Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ПОЛИЭФИР ЖӘНЕ ВИСКОЗА АРАЛАС МАТАЛАРЫНА БОЯУ ПРОЦЕСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60

ПОЛИЭФИР ЖӘНЕ ВИСКОЗА АРАЛАС МАТАЛАРЫНА БОЯУ ПРОЦЕСІНДЕ 

ӘРТҮРЛІ КЛАСcТЫ БОЯҒЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ 

Көпжанова М., студент, Тасымбекова А.Н, аға оқытушы,

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: meruert.kopzhanova@mail.ru

Тоқыма – бұл мәдениеттің ең негізгі бөлшегі, адамзат қажеттілігін қанағаттандыратын объект. 

Сондай–ақ, тоқыма халықты кәсіппен шұғылдануды қамтамасыздандыратын негізгі ортаны құрайды. 

Қазіргі  уақытта  маталардың  сапасынаөте  жоғары  талаптар  қоюда.  Қазақстанның  тоқыма 

өнеркәсібінің,  сондай  –  ақ  мақта-матасы  саласының    алдына  дүниежүзілік  стандартқа  сай  жоғары 

сапалы маталарды шығару талабы қойылды. 

Матаның  сапасы  -  иіру,  тоқу  және  өңдеу  өндірістерінің  жақсы  жұмыс  істеуіне  байланысты. 

Әсіресе өңдеу өндірісіне көп байланысты болады: колористикалық безендірілу, түстің беріктігі,сыртқы 

түрі, аз отыруы және тағы басқа тұтынушылық қасиеттері. Бұл талаптарды шешу үшін өңдеу өндірісі 

заманауи  жабдықтармен  жабдықтандырылып,  өндірістік  процесстер  механикаландырылып  және 

автоматтандырылып отыр, технологиялар жаңаруда, жаңа тектиль көмекші заттар қолданылуда және 

тағы басқа. 

Маталар  мен  жаймалардағы  дәстүрлі  суреттік  безендірілуі  өзіне  үлкен  назар    аудартады.

Көбінде  сюрреалистикалық,  авангардты,  абстрактылы  мәнер  нақышты  суреттер  және  бояулар 

текстиль материалдарында назар аударады. Аккордты және жартылай фонды композициялы түстердің 

үйлесімділігі жарылысты сипаттама береді – үйлесімділік үйлесімсіз болады. 

Түстердің контрастылығы бұйымға өзіндік  ашық  және қайталанбас ерекшелік  береді. Мұндай 

колористикалық безендірілген суреттер сипаттамасы маңызды роль атқарады.

Жұмыстың мақсаты – полиэфир мен вискозаараласматасына бояу және сурет басу процесстерінде 

әртүрлі классты бояғыштардың әсерін зерттеу.

Зерттеу  объектісі  ретінде артикулы -  Арт.82039 болатын  полиэфир мен вискозаараласматасыалынды.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде полиэфир мен вискоза аралас маталарын бояу кезінде әртүрлі 

классты бояғыштардың әсері мен көркем безендірілуі зерттелінді. 

Полиэфир мен вискоза аралас маталарын бояу үшін алдымен, тікелей және активті бояғыштармен 

вискозды  талшықты  материалды  бояйды.  Бояу  процессі  төменде  көрсетілген  сұлбалар  бойынша 

жүргізілді.

Бояу ерітінділері келесі рецептуралар бойынша дайындалды:

1. Тікелей бояғыш зат –0,5 %

Дисперсті бояғыш зат - 2%

Тұз – 5%


120

121

БАЗ-0,2 г/л

2. Активті бояғыш зат– 2%

Дисперсті бояғыш – 2%зат

Мочевина – 150г/л

NaHCO


– 20 г/л


Диспергатор – 2 г/л

Дисперсті және активті бояғыштармен бояудың технологиялық сұлбасы

Бояу процесі аяқталғаннан кейін бояу ерітіндісін салқындатып, боялған үлгілерді жуып шаяды. 

Жууды жылы 50

0

C сумен,кейін ерітінді құрамында БАЗ (2г/л) барыстық сумен, соңынан суық сумен 



жуып шаяды. 

Қорытынды

1. Полиэфир және вискоза аралас  маталарды әртүрлі бояғыштармен  бояудың  жағдайлары мен 

тәсілдері қарастырылды. 

2. Полиэфир мен вискоза аралас маталарын бояу кезінде әртүрлі классты бояғыштардың әсері 

мен көркем безендірілуі зерттелінді.

3. Берілген аралас маталардың түрлерін бояу кезінде әртүрлі классты бояғыштардың бекітілуі 

нәтижесінде қанық және ашық түстерді алуға болады, сондай –ақ алынған бояудың жоғары беріктілігін 

қамтамасыз етеді. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Куликова М. А., Журавлева Н. В. «Колорирование текстильных материалов»,- М., 2000. – с.240

2. Лобанова Л.А. Крашение, печать и роспись текстильных материалов: учебное пособие. – М., 

2013. - с.608

3. Сайт «Текстильный клуб», http://www.textileclub.ru

ӘОЖ  687-12 


122

123

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖОБАЛАНУЫ

Шоқанова С.М., студент, Талғатбекова А.Ж., т.ғ.к доцент м.а

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: Sandu-1-94@mail.ru

Жұмыстың  мақсаты  мектеп  жасындағы  балаларға  жаңа  киім  үлгілерін  ұсыну.  Ұсынылып 

отырған мектеп формалары оқушыларға жайлы да қолайлы, әрі жұмыс күні үшін ыңғайлы болуына 

жағдай жасау. Тігін өндірісінде бұйымдарды көптеп шығару процессі конструкторларға байланысты, 

сондықтан  да    экономикалық    және  конструкторлық  мақсатқа  сәйкес  конструкторлық  операциялар 

жиынтығын  өңдеуде, есептер және тігін бұйымдарының түйінді бөлшектерінің конструкциясы  болып 

табылады. Қазіргі танда әр түрлі жаңа химиялық талшықтар мен жіптер,иірім жіптерді тігін бұйымына 

қолданудың  арасында,киімдерге  арналған  материлдардыңассортименті  тоқтаусыз  кеңейіп  жаңарып 

отырады. Ал эксплуатациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі 

заманға сай безендірілуі,бұйымның сыртқы көрінісінің тұрақтылығы,оны күту жеңілдігі үлкен мәнге 

ие.  Қазіргі  өркендеу  кезеңінде  тігін  бұйымдарының  сапасы  қолданылған  техника  және  технология 

негіздеріне,өндірісті  ұйымдастыру  деңгейі  мен  механикаландыру  дәрежесіне  тікелей  байланысты. 

Кейіннен Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мектеп формасының бірыңғай 

болуы туралы заң өз күшінде қала алмады. Дегенмен, мектеп оқушылары, оның ішінде қыз балалар ақ 

көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды. Мойындарына 

көк  галстук,  көк  пилотка  киген  мыңдаған  бөбектер  мектеп  табалдырығын  аттап  жатты.  Тек  қана 

2006  жылдан  бастап,  бірыңғай  мектеп  формасына  көшу    туралы  заң  қабылданғаннан  кейін,  мектеп 

формасы бір жүйеге келтірілді. Шынтақ жапсырмасы ерте кезден бастап қолданылған. Ең алғаш неміс 

жауынгерлері киімдеріне қалдық маталарды тігуді ойлап тапты. Қарсылас жауларына көрінбеу үшін 

олар шынтақпен еңбектеп жүруге мәжбүр болды, сәйкесінше осыдан кейін олардың күртешелерінің 

жеңі  тез  ыдырап  кететін.  Балалар  киімдерінің  трансформациясы  балалардың  күнделікті  өмірінде 

қолданысқа  өте  ыңғайлы  киімдерінің  бірі.    Табиғат  құбылысы  өзгерген  сайын,  мысалы  жаңбырдан 

кейін  күн  ысып  кетсе,  балалар  күртешемен  жүре  бере  алмайды.  Тіпті  балалар  қарқынды  қозғалыс 

жасайтындықтан, олардың денесіне ауа өтіп, бала еш терлемеу керек. Сондай жағдайларды күртешелер 

мен жадағайлардың жеңдері шешіліп тасталса, балаға өте ыңғайлы болады.

Кесте 1 – Қыз балалардың мектеп формасы

Модель номері

Модельдің эскизі

Сыртқы түр сипаттамасы

1

-Қыз балаларға арналған мектеп 



формасы. 

-Бел сызығы кесілген.

-Бел сызығында бүкпе орналасқан. 

-Төменгі бөлігі қатпарланған. 

-Қатпарлар ашық көгілдір түсті «клетка» 

матасынан өңделген.                        

-Формасы конусты. 

-Жоғарғы бөлігінің кеуде тұсында 

әрлеуіш ретінде сыдырма өңделген. 

-Қолтық ойындысы қондырмалы.  

-Мойын ойындысы оймалы. 

-Жан тігісінде сыдырма орналасқан

-Артқы бой орта тігіспен.  

2

               



Кесте 2 - Шынтақ жапсырмасының түрлері  

122

123

       Шынтақ жапсырмасы ерте кезден бастап қолданылған. Бұл 

тәсіл қазіргі таңда мектеп формаларында да қолданыла бастады. 

Ата-аналар және балалар үшін тиімді тәсіл деп қарастырылды. 

Балалардың шынтақтарының көп үйкелуі киімнің тез тозуына 

әкеледі. Мектеп формаларының шынтақ бөліктеріне жапсырма 

салу киімді тозудан сақтайды.

 

Кесте 3 – Бастауыш сынып қыз балаларына арналған жиынтық



Ұсынылған бұйым түрі

      Бұл ұсынылған жиынтық жакет және 

белдемшеден тұрады. Жиынтықтың 

ерекшелігі бастауыш сыныптардағы балалар 

көп қозғалыста болады, сол себептен оларда 

шынтақтың және тізенің тез тозуы ата-

аналарға көп қиындық туғызатынын ескере 

отырып шынтаққа жапсырма қойылып 

ұсынылды. 

          

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н. Назарбаев «Казахстан - 2030» (Послание президента страны народу Казахстана).

2. ГОСТ 17037-85. Изделия швейные и трикотажные. Термины и определения;

3. Қ. Кучарбаева, Т. Амреева, Г. Чмекеева «Әйелдер және балалар киімдерін дайындау 

технологиясы»,Фолиант баспасы 2010

4. Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева «Тігін өндірісінің технологиясы», Фолиант баспасы 2011

5. Б.Р. Рысқұлова, А.Ж. Құтжанова, Э.С. Масанова, Ж.Ш.Маханова « Тігін өндірісінің 

материалтануы», Алматы баспасы 2011

ӘОЖ  687.129


124

125

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН МАУСЫМАРАЛЫҚ ҚЫСҚА ПАЛЬТОНЫ ЖӘНЕ 

ТҰТЫНУШЫ ҚАЛАУЫН ЗЕРТТЕУ

Әбіл Ә.С. студент; Нұрбай С.Қ. аға оқытушы

Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Е-mail: sunny2030@list.ru

  Әйелдер    жүктілік  кезеңінде  әдемі  және  тартымды  болғысы  келеді.    Әйелдердің  жүктілік  

кезеңінде  гардеробындағы  киімдері  түгелімен  өзгереді.    Сырт  киімдерге  ерекше    көңіл  бөлу  керек. 

Сырт киім тек әдемі ғана болмай,  болашақ ананы ауа райының түрлі құбылыстарынан да сақтауы керек. 

Сондықтан  маусымаралық  пальтоға  ерекше  қарау  керек.  Пальто  болашақ  ананы  тек  жылытып  қана 

қоймай, әдемілікті де көрсетіп тұруы керек. Трапеция тәрізді маусымаралық пальто кең қолданыста 1 

суретте көрсетілген [1].

   


          

 Сурет 1 -Трапеция тәрізді пальто

       

  Тағы бір ерекше модельдегі «жарқанат» тәрізді пальто. Болашақ ана «жарқанат» тәрізді пальтода 



өзін еркін сезіне алады.  «Жарқанат» тәрізді пальто тек ыңғайлы емес, әрі сәнді 2 суретте көрсетілген.  

Сурет 2 - «Жарқанат» тәрізді пальто

Сурет 3 - Слингопальто

Өзіңіздің  талғамыңызға  қарай  кез-келген  стильді  киюге  болады.  Ал  стильдерді  айта  берсек 



124

125

өте көп. Осыған бір мысал классикалық пальтолар. Классикалық сырт киімдерді кез-келген уақытта 

кие аласыз. Классикалық пальтоны жүкті әйелдерге арнап  3 суретте көрсетілгендей слингопальтоны 

ұсынуға болады [2].

Киімді  қолданушылардың  сипаттамасы  зерттеулер  нәтижесіне  қарай  орындалды.  Анкетаға 

қатысқандардың көпшілігі орта жастағы әйелдер. Ол туатын әйелдердің жастарының ұлғайғандығын 

көрсетеді және олар баланың дүниеге келуіне психологиялық дайын. 4 суретте  сұралған әйелдердің 

жастық құрамының диаграммасы көрсетілген.

Сурет 4 - Сұралған әйелдердің жастық құрамының диаграммасы

Келесі  зерттеу  нәтижесі  киімді  сатып  алуда  туындаған  кейбір  қиыншылықтарды  айқындауға 

мүмкіндік  берді.  Тек  әйелдердің  3%-ті  ғана  ательеден  киім  тіктіруге  мүмкіндігі  бар,  көпшілігі 

дүкендерден  және  базарлардан  сатып  алуға  тырысады  (36  %).  Ал  өзге  әйелдер  әдеттегі  киімге 

бейімделуге және өздері тігіп алуға тырысады [3]. 

Сұралған әйелдердің жартысынан көбі ашық және жарқын түсті киімдерді ұнатса қалғандары 

ашық және өзгеше киімді дүкендерден іздеп қиындыққа ұшырайды. Киімді алуда әйелдер ең алдымен 

киімнің қаншалықты ыңғайлы, функционалды (53 %) және әдемілігіне (28 %) назар аударса, кейіннен 

бағасы  қанша  (10  %)  және  қандай  матадан  жасалғандығына  қарайды  5  суреттегі  диаграммада 

көрсетілген.  Мұндай  жағдай,  біріншідіен,  киімнің  функционалды  арналуынан  туындаған  ыңғайлы 

талаптардың приоритеті ретінде түсіндіріледі. 

 

              



Сурет 5 - Тұтынушы талабының маңыздылығы жайлы сұрақты бөлу диаграммасы

Осылайша маркетингтік зерттеулер нәтжесі бойынша көркемдік құрылысының маңызды екендігі 

және тиімді гардероб жасауда барлық тұтынушылар талабы есепке алынады.

ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMI

1. Густова Е. Н. «Разработка технологии проектирования одежды для женщин в до- и послеродовой 

период». Дис. канд. техн. наук. М., 2003

2. http://www.ellevill.org/category/slingopalto/

3. Статистический ежегодник «Казахстан в 2013 году», Астана 2013, с.19

УДК 677.027.


126

127

БИОЦИДНАЯ ОТДЕЛКА ХЛОПЧАТОБУМАЖНОЙ ТКАНИ С НА ОСНОВЕ 

НАНОЧАСТИЦ СЕРЕБРА 

Камалбаева К., магистрант; рук. Буркитбай А., к.т.н.

Алматинский Технологический Университет, г. Алматы, Республика Казахстан, 

E

-mail: kuralai_10.10.92@mail.ru

В  работе  рассматривается  разработка  новой  полимерной    композиции  на  основе  наночастиц 

серебра и биоцидных препаратов для  антимикробной отделки  хлопчатобумажной ткани.

Под  воздействием  микроорганизмов  ухудшается  внешний  вид  изделий,  появляются    пятна, 

неприятный запах, снижаются прочностные показатели и, в конечном итоге, утрачиваются  эстетические 

и эксплуатационные свойств.

Исследовательская задача состояла в поиске способа биозащитной отделки хлопчатобумажной 

ткани с применением невредных для здоровья человека препаратов, способных вступать в химические 

связи между собой и с целлюлозой волокна.

Объектом  исследования  в  работе  является:  хлопчатобумажная  ткань  артикула  03С7-БЧ484 

бязевой группы.

Обработку образцов хлопчатобумажной ткани осуществляли путем пропитки аппретирующим 

раствором композиции на лабораторной двухвальной плюсовке с 90%-ным отжимом, последующей 

сушкой и термофиксацией. После промывки в дистиллированной воде ткань высушивали при комнатной 

температуре [1 – 3]. Фиксацию аппретирующего состава на ткани проводили в сушильном шкафу при 

температуре 140

0

С.  


Антимикробные  свойства  хлопчатобумажной  ткани  проверялись  с  применением  метода 

лабораторных испытаний на устойчивость к микробиологическому разрушению (ГОСТ 9.060–75).

Показатели прочности оценивали значениями  разрывных нагрузок, определяемых на разрывной 

машине  РТ-250, которые представлены в таблице 1.  

Таблица 1. Показатели прочности и биоустойчивости хлопчатобумажной ткани

Разрывная нагрузка



(до биоразрушения/ 

после биоразушения),

Н

Устойчивость к 



микробио-логическому 

разрушению, П, %

Состав 1

371/316


90,6

Состав  2

374/323

92,8


Состав 3

370/302


86,8

Состав 4


342/281

81

Состав 5



389/311

89,6


Состав 6

352/295


84,8

Исходная ткань

349/262

75

Из  таблицы  1  следует,  что  устойчивость  обработанной  ткани  к  микробиологическому 



разрушению, по сравнению с необработанной увеличивается в 1,3 раза, о чем свидетельствует рост 

данного показателя до 92,8 %. 

Образцы  хлопчатобумажной  ткани,  обработанной  предлагаемой  композицией  исследовались 

с  помощью  электронного  сканирующего  микроскопа  JSM-6490LA.  В  результате  исследования 

обнаружено, что в образцах обработанной ткани присутствуют наночастицы серебра (рисунок 1).


126

127

а)

б)



Рисунок 1 – Электронно-микроскопические снимки хлопчатобумажной ткани: а – необработанная ткань, 

б – ткань, обработанная композицией на основе наночастиц серебра

В  результате  исследования  установлено,  что  аппретированная  хлопчатобумажная  ткань 

композиционным  составом  на  основе  наночастиц  серебра  и  биоцидных  препаратов  приобретает  

антимикробные  свойства,  в  результате  чего  не  обрастает  плесневыми  грибками  и  не  разрушается 

микроорганизмами в условиях  эксплуатации. 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 

1. Кричевский Г.Е. Химическая технология текстильных материалов. М.: Российский заочный 

институт текстильной и легкой промышленности, 2001. Т. 3.  С. 11 – 12.

2. Киселева А. Ю,  Шушина И.А. Козлова О. В.,   Телегин Ф. Ю.  Бактерицидные текстильные 

материалы на основе биологически активных препаратов и наносеребра. Известия высших учебных 

заведений. Технология легкой промышленности. 2011. №12. С110-1124 

3.  Инновационный  патент  №  20162  РК.  Способ  антимикробной  отделки  целлюлозного 

текстильного  материала  /  Таусарова  Б.Р.,  Кутжанова  А.Ж.,  Буркитбай  А.,  Маметеков  Т.К.  опубл. 

15.10.2008, бюл. № 10. – 3 с: ил.

ӘОЖ: 687.016 

       БАТИКТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАСАЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әлімтаева А.Т., студент, Абижанова А.Ш., магистр,

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Әр  халықтың  өзіндік  қолөнері  бар  екені  барлығымызға  аян.  Қолөнер  ғасырлар  бойы  дамып, 

қалыптасып  келе  жатқан  халық  шығармашылығы.  Қолөнердің  бір  түрі  батик  өнері.  Батик  өнерінің 

Отаны Қытай және Үнді елі. Бірақ бұл батик өнері ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали араларында 

дамып, бүкіл әлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. 

Негізі «Батик» - сөзінің аудармасы (ыстық балауызбен сурет салу) Яғни матаға суретті түсіру үшін 

ерітілген балауызды қолдану.

Ежелгі  матаны  әрлеудің  әдісінің  тәсілі  –  батик.  Батик  сөзі  Яван  тілінен  аударғанда  ыстық 

балауызбен сурет салу деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің арқасында  ыстық батик техникасының 


128

129

атауы шығады. Ыстық батик техникасы жеткілікті  күрделі және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан 

да  қысқа  тоқталып  жатырмыз.  Рамаға  керілген  матаға  балауызды  пайдалана  отырып,  әртүрлі  өрнек 

элементтерін саламыз. Балауыздың толық кебуінен кейін ашық қалған жерлерді түрлі түсті бояулармен 

бояп  шығамыз.  Осы  әдісті  бірнеше  рет  қайталауға  болады  түстердің  қалай  шығуына  байланысты. 

Соңғы рет матаны кептіргеннен кейін үтіктің көмгімен балауызды алып тастаймыз. Бүгінде балауыздың  

жағылуына пайда болған жаңа тәсілдердің арқасында ыстық батик көп еңбекті қажет етпейтін болды.  

Сонда да бұрынғысынша  жоғары көркемдік түрінде қалады.[6]

Батик – матада жасалатын ерекше техника, сонымен қатар қолымен сәнденген матаның өзін де 

батик деп атайды. Орындалу техникасы сурет үйлестіруінде негізі салынған.

Батик  Индонезия  халықтарында  баяғыдан  белгілі  (әсіресе  Ява  аралында,  біздің  I  ғасырда.), 

Индияда, содан соң Шумермен елдерінде, Жапонияда, Перуде, Батыстағы  және Орталық Африкада , 

және кешірек (XVIII ғ) – Европада, Ресейде 1930 жылдарға қарай бөлінеді 

Батиктің технологиясы. 

Түйінді батик техникасы. 

Түйінді  батик  техникасы  Үндіқытайдағы    ең  ежелгі  болып  есептелінеді.  Балалуызбен  үріліп 

өтеді, бояудың бір-біріне тиюінен сақтайды, бірақ – құрамында әртүрлі шырақтар, арқандар болады. 

Матаны тығыз орап алып, жіпппен байлайды краскаға салынады немесе красканы қылқаламмен жүріп 

өтеді. Содан соң матадан жіпті алып тастағаннан кейін жіп тұрған жер боялмай қалады. Матада пайда 

болған  сурет  матаны  орауына  жіпті  байлауына  байланысты  болады.  Түйіншектер  тоқылып  немесе 

қолмен істелетін қаттап салулар ине мен бізбен жасалынады. 

Түйінді батиктің әртүрлі аттары көп тараған: лахерия, тритик, жұқа тақтайшалар, бандхани  және т.б. [5]

          

Ең танымал батик түрлері – ыстық және суық батик. Батиктің негізі әр түрлі техникада қаланған, 

негіздің матаға түсірілуі және осы резервтің жүргізілуі суық пен ыстық батиктің арасын ашып тұрады.  

Егер суық батик пен ыстық батикті салыстырсақ, онда суық батик бояуға көбірек ұқсас болып 

келеді, ал ыстық батикте жұыс әлдеқайда тереңірек, тірілеу және көлемді келеді. 

Ыстық батик жазуға жиірек мақта матаны қолданады. Ал мақта күнделікті өірде ауыстырғысыз 

бұйым. Ыстық зығыр тіпті балуызды сіңдіріп алады. 

Бұл жұмыстың нәтижнсі өте жақсы бірақ процессі өте көп еңбекті қажет етеді. Ыстық батик – 

көбірек уақыт алады және құны қымбат бағалы. 

Ыстық  батикте  тәжірибелік  орындалмайтын  жұмыстар  бар.  Пайдаланатын  түстері  шектеулі. 

Жұмысты айқын талап етеді. Түрлі түсті гамммаларды жарықтан қараңғыға қарай салу керек. 

Ыстық  батик  парасатпен,  жұмбақталған  алдын  ала  болжамсыз.  Оның  түстері  терең  қандай 

да бір шарммен көздің жауын алады, ұсақ жіңішке түріндегі кракелюралармен, салынған сурет. Ол 

жапалақтанған  ақ  негіздің  артында  жасырынып  жатқан  сурет.  Ыстық  батик  кемірек  болжанады, 

сондықтан да бір сыпыра суретшілер оны жоғары бағалайды. [3]

 

            



128

129

Суық батик – графикалық сурет анық контуры бар. Суық батикте ақ және түрлі түсті сызық еқ 

мінездемелі  айқын  нұсқаларды  бқліп  жатады.  Барлық  сурет  бөлшкектерінде  айқын  шекаралар  бар. 

Жазу тек қана резерв жүріп өткен сызықтың ішінде болады. 

  Суық  батикке  арналған  әрбір  негізді  мақта  сіңдіріп  ала  алмайды.  Суық  батик  жазу  кезінде 

мейлінше  табиғи  маталарды  пайдаланады,  жібек  болса  тіпті  керемет  бірақ  басқада  маталарды 

пайдалануға болады. Өте жақсы табиғи тығыз (крепдешин, шифон, креп-жоржет, атлас, сондай-ақ өте 

жіңішке жүн туаль). Синтетикалық мата берік болғанымен барлық жағдайда жазуға жарамды емес.  

Суық батик те ыстық батикке қараған да жеңілірек. Жұмысты бамтамас бұрын қажетті құралдарды 

реттеп алу қажет:

 

                



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Искусство батика. – М., ООО Изд-во АСТ. 2001.

2. Синеглазова  М. О. Распишем ткань сами. – «Профидзат», М., 2001.

3. Дворкина И. А. Батик. Горячий. Холодный. Узелковый. – М.: «Радуга», 2002,2-е изд. – 2008. 

4. Синеглазова  М.О.  Батик. – «МСП», 2004.

5. Давыдов С. Батик: техника, приемы, изделия. – «АСТ-Пресс», 2005.

ӘОЖ  687.12

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІН ЗАМАНАУИ КИІМГЕ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ 

ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ 

Исаева А.А. бакалавр, Рустемова А.О. аға оқытушы

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Е-mail: ainur_1802@mail.ru, aigulya1105@mail.ru

Ұлттық киім – киім бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-

дәстүр, халықтың хал - ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының ғасырлар 

бойы  қалыптасқан дәстүрлі  киім түрлері өзгеріске  ұшырады. Дәстүрлі  киімнің бояуын,  түсін  заман 

талабына сай өзгерткенмен, оның түрін, пішінін өзгертуде ұлттық ерекшелігі сақтау қажет.[1] Қазіргі 

кезеңде  әйелдер  гардеробындағы  аздаған  киімдерден  әр  түрлі  жиынтықты  құрастыру  мүмкіндігі 

маңызды факторға айналды. Көп комплектілік біздің өмірімізде сұранымға енді. Бұл тек ыңғайлы болып 

қана қоймай, эстетикалық және эксплуатациялық талаптардан қанағаттандырады. Киім жиынтығының 

бір элементін түрлендіре отырып, әр түрлі үлгідегі бірнеше киім жиынтығын құрастыруға болады.  

Киімдегі трансформацияның барлық заңдылықтарын толық түсіну үшін,  терминның өзіне көңіл 

бөлген жөн. Ең нақты анықтама ретінде: трансформация - жаңарту, түрдің өзгеруі, форманың өзгеруі 

болып саналады.

Трансформация терминін дизайн жағынан қарайтын болсақ, мағынасы түрдің жаңадан немесе 

басқаша өзгеруі дегенді білдіреді [2].   

 

 

Әйел костюмінде тасымалданатын бөлшектерді түрлендіруде тұтынушының талаптарын толық 



қанағаттандыруда таңдалынып алынған киім үлгісінің тұтынушылық қасиетін, нарық жағдайын және 

тұрақсыз экономика жағдайындағы өндіріс мүмкіндіктерін анықтау қажет. 

Дизайндағы трансформацияланатын объект  материалдық құрылым ретінде саналады, бұйым бір 

немесе бірнеше түйіндер бойынша бір түрден бірнеше түрге өзгереді.  

 

 

 



130

131

Заманауи киім жиынтығын дайындау мақсатында дәстүрлі  қазақ ұлттық киім элементі -  белдемше 

талдаудан өткізілді. Талдау барысында белдемшенің геометриялық  конструкциясы және өлшемдері 

анықталды  (сурет  1).  Мұражайда  орналасқан  Оңтүстік  Қазақстанда  киілген  дәстүрлі    белдемшенің 

формасы трапеция тәріздес, артқы бөлігі тұтас пішілген, алдыңғы бойы екі бөліктен тұрады. Белдігі 

қосып тігілген, кең. 

Белдемше үлгісінің фотосуретін өлшеу нәтижесінде масштаб әдісімен келесі мәліметтер алынды:

Белдемшенің бел деңгейіндегі ені  - 40 см

Белдіктің ені – 10 см

Бөксе сызығының  ені – 80 см

Етегінің ені – 80 см

Белдемшенің ұзындығы – 90 см

Сурет 1 -   Дәстүрлі белдемшенің өлшеу схемасы

  

Алынған өлшемдерді талдау нәтижесінде бел ені мен етек енінің пропорциялық қатынасы 1:2 



екендігі анықталды.

Кестеде  киімнің  (белдемшенің)  бір  бөлшегінің  қарапайым  пішімін  белгілеу  және  оны 

трансформациялау  бағыты  көрсетілді (кесте 1). 

Кесте 1. Дәстүрлі   трансформацияланатын объект – белдемшені салыстыру

 Белдемше, 



дәстүрлі көрініс

Модификация 

нұсқалары

Трансформация түрі

1

 

Бөлшектің ұзындығын өзгерту (қысқару)



2

 

Бөлшектердің бөлінуі



3

 

Бөлшектердің жылжуы,  (қаусырылу)



4

 

Бөлшектердің айналуы



 

Кестеде  көрсетілгендей,  негізгі  дәстүрлі  формадан  бірнеше  нұсқалар  алынуы  мүмкін. 

Трансформацияланатын бөлшектің өзгеруі, әртүрлі типтегі элементтердің негізін қолдану формалық 

ұстанымының әдістерін зерттеуге және дамытуға мүмкіндік береді. 

Өлшеуден  алынған  нәтижелерді  және  трансформация  әдісін  қолдана  отырып,  заманауи 

белдемшенің үлгісі дайындалды (сурет 2). Ұсынылған үлгіде  дәстүрлі белдемше  қысқарып, заманауи 

түрге жақындады,  яғни, трансформацияға ұшырайды.


130

131

Сурет 2 -  Заманауи үлгіде трансформация әдісімен  дайындалған киім жиынтығы 

Белдемшедегі    элементтердің    жылжуы  арқылы,  яғни,  негізгі  структураны  бір  күйден  басқа 

күйге  алмастыру  жолымен пішінді өзгертуге мүмкіншілік туғызады. Дәстүрлі костюм элементтерінің  

структурасы  тепе  -  теңдік  арқылы  шешіліп,  бір  ыңғайлылық  тәртіпке  ену  қағидаттары  заманауи 

костюмді жобалауда  ескерілуі қажет. Киім құрастырудың жаңа түрін әзірлеу - қазіргі күнделікті барлық 

киім түрлеріне қазақтың ұлттық элементтерін енгізуге үлес қосу және қазақтың қолданыстан шығып 

қалып жатқан элементтерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Өткенсіз болашақ жоқ, өткенге көңіл 

бөле отырып, қазіргі заман үлгісіндегі киімдермен  ерекше жаңалықтар енгізу -  қазіргі заман талабы.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Әжіғали Е., т. б. Салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары. / Ш. Уәлиханов атындағы тарих және 

этнология институты ред. –Алматы: Арыс. Біртұтастығы мен ерекшелігі, 2005.

2. Нуржасарова М.А., Талгатбекова А.Ж. Анализ элементов одежды казахского национального 

костюма  //  Материалы  международной  научно-практической  конференции    «Стратегия  развития 

пищевой и легкой промышленности». –  Алматы, 2004. 

3. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2000.

ӘОЖ 687-12



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет