Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет303/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   521
Пауль Фейерабендтiң
ойынша, 
ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған тео-
риялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестiк 
пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пай-
даланылатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие 
болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға енгiзiлсе, олардың 
мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан оларды бiр-бiрiмен салыстырып 
баға беру мүмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын 
жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекелестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен тео-
рия ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол – соны 
қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым – қоғам 
өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты: оның дiн, миф, 
философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрi де 
тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының 
шығармашылық әлеуетінің сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен 
неопозитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар – 
олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланылады.


334
§ 2. Феноменология
Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ. келесi ағым – фено-
менология. Негiзiн қалаған – 
Эдмунд Гуссерль
(1859-1938 жж.). 
Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде 
«Заттардың өзiне қарай!»
деген ұран 
тастады, өйткенi сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным 
жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста 
болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк 
деректердiң негiзiнде «тiкелей берiлгенi» жөнiндегi қағидасына қарсы 
бағытталған болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы 
да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар 
бiлiм
мен 
пiкiр

Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы – осы ұғымдардың айырмашылығын 
елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз – бұлдыр, айқын емес бiлiм, жеке мүдденiң 
шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде «теория» 
деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағынасы – бимүдделi аңлау. 
«Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық 
көкжиегiн көре алады», – деп қорытады Э. Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты – сананы тазарту, 
оның адамзат тәжiрибесi, тарихи үдерістен тыс өмiр сүретiн алғашқы 
құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi – ол 
бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн 
сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол – өз-өзiн аша-
тын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология – 
айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-
мағынаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы 
берiледi. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесiндегi тебiренiстер, 
сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi – оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет