Семинар-14 Орындаған


Жаратылыстану пәнінің негізгі мазмұны



бет2/3
Дата19.02.2023
өлшемі22,61 Kb.
#69291
түріСеминар
1   2   3
Жаратылыстану пәнінің негізгі мазмұны –оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
«Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз
ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. [1]
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді.
Мысалы: Ғарыш тақырбын өткен кезде оқушылар осы тақырыпты жақсы деңгейде меңгеру үшін сыныпты ғарыш әлемінде отырғандай етіп безендірім ,оқушыларды"Зерттеушілер","Мүсіншілер","Құрастырушылар", "Суретшілер"болып 4 топқа бөліп сабақ өткіздім..Бұл сабақта зерттеушілер тобындағы оқушылар тігілген скафандр киіп отыруға болады.Зерттеушілер зымыранның қалай ұшатынын зерттеу үшін тәжірибе жасайды.Ол үшін жіпті жоғарға байлап, төменгі жағына шарды үріп арнайы түтікшеге байлап ұршыру арқылы зымыранның қалай ұшатынына көз жеткізеді.Тағы тәжірибе жасау үшін үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойдым. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасады.Бұндай тәжірибелер арқылы оқушылар зерттеуше машықтанады және көзбен көру арқылы көз жеткізеді. Осы сабақты бекіту мақсатында "Кэрролл" диаграммасын пайдалануға болады. Осыған сәйкес суреттерді жапсырады

Ғарыш әлемі (Күн,Марс,Юпитер т.с.с)

Ғарыш әлемі емес (глобус,шар т.с.с)

Дөңгелек

Дөңгелке емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет