Сенбі
Суббота
21
ақпан
февраля
2015
жыл
года
21-22 (5384-5385)
Қарияларын қадірлеп-құрметтеу,
ардагерлерін ардақтау – халқымызға
тән қасиет. Біз жуырда облыс әкімі
Кәрім Көкірекбаевтың бастамасымен
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне
көрсетілген құрметті сол тағылымды
қасиеттің біріне баладық.
Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің ұйытқы
болуымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бақыт Сырлыбаев, кеңес төрағасының орынбасары
Әзіретәлі Садыралиев, Аса ауылдық округі
әкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков Аса
ауылының тұрғыны, қарт майдангер Састай
Көркембаевтың үйінде болып, арнайы ардагерлер
үшін құрастырылған ұялы телефонды табыстады.
Бұл ұялы телефонның кәдімгі қалтафондардан
ерекшелігі, оның «SOS» тетігін бассаңыз, лезде
өзіңіздің денсаулығыңыз, хал-ахуалыңыз туралы
мәлімет тиісті орындарға жетеді. Анығын айтар
болсақ, Алматымен байланысқа шыққанда
денсаулығыңыздың тап сол сәттегі жағдайын
айтуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, ардагерлер
бірімен-бірі тегін сөйлесе алады.
Мұндай телефон гродековолық ардагер Исеқұл
Оңғарбаевқа да табыс етілді.
Осындай құрметі үшін өз кезегінде ардагерлер
облыс, аудан әкімдеріне, аудандық ардагерлер
кеңесіне рахметін айтты.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Суретте: ҰОС ардагері Көркембаев Састай
ақсақалға ұялы телефонды табыстау сәті.
АНА - ӨМІРДІҢ ШЫРАҒЫ
Ана – өмірдің шырағы,
шаңырақтың шаттығы, әрбір
перзенттің сарқылмас бақыты.
Жаныңды жадыратып, жүрекке
нұр сыйлайтын ақжаулықты
аналарымызға қандай құрмет
көрсетсек те артық етпес. Әрбір
жанұяның жылуы ананың қамқор
көңілімен нұрланып тұратыны
ақиқат. Бірақ кез келген ананың,
жалпы адамзат баласының
пешенесіне ұзақ жасау бұйыра
бермейтін бақ. Ал, Алланың
қалауымен 106 жасқа аяқ басып
отырған асалық Күлбарам Сүгірова
әжейдің бұл ретте орны тіптен
бөлек. Шашын аққырау шалған
әз әжені ардақтау – перзенттік
парызымыз. Бұл күнде құрсағынан
шыққан ұл-қыздарынан 12 немере,
6 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отырған
кейуана бір ғасырлық ғұмырында
талай қиын кезеңдерді бастан
өткерді. Ол өткен ғасырдағы ең
зұлмат жылдардың, яғни, халық
қынадай қырылған ашаршылық
пен Ұлы Отан соғысының куәгері.
Жалынды жастық шағы сол бір
нәубәтті жылдармен тұспа-тұс
келген Кұлбарам әжей әдемі
тұрмысты аңсамай-ақ, жастайынан
таңның атысы, күннің батысы ер
азаматтарша белді бекем буып,
бейнеттің бел ортасында жүрді.
Көппен бірге қолына кетпен алып
ерінбей еңбек етті. Ауданның
әлеуметтік ахуалының артуына,
сондай-ақ, егін шаруашылығы мен
1942 жылы Аса-Ақкөл тасжолының
АУДАН ӘКІМІНДЕГІ
ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
салынуына атсалысқан қария
табанды еңбегі үшін 1943 жылы
Сталин медалімен марапатталды.
Бұл күнде өңі қуарып, қасына
қарттық жайғасқан әжейдің ендігі
арманы – кейінгі ұрпақ, шұғылалы
күннің шуағына бөленіп, бейбіт
елде өмір сүрсе дейді.
Жеке бастың саулығынан
бұрын, халықтың тілеуін тілеп,
амандығын ойлаған әжейді өткен
сәрсенбі күні аудан әкімі Рүстем
Дәулет қабылдап, оның ғибратқа
толы әңгімесіне құлақ түрді.
«Сіздің өмір жолыңызды ерекше
құрметтейміз. Сол бір сұрапыл
соғыс кезіндегі өзіңіз сияқты
абзал аналардың ерен еңбегінің
арқасында бүгінде біз тыныш,
тату өмір сүрудеміз. Біз өзіңіздей
сүйегі асыл, ардақты анамызбен
мақтанамыз. Отбасыңызға татулық
пен байлық, зор денсаулық
тілеймін», – деді аудан әкімі.
Ж а р қ ы н ә ң г і м е , ұ з а қ
шүйіркелесуден кейін Рүстем
Рысбайұлы Күлбарам әжейге сый-
сияпатын ұсынды. Кетерінде әжеміз
ел басқарып отырған Елбасы мен
ауданның өркендеуіне үлес қосып
жүрген басшылардың жұмысына
табыс тілеп, ақ батасын берді.
Әсерлі кездесу үстінде жүзінен
мейірім, сөзінен жылылық
сезілген әжейдің көзқарасынан
ұрпақ азбасын, жер тозбасын деген
текті тілекті ұғындық.
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.
АРДАГЕРЛЕРГЕ – АЙРЫҚША ТЕЛЕФОН
Бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған
ардагерлерді құрметтеу – қасиетті
парызымыз. Олар жеңіс үшін
аштыққа да, өлімге де қарсы
тұра білді. Қаншама азапты
күндерді бастан өткеріп, бүгінгі
көк аспанымызда ақ көгершіні
қалықтаған, көк туы желбіреген
бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін
де ардагерлерге алғысымыз шексіз.
Олардың майдан даласындағы
ерліктері ешқашан ұмытылмайды,
ұмытуға тиісті емеспіз.
Ұ л ы О т а н с о ғ ы с ы н а
қатысушылар еңбек майданында
да ерліктің тамаша үлгісін көрсете
білді. Солардың қазіргі таңға көзі
тірісі республика бойынша бес
ЖЕҢІСТІҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
– ЕРЛІКТІҢ МӘҢГІЛІГІ
«ЖЕҢІС ПОЙЫЗЫ» – АУДАНЫМЫЗДА
қа ласынан шыққан «Жеңіс
пойызы» өткен бейсенбі күні сағат
10.30-да Аса теміржол бекетіне
келіп тоқтады. Аудан тұрғындары
«Жеңіс пойызының» қамқорлық
және денсаулық аясында келуін
қуана құптады. Себебі, вагон
ішінде облысымызға белгілі
дәрігерлер болды. Бұған қоса,
облыс әкімдігінің тұрақтандыру
қорының операторы – Тараз сауда-
саттық компаниясы арнайы вагонға
ұн, картоп, күнбағыс майын,
күріш, қант, пияз, қарақұмық,
қызыл қызылша секілді азық-түлік
тауарларын тиеп алып келген.
Тауарлар базар бағасынан төмен
саудаланды.
«Жеңіс пойызын» бастап келген
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы төрағасының орынбасары
Шәбден Тілеумұрат көпшілік
алдында:
– «Ер есімі – ел есінде».
Қаскүнем дұшпанды өз ошағында
жеңіп, жеңіс туын желбіреткен
ардагерлерімізді ұмытпауымыз
керек. Ер оқ тигенде өлмейді,
ұ м ы т ы л ғ а н д а ө л ед і д е ге н .
Сондықтан олар біз үшін өлген жоқ.
Олардың ерлігі ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып, үлгі бола бермек, – деді.
– Алғысын арқалай келген
Аса ауылдық округі ардагерлер
кеңесінің төрағасы Рахым Жапаров
та салмақты сөзімен саналарға
ой салды. Жұрт «Жеңіс пойызы»
құрамымен келген өнер иелері ән
төгілдірген сәтте де таси түскен.
«Жеңіс пойызының» келесі
тоқтаған жері Жұма теміржол
бекеті болды. Мұнда да ақ тілектер
ағылып, сауда қызып, күміс көмей
әншілер әннен шашу шашты.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Суреттерде: «Жеңіс пойызы»
– Аса теміржол бекетінде.
мыңнан әзер асса, 240-тан астамы
облысымыздың тұрғындары. Ал,
ауданымызда сол ардақ тұтар
ардагерлердің екеуі ғана арамызда.
Бізге, кейінгі ұрпаққа қалғаны –
ардагерлер сыйлаған бейбіт күннің
қадірін білу, қарт-жауынгерлерге
көңіл-күй сыйлау.
Осы тұрғыда «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының
қолдауымен әрі облыс әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н Т а р а з
2 бет
21 ақпан 2015 жыл №21-22
Жамбыл ауданының мемлекеттік органдарындағы
мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексі»
(мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы
ережелері) нормаларын бұзу фактілері жөнінде хабарлау
үшін орнатылған сенім телефондарының Т І З І М І
№
Мемлекеттік органның аты
Сенім
телефоны
1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-25-02
2. «Жамбыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі
2-14-32
3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-75-01
4. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-04-82
5. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің
аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-17-88
6. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-65-25
7. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-25-35
8. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-13-77
9. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-24-14
10. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-70-68
11. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-46-00
12. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-55-22
13. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52-92-89
14. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің
әкімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-34-07
15. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-43-16
16. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-25-02
17. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округі
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-31-69
18. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық
округінің әкімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3-33-17
19. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық
округінің әкімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-25-34
20. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі» коммуналдық
мемлекет тік мекемесі
2-16-33
21. «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-20-07
22. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-11-54
23. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-14-55
24. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
2-11-51
25. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және
бюд жеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-12-34
26. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
2-17-56
27. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-12-51
28. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-11-90
29. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-13-53
30. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құры-
лысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-13-35
31. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-24-67
32 «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-16-96
33. «Жамбыл аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2-24-30
34. «Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік
мекемесі
2-15-76
Қ а з а қ с т а н
Р е с п у б л и к а с ы
К о н с т и т у ц и я с ы н ы ң
2 0 ж ы л д ы ғ ы н а о р а й
Абай орта мектебінде 8
«А» сынып жетекшісі
Ж . С ү л е й м е н о в а н ы ң
ұйымдастыруымен «Заң білмеген зардап шегеді»
тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
айтып, шәкірттерді Ата Заңды құрметтеуге, сыйлауға
дағдыландырып, патриоттық тәрбие беру еді. Іс-шара
жақсы дайындықпен жүргізілді.
Тәрбие сағатында сынып оқушылары «Әділет»,
«Қайсар», «Білімпаз», «Болашақ» атты төрт топқа
бөлінді. Әрбір топ Ата Заң жайлы және өздеріне
қатысты Заңдардың ерекшеліктері туралы баптарға
тоқталып, саралап айтып берді. Олар Қасым ханның
уақытында тұңғыш жүйеленген Заңдар («Бес жарғы»),
Тәуке ханның білікті билермен ақылдасып, талдауымен
өмірге келген «Жеті Жарғы» заңдар топтамасы туралы
айтып өтті. Оқушылар Қазақстан Республикасы
Конституциясына және оның жекелеген баптарына жан-
жақты тоқталып, өз түсініктерін жеткізді. Сол сияқты
Конвенцияның бала құқықтары туралы баптарына көз
жүгіртті. Мектеп ережесі мен жарғысын сақтау міндетті
екені айтылды.
Тәрбие сағатында мектеп директоры Қ.Сисенғалиев
сөз алып, оқушыларға үстіміздегі жылы 20 жылдығы
мерекеленейін деп отырған Қазақстан Республикасы
Конституциясы және оның өмірдегі мәні туралы
жан-жақты түсіндірді. Іс-шараға мектеп инспекторы
К.Қожабаев және директордың құқықтық тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Р.Әбдіқадырова қатысып, өз
ой-пікірлерін ортаға салды.
Еліміздің Конституциясының 20 жылдығына
арналған іс-шара оқушылардың есінде қаларлықтай
қызықты өтті.
С.ҮСЕНБЕКОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Е л б а с ы н ы ң Қ а з а қ с т а н
халқына жолдаған «Нұрлы
жол – болашаққа баст ар
жол» атты кезекті Жолдауын
жастар арасында насихаттап,
түсіндіру мақсатында облыс
әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының
ұйымдастыруымен жолға шыққан «Нұрлы жол – жастар
жолы» атты автокеруен жуырда ауданға табан тіреген
болатын.
Аудандық «Жастар орталығында» өткен жастар
жиынын аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы
Ержан Бегалиев ашып, биылғы жылдың басты
құжатында көрсетілген міндеттерді жастарға ұғынықты
тілде жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы
биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында ұлттық
қордан қомақты қаржы бөлгенін, ол қаржының жүйелі
жұмыстарға жұмсалуын еліміздің бас партиясы
«Нұр Отанға» сеніп тапсырғанын сөз етіп, Жолдауда
жүктелген міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.
Бұдан кейін сөз алған облыстық «Жастар орталығы»
КММ директорының орынбасары Талғат Шайхиев
«Нұрлы жол» елді бірлікке, татулыққа үндейтін Жолдау
екенін айтып, құнды құжат төңірегінде кеңінен әңгіме
өрбітті. Аудандық мәслихаттың депутаты Өмірбек
Ботаев Жолдау аясында партияның атқарып жатқан
жұмысына тоқталды. Жолдауды жүзеге асыруда,
халықты бірлікке шақыруда партияның орны ерекше
екенін айтып өтті. Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігі
ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Жасұлан
Құрманбеков, облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қорының өкілі Еркебұлан Райымбеков, «Жас Отан»
жастар қанатының атқарушы хатшысы Айбол Темірбек
Жолдауға қатысты ойларын ортаға салды.
Жиын соңында автокеруен құрамындағы өнерпаздар
жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.
2014-2015 жылдарға жылу беру
маусымына дайындық жұмыстарын
үйлестіру жөніндегі аудандық
комиссия отырысы аудан әкімінің
орынбасары Самат Қабылбековтың
төрағалығымен өтті.
Штаб мүшелері, ауылдық округ
әкімдері, мектеп директорлары,
мәдениет және денсаулық сақтау
м е ке м е л е р і н і ң б а с ш ы л а р ы ,
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының, «Жамбыл-
жылу» КМК, «ҚазТрансГазАймақ»
АҚ, «ЖамбылЖарықСауда-2030»
ЖШС, БАҚ өкілдері қатысқан
отырыста «ҚазТрансГаз Аймақ»
АҚ Жамбыл филиалының бөлім
бастығы Б.Шатаев газ тұтынудағы
қауіпсіздік ережелерін сақтау
жайында сөз қозғап, газдан улануды
болдырмауға кеңестер берді.
Т а я уд а а уд а н ә к і м і н і ң
орынбасары Самат Қабылбеков
жол қауіпсіздігі жөніндегі аудандық
комиссияның отырысын өткізді.
Отырыста аудан әкімдігі тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы
Жеңіс Сариев аудан бойынша
қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жұмыстары туралы
баяндады. Хабарламашының сөзіне
сүйенсек, жол қозғалысының
қауіпсіздігіне қатысты іс-шаралар
жоспары бекітілген, автожолдарда
төтенше жағдайлардың алдын
алу бойынша тиісті қызмет
органдарымен келісілген хабарлау
сызбасы жасалған, жол-көлік
апаты орын алған жағдайда қажетті
техникалар мен шұғыл әрекет ету
тобының жұмысын ұйымдастыру
жоспары бар, түнгі кезекшіліктер
ұйымдастырылған. Жолдарды
қардан тазалауға техника дайын,
тайғаққа қарсы материалдар
жеткілікті. Қажетті құрал-саймандар
алуға, жол белгілерін орнатуға,
жол полиция қызметкерлерінің
материалдық-техникалық базасын
нығайтуға қомақты қаржы қаралып,
игерілген. Автожолдарды жөндеу
қамқор қолға алынған. Алайда жол
белгілерінің жиі ұрланып, Тараз-
Аса бағытындағы автожол бойының
қауіпті учаскелеріне қойылған
жол белгілерін қасақана бүлдіру
фактілері кездесіп отыр.
Комиссия отырысында жол-
көлік оқиғаларының алдын алу
шаралары туралы хабарлама
жасаған аудандық ішкі істер бөлімі
жол полициясы бөлімшесінің аға
инспекторы Дүйсенғали Тубаев
өткен жылы аумағымызда тіркелген
жол-көлік оқиғаларының себеп-
салдарына тоқталды. Автокөлік
жүргізушілерінен өндірілген
айыппұлдар жайын әңгімеледі.
Күн тәртібіндегі мәселелердің
мәніне үңіліп, сарап безбеніне салған
Самат Елепбайұлы жол белгілерінің
ұ рл а н у ф а кт і л е р і б о й ы н ш а
және жол-көлік оқиғаларының
алдын алуда қабылданып жатқан
шаралар жайында сұрады. Жол-
көлік оқиғасына себеп болатын
ке м ш і л і кт е рд і жо й ы п , жол
апатынан кісі өлімін болдырмаудың
маңыздылығын тағы бір еске салды.
Отырысты қорытындылаған
ко м и с с и я т ө р а ғ а с ы Т Ү К Ш
ЖКжАЖ бөліміне – автожолдардың
жағдайын тұрақты зерделеуді, биыл
жөнделетін жолдардың сапасын
бақылауды, қажетті учаскелерде
жол белгілерін орнатуды; ІІБ жол
полициясына – көлік қозғалысын
реттеу шараларын ұйымдастырып,
орын алған жол-көлік апаттарына
мониторинг жүргізуді, автожолдар
бойына бағдарламалар, бейнежазба
камераларын, жарық беру, дыбыс
сигналдарын орнату жөнінде
ұсыныс дайындауды; ауылдық
округ әкімдеріне – ауыл көшелерін
жөндеуге бөлінген қаражатты
мақсатты жұмсап, жұмыс сапасына
назар аударуды, көше жолы
желісін жарықпен, жүргіншілер
жолымен жабдықтау бойынша
ЖСҚ әзірлеп, алдағы жылдың
бюджетіне ұсыныс енгізуді; аудан
әкімдігінің ішкі саясат бөліміне –
жол жүру қауіпсіздігіне байланысты
акциялар өткізуді, жадынамалар мен
ережелер дайындап таратуды, жол
қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау
бойынша банерлер орнатуды,
баспасөзде материалдар жариялауды
қамтамасыз етуді тапсырды.
НАСИХАТ ТОБЫ – АУДАНДА
АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСТАРЫНАН
ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ
Отырыста жылыту маусымының
өту барысы туралы хабарлама
жасаған аудан әкімдігі тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы
Ж.Сариев мекемелердегі отын
қоры, жылу қазандықтары, электр
генераторлары туралы анықтаманы
алға тартып, Гродеково, Жамбыл,
Қаракемер, Ерназар және Өрнек
ауылдық округтерінде орналасқан
мекемелердің жылыту маусымын
өткізу жұмысы зерделенгенін
айтты. Орын алған кемшіліктерге
де кеңінен тоқталды. Хабарламашы
бұған қоса бюджеттік мекемелердің
коммуналдық қызметке қарыздары
бойынша нақты мәліметтер келтірді.
Бұдан соң осы мәселе бойынша
аудан әкімдігі білім бөлімі
басшысының міндетін атқарушы
Қ.Байкеева есеп берді.
Сөйлеушілерді тыңдаған
Самат Елепбайұлы «Жылыту
маусымын өткізуде қандай
проблемалық мәселелер бар?» деген
сұрақты көлденең қойды. Білім
беру мекемелерінде көмір қоры
жеткілікті ме? Кемшіліктерге жол
беріп отырған мектеп басшылары
жұмыстың маңыздылығын неліктен
жете сезінбейді? От жағу маусымына
қатысты берілген тапсырмалар
неге толық орындалмаған деген
сауалдарға жауап іздеді.
Комиссия отырысын қорытын-
дылаған басшы биылғы қыс
жұмсақ деп бақылауды әлсіретуге
болмайтынын, маңызды маусымда
жоғары жауапкершілік пен
ұқыптылық талап етілетінін,
жұмысқа тұрақты бақылау қажеттігін
ескертіп, сала жетекшілеріне нақты
тапсырмалар берді. Атап айтқанда,
білім және мәдениет мекемелерінің
басшыларына ауылдық округ
әкімдерімен бірлесіп, 1 сәуірге
дейін қазандықтар мен жылу
жүйелерін жөндеу жұмыстары
бойынша ұсыныстар дайындауды,
жылу жүйелері мен элект р
желісі сияқты құрылғылардың
теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану
жауапкершілігінің шекарасын
ажырату актісі мен сызбасын
рәсімдеуді аяқтауды, коммуналдық
қызметтерге берешек сомаларды
уақытында аударып тұруға тиісті
шаралар қабылдауды жүктеді.