Шымкент кампусы



бет1/7
Дата17.03.2023
өлшемі1,34 Mb.
#75169
  1   2   3   4   5   6   7

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ КАМПУСЫ
ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ЖӘНЕ ФТИЗИАТРИЯ» КАФЕДРАСЫ
Балалардағы дисбактериоз.
Қабылдаған: Байымбетова С. Б.
Орындаған:Оринбеков Н
Тобы: ЖТД-709

Жоспар:

  • Жоспар:
  • I . Кіріспе
  • II . Негізгі бөлім
  • -Балалардағы ішек микрофлорасының физиологиясы
  • - Ішек микрофлорасының негізгі флорасы

  • - этиологиясы
  • - патогенез
  • - клиникалық көрінісі
  • - асқынуы, диагностикасы, емі
  • III . Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

  • КІРІСПЕ
  • Дисбактериоз – ішектің бактериалды микрофлорасының қалыптыдан ауытқуы. Ішектік дисбактериозқалыпты жағдайда ішекке енетін, микрофлораның қозғалыс тепе теңдігінің бұзылуымен көрінетін синдром.
  • Дисбактериоз бұл ішек микробиоценозының сандық және сапалық өзгерістерімен сипатталатын күрделі симптомокомплекс.
  • Ол организмнің әлсіреуінде антибиотиктерді бақылаусыз жиі қабылдағанда дамиды. Осыдан тоқ ішекте тағамдық өнімдердің ашып кетуі, іріп шіруі көбейіп кетеді, ішектердің толқи жиырылулары артып, іш өтулер байқалады. Бұл кезде ішектегі қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгерісі болып, басқадағы патогенді микрофлоралардың саны көбейеді.
  • Ол негізінен бифидобактерияның, эшерихия мен ішек таяқшасының атипті штамының өзгерісі салдарынан болады. Қалыпты жағдайда адам ішегінде 2 кг жуық микробтар болады. Дені сау адам ішегінде сүтқышқылды микрофлораны түзетін бифидобактерия, лактобактерия,ішек таяқшасы, стрептоккоктар, энтероккоктар және көптеген түрі кездеседі.

Балалардағы ішек микрофлорасының физиологиясы

  • Балалардағы ішек микрофлорасының физиологиясы
  • Физиологиялық шартында ішектің шырышты қабаты биопленкамен қапталған.(бактериалды гликокаликс),ол экзополисахаридті гликокаликс және бокал тәрізді жасушалардан түзілген муциннен тұрады.Мукоздық флорасы тұрақты,лактобактериялар мен бифидобактериялардан тұрады
  • Микрофлоралар арасынан негізгі рөлді - бифидобактериялар атқарады. Бифидобактриялар адам иммунитетін көтеріп, иммуноглобулиндер синтезіне қатысып, ішек перистальтикасын стимулдап ішектегі канцерогенді заттар азайтып іштің өтуінің алдын алады. Көптеген стресстік факторлар, баланссыз тамақтану, организмнің қартаюы ішектегі бифидобактерияларды азайтып, дисбактериоз туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет