Шб-18-1 тобының студенті Қойшыбаева Ұлдана Мақсетбайқызы



Дата06.01.2022
өлшемі17,17 Kb.
#15560
түріСабақ

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

ШБ-18-1 тобының студенті Қойшыбаева Ұлдана Мақсетбайқызы

«Білім алушының таңдау пәні бойынша» (өндірістік) 19.10 -24.10.2020ж. практикасының есебі.

Оқу практикасы 19.10 -24.10.2020ж. басталды. Алғашқы күні әдіскеріміз Нурдаулетова А.Н. Edus.kz-тің тапсырмаларын таныстырып, түсіндірді.Сабақ барысында YouTube ден түрлі әдіс-тәсілдермен, бейнежазбалар қарадық. Алғашқы аптасынан бастап топ студентері мен әдіскеріміз Ақжарқын Нурдаулетовамен  Google meet платформасы арқылы видео байланыста өзімізге бөлініп берілген тақырыптарға ҚМЖ және презентацияны таныстырып, сабақ өту барысын түсіндірдік және соған қарай талдау жасадық.

Мен  қазанның 16-сы күні  әдебиеттік оқу пәнінен  4-сынып  «Отан туралы өлең-жыр оқимыз» тақырыбына құрылған презентациямды қорғадым. Сабағымды бастамас бұрын психологиялық ахуал жасадым. Есіңе түсір әдісі бойынша өткен тақырыпты еске алдырып, бүгінгі сабақпен байланыс жасадым. Жаңа тақырыптың авторымен таныстыру үшін өрмекші әдісін алдым. Ол әдіс бойынша балалар Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтайды. “Оқы айдары” арқылы өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқуды ұсындым. Бірінші тапсырмада “Салыстыр айдары” бойынша оқушылар Венн диаграмасы арқылы өз ойлары мен ақынның ойын салыстыра отырып жазады. Екінші тапсырмаға “Шығармашылық жұмыс” берілді. Бұл тапсырма сабақты қорытындылау мақсатында болды. Балалар Отан туралы өз ойларын қысқаша эссе ретінде жазады. Кері байланысқа мидың суретін салғызып, қаншалықты бояғанын қарау арқылы бағалау әдісін алдым. Бұл әдіс мен үшін өте тиімді болды. Үйге тапсырмаға “Отан” туралы мақал-мәтелдер жазып келуді бердім. Сабақ соңында бағалау парағы таратылады. Түрлі “Жарайсың!”, “Жақсы”, “Ізденіс керек” секілді стикерлер арқылы бағаланады. Біз өз жоспарларымыз бен презентацияларымызды қашықтықтан оқыту, онлайн форматқа сай етіп жасадық. Бір-біріміздің бейнесабақ, жоспарымызға қарай талдау жасадық. Видео сабақты  YouTube желісіне жүктей отырып, басқа студенттермен бөлістік.

Қазанның 21-і күні “ “Жақсы” деген- немене, “жаман” деген немене?” тақырыбына құрылған презентациямды қорғадым. Сабақ жоспарын онлайн форматқа сай ете отырып жасадым. Сабақтың мақсатын айқындап алдым. Атмосфера орнату мақсатында балалармен бірге өлең оқу әдісін алдым. Суретті көрсетіп, түрлі сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың атауын жасыруды жөн көрдім. Басты тақырыпқа өтпестен бұрын авторымен толықтай таныстырып аламын. Әңгімемен танысып алған соң, “Баға бер” айдары бойынша жаңа тақырып туралы сұрақтарға жауап алатын боламын. Сөздік жұмысы да жасалды. Балаларды зеріктіріп алмас үшін, сергіту сәтін де сабақ арасына қостым.

2 тапсырмада “Сәйкесін тап” әдісі бойынша жаңа тақырыпқа байланысты мақалды табу арқылы дәптермен жұмыс жасаттым.

3 тапсырмада “Жұбын тап” әдісі арқылы кітапта берілген екі суретке қарап, бүгінгі сабаққа сәйкес кейіпкерлерді табуды тапсырдым.

4 тапсырмада “Саралау әдісі” бойынша оқушылардың өз бойындағы 5 жаман, жақсы қасиеттерін жазғыздым. Үй жұмысына “Адамгершілік” туралы мақал-мәтел жазып келуді тапсырдым. Қосымша және оқулықтағы тапсырмаларды қоса отырып, қосымша тапсырмалардың тиімділігін аңғардым. Осы өндірістік практика бойы оқу мақсаттарынан бастап,  кері байланыс,  рефлекцияны  онлайн форматта жасауды үйрендім. Осылай басқа студенттердіңде сабақ жоспарларын талдадық. Ауызша талдаған сабақ жоспарларды, презентацияларды электронды түрде жазып  Edus.kz сайтына салып отырдық.

 

 



Машықер: Қойшыбаева Ұлдана Мақсетбайқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет