Семинар 15 Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық полигоны


Мемлекеттік және қоғам қайраткерлері Д.А.Қонаев, Ж.Тәженов



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі31,6 Kb.
#23288
түріСеминар
1   2   3   4
2. Мемлекеттік және қоғам қайраткерлері Д.А.Қонаев, Ж.Тәженов

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.

Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін халқының пайдасына жұмсады. Д.А.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, əлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия жəне кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сəт естен шығарған жоқ. 1960-шы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін, атап айтсақ, екі совхоз бен 500 мың қойдан басқа жерлердің барлыған қайтадан қайтарып алуы соның айқын бір дəлелі еді . Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет