Кіріспе. Тігін-трикотаж өндірісінің негізгі технологиясы. Курстың негізгі мақсаты мен міндеті. Қазіргі кездегі тоқыма өндірістегі негізгі өндіріс ұйымдастыру жүйесі оның артықшылығы мен кемшілігін қарастыратын бөлім тігін-трикотаж технологиясы болады
Тігін-трикотаж өндірістің технологиялық процестері Тоқыма-тігін өндірісінде іш- киімдерді, сырт бұйымдарды, қолғаптарды жаймадан немесе жартылай жүйеленген(тоқылған) купондардан немесе бөлшектерден пішіп тігеді. Технологиялық белгілері бойынша пішіп – тігу өндірісі келесі бөлімдерден тұрады: – жаймалар мен купондарды және бөлшектерді пішуге дайындау; – пішу учаскесі;
– тігу учаскесі;
– шығару учаскесі.
Пішуге дайындау бөлімі Бұл бөлімде келесі операцияларды орындайды: – жаймаларды, купондарды, бөлшектерді және қолтаңбалы материалдарды қабылдайды; – оларды іріктеп тексереді; – төсемдегі жайманы артикул, түрі және ені бойынша жинақтайды; – төсемді негізгі және қосымша материалдармен жинақтайды; – төсемнің жоғары қабатын бормен белгілейді; – купондар мен бөлшектерді де қосымша материалдармен жинақтайды.
Осы операцияларға байланысты пішуге дайындау бөлімінде жеткілікті өндіріс ауданы болу қажет. Ол жерде сөрелер, механикаландырылған үстелдер, лекало сақтайтын орын, жайманы тасымалдайтын құрылғылар және т. б. жабдықтар тұратын аудан болу керек. Пішуге дайындау бөлімде тоқыма тынығу үшін, оларды сөрелерге жинап қойяды. Бұл кезде тоқымада релаксация процестері өтеді, яғни тоқыма біршама тепе – теңдік қалпына келеді. Тоқыманың тынығуы ұсынылған нормативті техникалық құжаттың(НТҚ) режіміне сай болу қажет.
Пішуге дайындау бөлімде жаймалар мен купондар және бөлшектер арнайы сөрелерде сақталады. Сөрелер вертикальді және горизонтальді қоршаумен бөлініп, ұяшық құрайды.
Бұйымның бір моделін шығару үшін, ұяшықта артикулы бір, ені мен түсі бірдей жаймаларды және купондар мен бөлшектерді жинап қояды.
Пішу учаскенің жұмысы үзіліссіз жүру үшін, дайындау бөлімінде тоқыманың екі күндік қоры болу қажет.