  ауыр  да  қасіретке  толы  оқиғалардың  бірі  болды.  Әлем  бұрын-соңды 

мұндай  соғысты  бастан  өткермеді.  Соғыс  әсіресе  адам  шығыны  бойынша  алапат  соғыс 

болды. КСРО халқы соғыста 26,6 млн адамынан айырылды. Кеңес адамдары шығындарының 

үштен екісі қарапайым халықтың үлесіне тиді.  

Ұлы Отан соғысы шынайы патриотизмнің, ұйымшылдық пен бірліктің тамаша үлгісін 

көрсете білді. Соғыстың алғашқы бір аптасында 5,3 млн адам әскер қатарына шақырылды. 

1941  жылдың  екінші  жартысында  400-ден  астам  жаңа  дивизия  құрылды.  Келесі  кезеңде 

Кеңес  Қарулы  Күштері  2  еседен  аса,  ал  соғыстың  ақырғы  шағында  соғыстан  бұрынғы 

кездегімен салыстырғанда 4 есе өсті [1, 141 б.].  Бір атаның баласындай жұмылған орыс пен 

өзбек,  қазақ  пен  украин,  тәжік  пен  белорус,  қырғыз  бен  грузиннің  көрсеткен  ерліктері 

халықтар достығының шежіресі іспеттес еді. Десек те ұлы жеңіске қазақ халқының ұлдары 

мен  қыздарының  қосқан  зор  үлесін  ешкім  де  жоққа  шығара  алмайды.  Қазақстандық 

жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар  Москва  мен  Ленинград 

үшін  болған  ұрыстарға,  Сталинград  түбіндегі,  Курск  иініндегі  шайқастарға  қатысып, 

Украина, Белоруссия, Қырым, Прибалтиканы азат етті.  

ІІ  дүние  жүзілік  соғыстың  бір  ерекшелігі  сол,  әскери  қақтығыстарға  қарапайым 

халықтың,  соның  ішінде  әйелдердің  де  көптеп  тартылуы  болды.  Кеңес  Одағы  әйелдердің 

соғысқа  қатысу  ауқымы  жөнінен  алдыңғы  орынды  иеленді.  Әйелдер  өндіріс  орындарында 

соғысқа  кеткен  ер  азаматтардың  орнын  басып,  әскери  госпитальдардағы  медицина 

қызметкерлерінің  басым  көпшілігін  құрады. Қыз-келіншектер  әскердің  алдыңғы  қатарында 

болып, партизандық отрядтардың құрамына да кірді. ХХ ғасырдағы әскери тарихта ең алғаш 

рет Қызыл әскер әйелдерден жасақталған тұрақты жеке әскери құрамаларды құрды. Сондай-

ақ майданға білікті мергендердің қажеттілігін ескере отырып, 1942 жылдың мамыр айында 

мергендерді даярлайтын нұсқаушылардың Орталық мектебі ашылды. Осы мектептің аясында 

мергендерді  даярлайтын  әйелдер  курсы  жұмыс  істей  бастады.    Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында    мергендер  курсында    барлығы  –  2484  мерген  әйелдер  дайындықтан  өткен. 

Толық  емес  мәлімет  бойынша  мектептің  түлектері  11 280  фашист  солдаттары  мен 

офицерлерінің  көзін  жойған.  Мектептің  көптеген  тәрбиеленушілері  ордендер  мен 

медальдармен марапатталды. Ал екі қызға – мергендер Ә.Молдағұлова мен Т.Н.Барамзинаға 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді  [2].  Ресми  емес  мәліметтерге  жүгінсек,  Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарында  100  мыңнан  астам  қыз-келіншек  орден,  медальдармен  марапатталып, 

90-


ға  жуық  ару  Кеңес  Одағының  батыры  атағын  иеленді.  Десек  те  көптеген  арулардың 

ерліктері еленбей ескерусіз қалды. Солардың қатарында қазақ қыздарының ішінен шыққан 

тұңғыш ұшқыш – Хиуаз Доспанова да бар еді. Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 

мамырда  Атырау  облысы,  Құрманғазы  ауданы,  Зормата  ауылдық  округінде  дүниеге  келді. 

Төңкеріске  дейін  ата-анасы    қарапайым  балықшы  болды.  Кейіннен  әкесі,  Қайыр  Доспанов 

заңгер білімін алып, партия саласында қызмет атқарды [3, 1 п].  

Хиуаз авиация саласына сол жылдардағы қатарластары сияқты мектепте оқып жүрген 

кезде келді. Орал қаласындағы №1 орта мектептің 9-шы сыныбының оқушысы бола жүріп, 

ол аэроклубқа оқуға түседі. 1940 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіргендігі туралы 

аттестатпен  бірге  ұшқыш  атағы  берілгендігі  туралы  куәлікті  қатар  алады.    Аэроклубтың 

түлегі  ретінде  И.Е.Жуковский  атындағы  әскери-әуе    академиясына  оқуға  түсуге  шешім 


 

414 


қабылдады. Бірақ та құжаттары қабылданбайды. Жазғы демалысты ауылда өткізетін Хиуаз 

жас  дәрігер  Мария  Поповамен  танысады.  Ол  қыздарға  дәрігерліктен  артық  мамандық  жоқ 

екендігіне көзін жеткізеді. Осыдан кейін Хиуаз құжаттарын И.М.Сеченов атындағы Москва 

медициналық институтына тапсырды [4, 3 п].  

Хиуаз  үшін  соғыс  барлық  кеңес  халқы  сияқты  22  маусымда  басталды.  Соғыстың 

басталғандығы  туралы  үкіметтік  хабарламадан  кейін  студенттерді  қорғаныстық  сипатқа  ие 

болған Москва метрополитенінің кезекті желісінің құрылысына жұмылдырды . 

Жаңа  оқу  жылының  басында  Хиуаз  комсомол  комитетіне  әйгілі  ұшқыш,  Кеңес 

Одағының батыры Марина Роскова жасақтап жатқан полкқа мінездеме беруді өтінген арыз 

берді.  Қабылдау  комиссиясы  запастағы  ұшқыш  Х.Доспанованы  ұшқыштардың  әскери 

мектебіне  алды.  Осылайша  1941  жылдың  қазанында  ол  әскер  қатарында  болды.  1942 

жылдың  мамыр  айында  әлемдік  авиация  тарихында  ең  алғашқы  түнгі  уақытта  жеңіл 

бомбылайтын  әйелдер  полкі  құрылды.  Осы  полқа  Хиуаз  штурман-атқыш  ретінде 

қабылданды. ПО-2 бомбылаушы полктың міндеті түнгі уақытта оңша үлкен емес биіктіктен 

жаудың алдын ала барланған техникасы мен әскери күшін бомбылау болып табылды [3, 2 п]. 

Полк  Солтүстік  Кавказда,  Кубанда,  Қырымда,  Украина,  Белоруссия,  Польша,  Германия 

аспанындағы әскери қимылдарға қатысты. Ұшқыш қыз 300-ден аса әуе шайқасына қатысады.  

Хиуаз алғашқы әскери тапсырманы орындау барысында партияның қатарына қабылдау 

туралы  өтініш  жазады.  Кеңес  Одағының  батыры  Марина  Чечнева  «Боевые  подруги  мои» 

кітабында  Хиуаздың  штурмандық  шеберлігі  туралы  «Доспанова  әрқашанда  өзінің  ұшағын 

мүлтіксіз көздеген жеріне апарып, сондай-ақ өз аэродромына жеткізетін», - деп атап өтті [4, 4 

п].  1942  жылдың  күзінде  Кавказ  үшін  болған  шайқаста  Хиуаз  жараланып,  екі  ай  бойы 

госпитальда жатып, бөлімге аман-есен қайтып оралады. Қорғаныс Халық Комиссариатының 

1943  жылдың  8  ақпанындағы    №64  бұйрығымен    полктің  Кавказ,  Қырымдағы  әскери 

қимылдарынан кейін 46 Таман полкі гвардиялық болып қайта құрылды [5, 3 п].   Немістер 

мен  кеңес  әскерлерінің  арасында  майдан  даласында  түнде  бомбылайтын  әйелдер  полкінің 

аты аңызға айналды.  

1943 жылдың сәуірінде Хиуаз екінші рет ауыр жарақат алады. Пашков станциясында 

жарықты көрсетпей ұшақты қондыру барысында полктің екі ұшағы соқтығысып, осы апатта 

тек  Хиуаз  ғана  аман  қалады.  Екі  аяғы  сынған  ұшқыш  қызды  Ессентукидегі  госпитальға 

жетізеді.  Ол  үш  айдан  кейін  полкке  қайтып  оралды.  Гвардия  лейтенанты  Қызыл  жұлдыз 

орденімен, «Кавказды азат еткені үшін» медалімен марапатталды. Хиуаз Қырымды азат ету 

шайқастарына да қатысып, ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, гвардиялық 

аға лейтенант атағын алады [3, 2 п].  

Хиуаз  Доспанова  Мәскеуге  БЛКЖО  ОК-гі  майдангер  қыздардың  кездесуіне  қатысу 

үшін  арнайы  барады.  Оның  есімі  республиканың  25  жылдығына  орай  Қазақстандық 

майдангерлердің халыққа жазған хатында да кездеседі [5, 3 п].   

Алайда уақыт өте келе соңғы мәрте алған жарақаты сыр бере бастайды. Сондықтан да 

оған штабқа полктің байланыс басшысы болып ауысу туралы ұсыныс жасалды және де полк 

комсоргінің  орынбасары  етіп  бекітілді  [6,  2  п].  Полкпен  бірге  Хиуаз  ІІ-ші  Белорусь 

майданындағы  шайқастарға  қатысады.  Жеңісті  ұшқыш  қыз  Берлиннен  алыс  емес  жердегі 

Нойе Бранденбург қаласында қарсы алды. Артынша полкті тарату туралы бұйрық келеді.  

1945 жылы авиация аға лейтенанты Хиуаз Доспанова Оралға екінші топтағы мүгедек 

болып  оралады  [5,  3  п].  Елге  келгеннен  кейін  облыстық  партия  комитетінің  нұсқаушысы 

болып  қызмет  жасайды.  1946  жылы  республикалық  Жоғары  партия  мектебіне  оқуға 

жіберілді. Ал 1951 жылы Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы және Қазақстан КП ОК-

нің  Бюросының  мүшесі  болып  сайланды  [3,  4  п].  Сол  жылы  Хиуаз  Қазақ  КСР  Жоғарғы 

Кеңесіне  депутат  және  де  бірінші  сессиясында  Президиумның  хатшысы  болып  сайланды. 

1954  жылы  СОКП  ОК  жанындағы  жоғары  партия  мектебіне  түседі.  Кейіннен  Алматы 

қалалық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы  болып  сайланады.  Осы  жылдары  Хиуаз 

Доспанованың қайраткерлік қызметі басталды. Қазақтың біртуар ұлы Михаил Есенәлиевтің 

басшылығымен  Қазақстанның  орталық  мұражайын  ұйымдастыруға  ат  салысты. 



 

415 


«Ұлтшылдық» деген ұран белең алып тұрған кезде Ғабит Мүсірепов, Ахмет Жұбановтармен 

бірігіп, Орталық комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Н.Жанділдинге өтініш хат жазып, 

«Абай»  операсының  сахнаға  қойылуына  қол  жеткізді  [7,  91  б.].  Сондай-ақ,  оқушылар 

сарайының құрылысы мен көркемдік безендірілуіне, «Медеу» спорт кешенін салдыруда және 

Алматыдағы  т.б.  да  ғимараттардың  салынуына  еңбек  сіңірді.  1959  жылы  денсаулығына 

байланысты 37 жасында зейнетке шығады.  

2004 жылдық желтоқсанында Елбасының жарлығымен «Халық қаһарманы» атағына ие 

болды. 


Хиуаз  Доспанованың  тағдыры  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  қазақ қыздары  ерлігінің 

бір  парағы  ғана  болып  табылады.  Соғыс  басталған  алғашқы  айларда-ақ  әскери 

комиссариатқа  өз  еріктерімен  майданға  барғысы  келетіндіктері  туралы  өтініштерін 

тапсырған  қыз-келіншектердің  саны  күннен  күнге  көбейе  берді.  Қазақ  қыздары  майдан 

даласында  қайсарлық  пен  төзімділіктің  тамаша  үлгісін  көрсете  білді.  Олардың  қатарында 

Әкима  Ақжолова,  Қалзия  Асанова,  Шәмшібану  Әмірова,  Шекер  Ботаханова,  Қантай 

Елубаева,  Рахила  Ералина,  Шағила  Құсанова,  Фатима  Сұлтанова,  Рәзия  Сыздықова,  Рәзия 

Ысқақова және т.б. қазақ қыздарын атап өтуге болады. Қазақ қыздары барлаушы мен мерген, 

медбике  мен  байланысшы,  десантшы  мен  зеңбірекші  болып  майдан  даласында  ер 

азаматтармен қатар ерлік жасады. Солардың қатарында Қызыл Крест Комитетінің «Флоренс 

Найтингейл»  медалімен  марапатталған  қазақ  қызы  Рәзия  Ысқақованың  ерлігіне  тоқталып 

өтпеу  мүмкін  емес.  Рәзия  1941  жылдың  қазан  айында  әскери  фельдшер  болып  өз  еркімен 

соғысқа  аттанады.  І-ші  Украина  майданында  генерал-полковник  П.  Рыбалко  қолбасшылық 

еткен атақты танк армиясына қарасты 55-ші танк бригадасында фельдшер қызметін атқарды. 

Борап  тұрған  жау  оғының  арасынан  талай  жаралыларды  алып  шығып,  азаматқа  тән  ерлік 

көрсетті.  1943  жылдың  жазында  Курск  доғасында  Прохоровка  елді  мекенінің  маңында 

болған шайқаста ол лаулап жанған танктің ішінен жаралы танкисті көтеріп, сыртқа шығарып, 

сол бағытымен кері қайтып төрт бірдей танкисті от оранған танктен алып шығып, барлығын 

медсанбатқа  жеткізді  [7,  362  б.].  Рәзия  Ысқақова  Сталинградтан  бастап  Харьковті,  Киевті, 

Варшаваны азат етуге қатысты. Чехословакияны азат ету үшін болған ұрыста жанып жатқан 

үйдің ішінен кішкене баланы алып шығады. Рәзия Шәкенқызының соғыс кезіндегі ерліктері 

еленіп,  Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  «Флоренс  Найтингейл»    медалімен 

марапатталған. Бұл медаль соғыс кезінде жаралылар мен ауруларға көмек көрсеткен, оларды 

ажалдан  құтқарған  және  мейірімді  жүрегімен  қамқорлық  жасай  білген  таңдаулы 

медбикелерге  ғана  тапсырылады.  Оны  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Кеңес  Одағы  бойынша 

жиырма алты медбике, ал Қазақстаннан үш фельдшер ғана алған болатын.  

Қазақ  қыздары  қатардағы  жауынгерден  командирге  дейін  көтеріліп,  табандылық  пен 

төзімділік  таныта  білді.  Сондай  қазақ  қыздарының  бірі  Әкима  Ақжолова  еді.  Әкима  соғыс 

басталған  алғашқы  айларда-ақ  аудандық  әскери  комиссариатқа  барып,  өтінішін  тапсырды. 

Бірақ  та  «өкпе  ауруына  шалдыққансың»  деп  оның  өтініші  кері  қайтарылды.  Бойындағы 

табандылығының  арқасында  және  де  аудандық  комсомол  комитетіндегі  қызметін 

пайдаланып,  ақырында  өтінішін  қабылдаттырды.  Сөйтіп,  Әкима  Рақымқызына  тез  арада 

майданға  аттанудың  сәті  түсті.  Алғашқыда  ол  Қиыр  Шығыстан  бір-ақ  шықты.  Сол  жерде 

кіші  авиа  қызметкерлерін  дайындайтын  қысқа  мерзімді  курста  оқып,  авиамоторшы 

мамандығын алды. Оны бітіргеннен кейін 583-ші авиаполкінің атқыштар тобына жіберілді.  

1942  жылы  Әкиманы  Ленинград  майданының  қарамағына  жіберу  туралы  шешім 

қабылданды. Мұны алғаш естігенде қуанғандай болғанымен, соңынан іле-шала бойын үрей 

билегенің жасыра алмайды. Әлбетте, бұл сезім Ленинград қаласын қорғаудың биік абырой 

екендігін түсінуден туындаған еді.  

Жалпы  Ұлы  Отан  соғысы  барысында  Ленинградты  қорғау  операциясы  мен  оны 

қорғаушылардың ерлігі тарихта алтын әріптермен жазылды. Қоршауда қалған Ленинградта 

Жамбылдың  өлеңі  қаланы  қорғаушыларға  моральдық  күш,  тірек  болды.  Ленинградты 

қорғаушылардың бірі атақты Всеволод Вишневский «бұл сәлемді көзге жас, көңілге қуаныш 

толы сезіммен оқымауға болмайды... Біз күшімізді еселей түсіп ұрысқа аттандық» [1, 143 б.]  



 

416 


деп  еске  алған-ды.  Қоршаудағы  900  күн  мен  түнге  созылған  арпалыста  кеңес 

азаматтарының  ерліктері  мен  шыдамдылықтарының  арқасында  неміс  командованиесінің 

жоспары тас талқан болды. Міне, осы Ленинградты әуе шабуылынан қорғайтын зенитшілер 

тобының  командирі  болып  қазақ  қызы  Әкима  Ақжолова  тағайындалды.  Әлбетте,  соғыс 

тарихында  зенит-артиллерия  тобын  талдырмаш  қыздың  басқаруы  сирек  кездесетін  жағдай. 

Ұлы Отан соғысы тарихында жиырмаға енді ғана аяқ басқан қаршадай қыз зенит-артиллерия 

командирі  болып,  Ленинград  қаласына  жау  ұшақтарын  өткізбей  қорғауда  асқан  ерліктің 

үлгісін көрсетті. 

Қаһармандық көрсеткені үшін сержант Әкима Рақымқызы  «Әуе шабуылынан  қорғау 

әскерлерінің  үздігі»  деген  атаққа  ие  болды.  Ол  басқарған  зенитшілер  тобы  Ленинград 

қаласын  бомбалап  жүрген  немістің  екі  ұшағын  атып  түсірген  ерліктері  үшін  «Қызыл 

Жұлдыз» орденімен марапатталды [7, 20 б.]. 

1942 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін әскери комиссариатқа келіп, ерікті түрде 

майданға  аттанған  қазақ  қыздарының  бірі  -  Қалзия  Асанова  болды.  Мамыр  айында 

Қызылордадан шыққан эшелон Саратов қаласына келіп тоқтады. Осы жерде қыздарды қысқа 

мерзімді  курстарға  бөле  бастағанда,  бала  күнінен  аспанға  ұшуды  армандайтын  Қалзия 

Асанова  парашютшілер  мен  зеңбірекшілер  курсына  жазылды.  Курсты  тамамдаған  бір  топ 

қызды  16-шы  дивизия  авиациялық  полкінің  271-ші  батальонына  жіберді.  Авиаполктің 

міндеті – әскери аэродромды қорғау болатын. 

Орел  қаласының  түбіндегі  шайқаста  зеңбірекші  қыз  алғаш  рет  дұшпанмен  бетпе-бет 

келді.  Зеңбірекші қыздар  неміс  әуе  күштерінің  шабуылдарына  тосқауыл  қойды.  Әуеден  оқ 

бораған  кескілескен  ұрыстардың  бірінде  Қалзия  Асанова  мергендік  танытып,  немістің 

ұшағын атып түсірді. Осы ерлігі үшін зеңбірекші Қалзия Әжібекқызы ең алғашқы наградасы 

«Ерлігі үшін» медалін алды. Гомель қаласының түбіндегі шайқастардың бірінде жараланған 

ол  әскери  госпитальға  жіберілді.  Госпитальдан  соң  І-ші  Белорусь  майданына  қосылып, 

батысқа қарай жылжи берді. Қазақ қызы батысқа бет алған майдан шебінде Варшава, Прага 

қалаларын азат етуге қатысты. Жеңіс күнін Германияда қарсы алды және де Рейхстагқа ту 

тігілген Ұлы Жеңіс салтанатының куәсі болды. Қалзия Асанова - І  және ІІ  дәрежелі Даңқ 

ордендерінің иегері [7, 33 б.]. 

Әлбетте, 91 фашисттің көзін жойған мерген қыз Әлия мен пулеметші қыз Мәншүктің, 

сондай-ақ  майдан  даласында  батырлық  танытқан  қазақ  қыздарының  ерліктерін  насихаттау 

қазіргі тәуелсіз Қазақстанның қорғаны болар, сенім жүктер ұрпағына үлгі болмақ. Заты әйел 

болса да сонау сақ заманынан келе жатқан батырлық үрдісті жалғастыру көшпелілердің ата 

дәстүрі  болып  табылады.  Бұл  дәстүрді  өскелең  жастарға  насихаттағанда  ғана  өміршең 

болмақ.  Демек    ел  басына  күн  туған  кезде  ер  азаматтармен  қатар  толарсақтан  саз  кешкен 

қазақ қыздарының ерліктерін насихаттау өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты көтереді 

деген сенімдеміз. 



Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет