Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет44/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   422
    Бұл бет үшін навигация:
  • Логос
Анаксимен (585-525б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір 
сүрген. Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және 
біреу болғанымен, ол бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы – ол ауа
Бірақ ауаның ерекшелігі – ол көрінбейді, сонымен қатар ол өне бойы 
қозғалыста, олай болса, өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады
қысыла келе желге, содан кейін бұлтқа, содан кейін жерге, сосын тасқа 
т.с.с. айналады.
Грек мифологиясындағы жанды адамның тынысымен теңеуін Анак-
симен өзінің философиясында пайдаланады. Ауа адамның жан дүниесін 
де тудырады. Олай болса, Құдайды да тудырған ауа деген пікірге 
келеді.
Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында 
оқшау тұрған – Гераклит (Vқ-Vб.ғ.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге кел-
ген.
Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін, 
оған «күңгірт» деген ат қойылған. Гераклит: «Бұл – ғарыш, барлық 
өмір сүргенге бірдей, еш Құдай, я болмаса адам жаратпаған, болған, 
болып жатқан және болатын жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, 
жанып отырады», – дейді.
«Алтын – тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі
де – отқа, от бәріне алмастырылады».
Гераклит дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін 
ашық көрсетеді. Пан та реи (pan ta rheі) барлығы да қозғалыста, бәрі 
де ағым, еш нәрсе қозғалмай, тұрақты тұрмайды, барлығы өзгеріп, 
басқаға айналады деген терең пікір айтады. «Өзен суына екі рет кіруге 
болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол 
өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз».
Ойшылдың бұл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен 
болып көрінгенмен, оның суы өне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып 
отырады. Сондықтан екінші рет өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып 
кеткен. Сонымен қатар біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік.
Гераклиттің шәкірті Кратил: «Біз бір рет те өзенге түсе алмай-
мыз, өйткені біз суға кіріп жатқанда, олар сол сәтте ағып кетеді, оның 
орнына жаңа су толқындары келеді, біз өзіміз де сол сәтте өзгеріп жата-
мыз», – дейді.


67
Гераклит дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, 
сонымен қатар оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, 
қалыптасу дегеніміздің өзі – қарама-қарсылықтың бір-біріне өтуі: 
суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ дымқылға, 
жас карыге, тірі өліге т.с.с. айналады. Өмір садаққа, лираға ұқсайды 
(лира – гректердің музыкалық аспабы, әртүрлі тартылған ішектерден 
тұрады). Заттардың қарама-қарсы жақтары өшпейтін күресте. «Соғыс – 
бар заттың анасы және басқарушысы», – дейді Гераклит. Бірақ ол 
біржақтылықтан аулақ. Соғыс белгілі бір уақытта бейбітшілікке, не 
үйлесімділікке айналады. «Олар (надандар) түсінбейді: айырмашылығы 
бар нәрсе ғана өз-өзіне келеді. Ауру саулықтың тәттілігіне, аштық 
тоқтықтың жақсылығына, ауыр еңбек демалысты бағалауға кепіл. 
Әділеттіліктің не екенін біз ренжу болмаса білер ме едік», – дейді ұлы 
ойшыл.
Қарама-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп, үйлесімге келеді. 
Жоғарыға кететін жол мен төменге кететін жол – сол бір жол, өлі мен 
тірі – біреу. Сөйтіп, «Бәрі де – бір, біреуден – барлығы шығады». Бұл 
дүниенің үйлесімін қадағалайтын – ЛогосЛогос – грек сөзі және оның 
мағынасы әртүрлі – ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды 
анықтау т.с.с. Гераклиттің филосо-фиясында Логос заң ұғымына 
жақын. «Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, 
қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет», – деген 
Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты дүниенің өзгеру заңдылықтары 
деп түсінуге болады.
Гераклиттің Логосын, ол кісінің айтуынша, қайсыбір адам түсіне 
бермейді. «Маған Логосты тыңдау, даналықты мойындау, бәрі де – 
бір».
Гераклиттің «Aіon – асықтармен ойнап жатқан сәби» деген ойы 
жөнінде осы уақытқа шейін философтар әртүрлі түсініктемелер береді. 
Біздің ойымызша, ол заңды түрде сөніп, тағы да лапылдап от болып 
жатқан дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен орнын көрсеткісі келгендей. 
Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние жөніндегі, оның 
өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені, 
олардың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске аса-
тынын еске түсіреді.
Сонымен, алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің 
орнының ерекшелігін, оның аса ғұлама тұлға екенін, қорыта келе, тағы 
да атап өтуіміз керек.
Келесі үлкен тұлға – Пифагор (VI-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап 
білімге деген құштарлығы оны шығысқа – Мысыр еліне тартты. Еліне 
қайтып оралғаннан кейін, ол өзінің құпия мектебін ашып, философия-
сын шәкірттеріне таратты.


68
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе, дүниедегі құбы-
лыстардың заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен 
беруге болатынын байқайды. Олай болса, дүниенің алғашқы негізі 
суда, ауада, жерде т.с.с. емес, санда болар деген ой келеді.
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп, Батыс 
мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. 
Музыка саласында дыбыстардың арақатынасы математикалық түрде 
көрсетіле бастады. Жердегі ауа райының өзгеруі, маусымдардың келу 
ерекшеліктері, тіршіліктің даму кезеңдері – бәрі де математикалық 
заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің космологиясында олар геоцен-
тризмнен (geos – грек сөзі, жер; centrum – латын сөзі, орталық) бас 
тартып, жердің шарға ұқсастығын, Күннің тұтылуы Айдың Жер мен 
Күннің екі ортасынан өтуінде екенін т.с.с. көрсетті.
Сонымен, сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біз-
дерге сан – абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық 
ой шеңберінде сан – ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың 
«фюзисі», яғни табиғаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет