Семинарға дербес бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен қаржы саласына жауапты мамандар қатысты


– МӘМС шеңберінде АИТВ инфекциясына қатысты: механизмі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#10753
түріСеминар
1   2   3   4

– МӘМС шеңберінде АИТВ инфекциясына қатысты: механизмі 

қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. 

(қаншалықты әсер етеді)? 

– Әлеуметтік мәні бар  аурулардың тізіміне кіретін АИТВ инфекция-

сымен байланысты медициналық көрсетілетін қызметтердің шығынын 

өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 

ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне қарай қорға беріледі. 

– Балалар неше жасқа дейін ММС жүйесіне төленетін жарналар-

дан босатылады?

– 18 жасқа дейінгі балалар, ЖОО студенттері және оқу аяқталғанға 

дейін  ТжКБ-ның  күндізгі  оқудағы  оқушылар  МӘСҚ  жарналарынан 

босатылған. 



– МӘМ сақтандыруда санаторийлік-курорттық ем алу қарасты-

рыл ған ба?

– Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік 

медициналық сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен 

бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бой-

ынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.

– Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық 

белгісі  бойынша  шарт  жасаған  медициналық  ұйымдар  туралы 

қайдан білуге болады?

– Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында МӘМС қормен 

келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналастыры-

латын болады, қордың ақпараттық қызметтерінде  де ақпарат алуға 

болады.     

– МӘСҚ-мен шартқа отырмаған коммерциялық клиникалардың 

дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды 

МӘСҚ өтей алады ма?

– Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік зат-

тарды МӘСҚ арқылы қор мен клиника арасында шарт жасалған жағдайда 

өтеледі. 



– Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал, 

қолданыста бары ескірген, сондықтан, анализге рецептті немесе 

жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емха-

нада бар). Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. Сонымен қатар, 

медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және 

электрондық. Нәтижесінде, арнаулы мамандарға жолдама алу үшін 

алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан 

кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жолдама алу үшін тағы 2-3 

апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты 

жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге 

көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде 

шешіледі ме? Қалай шешіледі?

– Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, 

медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің 

саны,  техникалық  жарақтандырылуы  және  медициналық  көмек 

ұйымының құрылымы белгіленген ең аз талаптарға (стандарттарға) 

сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады. Екіншіден, кон-

курсты тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе ала-

ды. Ал, ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз 

қызметтерді жеткізушілер ретінде, МӘСҚ ұсынылатын медициналық 

көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды. Үшіншіден, 

2018  жылдан  бастап  ауруханалар  мен  емханаларда  техникалық 

қайта жабдықтау мүмкіндігі  пайда болады, өйткені, осы жылдан ба-

стап қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі. Төртіншіден, 

қолданыстағы  ақпараттық  жүйе  бүгінгі  таңда  қабылдауға  E-GOV, 

медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік 

береді. МӘМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘМС-тің АТ-

жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс. 

– Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге 

жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 

100%-дық өтеледі?

– Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың 

тізімін анықтады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе сақталып қана 

қоймайды, сондай-ақ, оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және 

жақсартылады.  

–  Сақтандырылған  адам  ММС  жүйесінде  республикадан 

тысқары жерде тегін емделе алады ма? 

– Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында 

көрсетілген медициналық қызметтерге ғана ақы төлейді. 

–  Жұмыс беруші МӘСҚ мен үшін салым төлеп жатқанын өзіме 

қалай білуге болады? 

–  Егер  сіздің  интернетке  кіруге  мүмкіндігіңіз  болса,  онда  сіз, 

медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аудары-

луы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңыздан 

ала аласыз не жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, қорға ресми түрде 

сұрату жібере аласыз. Егер интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, 

онда сақтандырылғаныңыз туралы сіз бекітілген емханаға хабарла-

сып білуіңізге болады. Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші, есепті айдан 

кейінгі айдың 15-күнін кешіктірмей ай сайын аударымдар мен (неме-

се) жарналар төленетін жұмысшыларына есептелген (ұсталып қалған) 

және аударылған салымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті 

ұсынуға міндетті. 



(Жалғасы бар)

Байқауда алдымен өз жанұяларымен 

таныс  ету,  салт-дәстүрді  білуі,  жұмбақ, 

мақал  айтудан  сайысу,  тегін  білу  өнері 

ортаға түсіп сайыскерлер тапқырлық та-

нытып, татулық пен ұйымшылдық көрсетті. 

Нәтижесінде,  жеңімпаздар  анықталып, 

«Жанель»  балабақшасынан  Сейлов-

тер отбасы бас жүлдені жеңіп алды. №4 

«Шұғыла»  санаторлық  бөбекжайынан 

сынға түскен Юсуповтар отбасы жүлделі 

1 орынды иемденсе, ІІ орынға «Жансая» 

жеке  балабақшасынан  Табибім  отбасы 

көтерілді. Жүлделі ІІІ орынды Жақаев ау-

ылы, «Гүлсезім» жеке балабақшасынан 

Тілемесовтер отбасы жеңіп алды. Негізгі 

жүлделермен қатар «Өнерлі отбасы» но-

минациясымен Бидайкөл ауылы «Жанер-

ке» жеке балабақшасынан Кенжетайұлы 

отбасы,  «Мерейлі  отбасы»  номинация-

сымен «Айдана» жеке балабақшасынан 

Адамбековтер  отбасы,  «Шығармашыл 

отбасы» номинациясымен Байсын ауы-

лынан Әлиевтер отбасы марапатталып, 

сый-сияпаттарға  ие  болды.  Бұл  байқау 

баланың  ата-ана  өміріндегі  маңызын 

арттырып,  отбасы  мен  балабақша 

арасындағы байланысты нығайта түсуге 

игі септігін тигізе білді. 

Б.БӘЙІМБЕТ

Жуырда «Арман» мәдениет үйінде білім бөліміне қарасты балабақшааралық ІІІ 

оқу-әдістемелік аймаққа қарасты жеке және мемлекеттік балабақшалар арасын-

да «Үлгілі отбасы – 2017» байқауы болып өтіп, оған №2 «Балбөбек» бөбекжайының 

меңгерушісі К.Көпенова жетекшілік жасады.

ОТАН ДЕП СО

АН 

Ж РЕКТЕР

50 ЖЫЛ Б РЫН АЙТЫЛ АН АМАНАТ

АНА –  МІРДІ  ТІРЕГІ

Аталмыш  шараға  ауданның  қорғаныс  істері  жөніндегі 

бөлімінің басшысы, подполковник  С.Әлімбетов, ауыл әкімі 

Е.Ахметов, Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының әскери 

есепке алу жөніндегі маманы Б.Әбілдаев қатысты.

Шара  еліміздің  қарулы  күштерінің  құрылуымен  байла-

нысты  болғандықтан  патриоттық  бағытта  өрбіді.  Арнайы 

дайындалған концерттік бағдарламада Отан, туған ел, туған 

жер тақырыбындағы әндер шырқалды. Сондай-ақ,  жастардың 

рухын көтеретіндей әңгіме өрбіп, әскери өмір жайлы кеңінен 

айтылды.

Наурыз айының 4 жұлдызында Төңкеріс ауылдық округінде 

«Ана деген тіршіліктің тірегі» деген тақырыппен халықаралық 

әйелдер күніне  арналған мерекелік шара өткізілді. Ауылдық 

клуб үйінің меңгерушісі  Б.Арыстанованың ұйымдастыруымен 

өткізілген шара аналардың қоғамдағы  рөлін айшықтайтын 

қойылыммен басталды. 

Шара барысында ауыл  әкімінің міндетін атқарушы К.Мұсаев 

пен  әйелдер  кеңесінің  төрайымы  П.Даниярова  сөз  сөйлеп, 

төңкерістік қыз-келіншектер мен аяулы аналарды 8 наурыз – 

халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ыстық ықыластарын 

білдірді.

Мерекелік жиын ауыл өнерпаздары әзірлеген концертке 

ұласты. Ауылдағы мәдениет ошағының жанынан жұмыс жа-

сайтын үйірмелердің мүшелері аналар жайлы ән салып, кешті 

көңілді ете білді.



«Өскен өңір» ақпарат

Қазақстанның қарулы күштерінің 25 жылдығына орай 

3 наурыз күні Бидайкөл елді мекенінде «Отан деп соққан 

жүректер» тақырыбында шара болып өтті. 

Шиелі ауданының тұрғындары 

биыл, яғни 2017 жылы құпияның 

сырына қанық болмақ. Қалайша 

дейсіз бе? Айтып берейік. Осы-

дан тура  50 жыл бұрын Шиелінің 

орталығына биіктігі 3 метрге 

пара-пар тұғыр тас орнатылған 

болатын. Оның төбесіне салмағы 

тоннаға жуық сүйірлене біткен 

бетон отырғызылып, 

50 жылға дейін ашуға болмай-

тындай етіп мөрленіпті.

–   Ж ұ б а н ы ш   а ғ а ,   Ш и е л і г е 

келіп  арнайы  концерт  қойып, 

жұртшылыққа  тамаша  көңіл-күй 

сыйлағаныңызға рақмет. Əнші На-

ртай Бекежанов пен ақын Əбділда 

Тəжібаевтың туған жері сізге ұнады 

ма?

–  Əрине  ұнады.  Жалпы,  бұл 

Шиеліге бірінші  келуім емес. Анамның 

өзі түбі осы жерден. Əнші Нартайдың 

елінде  өнерді  жақсы  бағалайды. 

Оны бағанағы концертте де көрдік. 

Жүректен  шыққан  əнді  жүрекпен 

тыңдайтын көрермендердің алдын-

да қайта-қайта əн салғың келеді екен.

– Жəке, өнер адамы болғаннан 

кейін  сол  салаға  қатысты  сұрақ 

қойғанды  жөн  көріп  отырмыз. 

Қазір  кəрістерше  сəнденіп,  шаш 

үлгісі  мен  киіміне  дейін  айныт-

пай киінетін əншілер пайда болды.  

Тіпті, құлақтарына сырға да тағып 

алып жатады.  Негізі, сахнаға осы-

лай шығып, əн айтатындарға қалай 

қарайсыз?

– Сахна мен шынайы өмірді ша-

тастырмау керек. Сахнаға адам өнер 

көрсету үшін шығады. Жаңағы айтып 

отырған əншілер сəнді киіммен əн ай-

туды əдетке айналдырса да, өмірде 

шынайы болса деймін.

–  Дүйім  жұрт  сізді  талант-

ты  əнші  ретінде  жақсы  таниды. 

Бойыңыздағы дарынды өнермен 

ұштастырып,  халықтың  сүйікті 

əншісіне айналдыңыз.  Егер  əнші 

болмағанда кім болар едіңіз?

– Өнер жолын таңдамасам фут-

болшы болар едім. Бала кезімнен 

футболға əуеспін.  Əлі күнге дейін 

тəп-тəуір ойнаймын.  Шынымды айт-

сам, менде не əнші не футболшы бо-

ламын деген екі-ақ бағыт болды.

–  Француздарда  «сен  саясат-

пен айналыспасаң, саясат сенімен 

айналыс ады»  деген  сөз  бар. 

Қазір  өнер  адамдары  да,  спорт 

жұлдыздары да депутат болып жа-

тыр. Ал, сіздің депутат болғыңыз  

келмей ме?

–  Мен  шығармашылық  жолды 

таңдаған адаммын.

– Ашық əрі шынайы əңгімеңізге 

рақмет.

Сұқбаттасқан 

Азиз БАТЫРБЕКОВ

ӘНШІ БОЛМАҒАНЫМДА 

ФУТБОЛШЫ БОЛАР ЕДІМ

Жұбаныш ЖЕКСЕНҰЛЫ:



Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әншілердің бірі, әнді жүрекпен айтып, жүрекке жеткізе білетін 

дарын иесі Жұбаныш Жексенұлы екені белгілі. Шуақты көктемнің алғашқы күні әнші Жұбаныш Шиелі 

жеріне келіп, концерт өткізді. Біз үшін өнер иесімен сұқбаттасудың сәті түсті.

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР ІРІКТЕЛДІ

ØÀÐÒÀÐÀÏ

3

Osken_onir@mail.ru



№19 (8472) 7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

ХАБАРЛАНДЫРУ

«ВЭК «Тек Казинвест» ЖШС 2017 жылы 4 сәуір күні 

сағат  11.00-де  Шиелі  елді-мекенінің  «Арман»  мәдениет 

үйінде  Қызылорда  облысындағы  Қарамұрын  кен  ор-

нын  да құрамында алтыны бар кендерді өндірістік өңдеу 

кезіндегі жобаланып отырған шаруашылық қызметтерді 

талқылау,  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  бағалау 

(ҚОӘБ)  материалдары  бойынша  қоғамдық  тыңдаулар 

өткізілетіндігін хабарлайды. 

Шағымдар  мен  ұсыныстар  келесі  мекен-жай  бойын-

ша қабылданады: Алматы қ., Тілендиев көшесі, 258 «В» 

тел/факс: +7 (727) 303-43-29, «Два Кей» ЖШС.     



ОБЪЯВЛЕНИЕ

ТОО «ВЭК «Тек Казинвест» сообщает что 4 апреля 

2017 г. в 11.00 часов в доме культуры «Арман» п.Шиели, 

будут проведены общественные слушания по обсуждению 

хозяйственной деятельности к проекту промышленной от-

работки золотосодержащих руд месторождений Караму-

рунского рудного поля в Кызылординской области,  мате-

риалы оценки воздействия на окружающую среду (ОВОС). 

Отзывы и предложения принимаются по адресу: г. Ал-

маты, ул.Тлендиева, 258 «В». т.факс: +7 (727) 303-43-29, 

ТОО «Два Кей».

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ЕСЕПТЕЛСІН

Әлжанов Сұлтанхан Дүйсенбай ұлы-

ның  атына  берілген  жүргізуші  куәлігі 

жоғалуына  байланысты  жарамсыз  деп 

есептелсін.

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Шиелі кенті, Желтоқсан көшесі, №7 

үй сатылады. Аулада монша, гараж, тап-

шан,  сарай,  ошақ  қорасы  бар.  Бағасы 

келісім бойынша. Хабарласу телефонда-

ры: 87011816347, 87783559747.



***

Шиелі кенті, Бұдабай көшесі, №27/4 

үй тез арада сатылады. Барлық жағдайы 

бар,  еуроремонт  жасалған.  Бағасы 

келісімді.  Хабарласу  телефондары: 

87022770203, 87012347513.

Баршамызға белгілі, Қазақстан Республика сы ның Президенті үстіміздегі 

жылдың 25 қаңтарында билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу 

мәселелері жөніндегі Үндеуін жариялаған болатын.

Жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен 

қоғам үшін өте маңызды. 

Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді 

реттеудегі  біршама  өкілеттіктерін  Парламентке  және  Үкіметке  берілетінін 

мәлімдеді. 

Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық 

принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. 

Яғни, әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл 

қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді.

Бүгінде құрамында Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот, өзге де мемлекеттік 

органдардың  өкілдері,  сондай-ақ,  заңгерлер  мен  ғылыми-сараптамалық 

қауымдастықтың өкілдері енгізілген жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасауда. 

Конституциялық реформалардың құқықтық-нормативтік негіздерін әзірлеумен 

шұғылданған  бұл  жұмысшы  тобы  қолданыстағы  заңға  сараптама  жасап, 

Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін зерттеді. Ша-

мамен қолданыстағы 300-ге жуық құқықтық нормативтік актілер, оның ішінде 11 

конституциялық заң, 20 кодекске талдау жасалған.

Реформалар бұрын-соңды Президент бекіткен мемлекеттік бағдарламаларды, 

сондай-ақ, белгілі бір кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды 

енді Мәжіліспен келісе отырып Үкіметтің бекітуін қарастырады. Бұл мемлекеттік 

бағдарламалардың  іске  асуына  жауап  беретін  Үкімет  пен  Парламенттің 

жауапкершілігін арттыруға бағытталған үлкен қадам. Енді Мәжілістің рөлі де 

арта түсетін болады. Бұл жерде Үкімет мүшелерін, министрлерді енді Үкімет 

Мәжіліспен келісе отырып тағайындайтынын атап өткен жөн. Яғни, палатаның 

салалық комитеттері министрлердің кандидатурасын талқылап, ұсыныстарын 

береді. Мәжіліс келісімін бергеннен кейін министрдің тағайындалуы Үкімет отыры-

сында бекітіледі. Мемлекет басшысы Үкімет құрамына кіретін екі министрдің кан-

дидатурасын ғана бекіте алады, олар сыртқы істер және қорғаныс министрлері.

Ендігі уақытта Президент билік тармақтары арасындағы жоғары арбитр бо-

лады. Бұл жұмысын ол қажетті өкілеттіктерге ие бола отырып, Конституцияға 

сәйкес атқарады. Алайда, ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғанысы 

мәселелері тек қана Мемлекет басшысының айрықша құзіреті болып қала береді.

Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Осыған орай, 

Әділет министрлігі қазірде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заң жоба-

ларын әзірлеуде.

Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуы 

елімізде  қабылданып  жатқан  заңнамалар  сапасының  қарқынды  дамуы-

мен,   орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық 

актілерінің санының және нормашығармашылық қызметтің артуымен тығыз бай-

ланысты.

Ал, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің санының артуы әртүрлі 

құқықтық  ақауларға,  атап  айтқанда,  қарама-қайшылықтар,  қайталанулар, 

құқықтық сызаттардың орын алуына әкеп соғуы әбден ықтимал. Мұндай жағдай 

құқықтық  реттеудің  тиімділігі  мен  тұтастылығын  әлсіретеді  және  жекелеген 

нормативтік-құқықтық  актілердің  сыбайлас  жемқорлық  көріністеріне  жағдай 

туғызуына ықпал етуі мүмкін.

Сондықтан, нормашығармашылық қызмет нәтижелерінің бірыңғай, тұрақты 

мониторингінің  кешенді  үрдісін  ұйымдастыру  –  қолданыстағы  нормативтік-

құқықтық актілердің сапасын арттырудағы туындап отырған басты қажеттілік.

Нормашығырмашылық  қызметтің  сапасын  арттыру  үшін  нормативтік-

құқықтық актілерге үнемі мониторинг жүргізіп отыру қажет. 

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары ның нормативтік-құқықтық актілері 

ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына сай 

болуы керек.

Нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты талдау ондағы қайшылықтарды 

анықтап,  заңдарға  сәйкестендіру  шараларын  қолдану  Қазақстан  Республи-

касы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдары қызметінің басым 

бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан  Респубикасының  «Құқықтық  актілер  туралы»  2016  жылғы  6 

сәуірдегі Заңының 50 - бабының 2- тармағына сәйкес  мемлекеттік органдар 

өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне 

жататын нормативтiк-құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және 

оларға өзгерiстер және толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп 

тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды. 

Құқықтық мониторинг  Қазақстан Республи ка    сы ның заңнамасына қайшы 

келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді іске асырылмайтын құқық нор-

маларын анықтау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы 

заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  29  тамыздағы  №486 

қаулысымен бекітіл ген құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары ның (бұдан әрі 

– қағидалар) талаптарына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерге 2016 жылда 

жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару ор-

гандарымен  ұсынылған ақпараттарына талдау жүргізілді.

Құқықтық мониторинг  Қазақстан Республи ка сының заңнамасына қайшы 

келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді іске асырылмайтын құқық нор-

маларын анықтау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы 

заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

 Аталған қағидаларға сәйкес, құқықтық мониторингті мемлекеттік органдардың 

құрылымдық  бөлімшелері  өздері  қабылдаған  және  әзірлеушілері  болған  не 

олардың құзыретіне жататын құқықтық-нормативтік актілерге қатысты жүргізеді.

2016  жылдың  мониторинг  нәтижесімен облыс бойынша  қолданыста  550 

нормативтік  құқықтық  акті  бар.  Оның  ішінде,  заңнамаға  қайшы  келетін  118 

нормативтік-құқықтық акті анықталып, 115 нормативтік-құқықтық акті заңнамаға 

сәйкес келтірілген.

Тиімсіз  іске  асырылатын  нормалардан  5,    құқық  нормаларының 

олқылықтарынан 1,  өзге нормалардан 3 нормативтік-құқықтық акті анықталып, 

барлығы заңнамаға сәйкестен дірілген.

 Ескірген нормалардан 153 нормативтік- құқықтық акті анықталып,  147-сі 

қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген.  

Әділет  департаментімен  нормативтік-  құқықтық  актілердің  заңдылығын 

қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге үнемі қайталама сарап-

тама жүргізіліп отырады.

Нәтижесінде, 2016 жылы департаментпен 13 актіге қатысты 4 заң бұзушылықты 

жою туралы ұсыныс, 4 актіге қатысты қолданыстағы заңнаманы бұзуды жою тура-

лы 2 хат енгізіліп, 10 акті қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді, 7 акті қаралу 

барысында. Енгізілген ұсыныстардың нәтижесінде жергілікті мемлекеттік басқару 

органдарының 2 лауазымды тұлғаларына тәртіптік шара көрілді. 

Қорыта  келгенде,  нормашығармашылық  кез  келген  мемлекеттік  органға 

берілмеген  қызмет,  оны  қабылдауға  тек  заң  шеңберінде  ғана  мемлекеттік 

басқару органдары құқылы. Ал, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, оны 

тиімді қолдану жеке мүдденің мәселесі емес, сондықтан, барлық қабылданған 

нормативтік- құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына өзге 

де заңнамалық актілерге негізделуі тиіс және ең бастысы, адам мен азаматқа және 

қоғам игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуі қажет. Ол үшін нормативтiк-құқықтық 

актiлердің тұрақты әрі сапалы мониторингінің атқаратын ролі ерекше.

Сондықтан, нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингіне оң 

көзқараспен қарап, заң талаптарын тиісті дәрежеде орындасақ, біздің Тәуелсіз 

еліміздің нормашығармашылық қызметімен құқық қолдану практикасы нығая 

түседі деп тұжырымдаймын.

  Нұрсұлу АРЗЫҚҰЛОВА,

Қызылорда облысы әділет департаментінің 

бөлім басшысының міндетін атқарушы, 

«Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық 

қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 

САТЫЛАДЫ

Жақаев ауылы, көлік базарының 

жанында  орналасқан  2  бөлмелі 

времянка сатылады. 15 сотық жері 

бар.  Хабарласу  телефондары: 

87016972193, 87782448646. 



***

Шиелі  кенті,  Көкшоқы  мөлтек 

ауданында  Ш.Есенов  көшесі  н/з 

орналасқан. «Қаратау» мекемесіне 

тиесілі офис ғимарат тез арада са-

тылады. Сатылу бағасы 12000525 

(он  екі  млн.  бес  жүз  жиырма  бес 

мың) теңге. Байланыс телефондары: 

87017894234, 87471460985.

ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАНЫ ҮШІН 80 

САҒАТҚА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛДЫ

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен 

азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды. Іс-құжаттарына сәйкес, 

14.01.2017 жылы сағат 17.55 шамасында Шиелі кенті, Сейфуллин көшесі бойында аудандық 

АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде 

күдікті А.ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, оның шалбарының 

оң қалтасынан, салмағы 0,93 грамм есірткі зат – марихуанна табылған. Сотталушының 

қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, 

іс-құжаттарымен толық дәлелденген. 

Сот үкімімен А.Қазақстан Республикасы ның ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігінде көзделген 

қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық 

жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет