Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. "Манас" еңбегі зерттелуі



Дата03.04.2023
өлшемі34,69 Kb.
#78805


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті


Тақырыбы: «Ш.Уәлихановтың әдебиеттану мен манастану саласындағы еңбектері»


Орындаған: Кореген Ж.


Тексерген: Бисенбаев П.
Алматы 2023




Жоспары:

  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. “Манас” еңбегі зерттелуі.

  3. Шоқанның қазақ ақындары және қазақ батырларына арналған тарихи еңбектері.



Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол — қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші. Сондықтан Шоқан – қазақтың демократтық сынын бастаушы, кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы.
Шоқан 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқанның жастық шағы – атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік қарағайлы, қалың қайыңды, көгі мен көлі мол жерде өткен. Бұл жердің табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған. Ол бұл жердің табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.
Шоқанның шыққан ортасы-қазақтың ірі феодалдары, хан-сұлтан тобы. Әкесі – Шыңғыс – Омск әскері училищесін бітірген. Орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник болған) адам.Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан.
Шоқан – осындай белді отбасыдан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға мүмкіндік береді. Шоқан әуелі аулында оқып, ескіше хат таниды. Он жасқа толғанда, әкесі оны Омскідегі кадет корпусына (әскери училищеге ) береді. Кадет корпусына ол орыс тілін білмейтін, ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, бір жыл ішінде орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі. Ол корпус оқушыларының алды болып бірден көзге түседі. Шоқан талабын оқытушылары ерекше ықыласпен ескереді. Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. «Манас» – қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол «Илиада» тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос – «Семетей» – «Манастың» жалғасы. Бұл қырғыздың «Одиссеясы», – деп көрсетеді Шоқан. Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», – деп жазады. Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. «Жоңғария очерктерінде» «Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым», – деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі. 1858-1859 жылдары Шоқанның «Жарық жұлдыз», «Қашқария сапары» оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды. 1870 жылдары Петербургте Шоқанның «Жонғария очерктері». «Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» туралы еңбектері жарияланды. Қашқарда болған кезінде Шоқан ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. Кіші Бұқарада жаңа ұйғыр тіліндегі әдебиеттің едәуір бай аударма әдебиеті бар. Кіші Бұқараның әдебиеті аудармаға неғұрлым бай болғанымен, өзіндік қолтума шығармаларға соғұрлым кедей. Олардың өз іштерінен шыққан бір де бір ақыны және белгілі бір жазушысы болған емес деп көрсетеді. Қытай тарихында Хой-ху, Хой-хор, Қой-ғой деген атпен белгілі болған халқының Хой-хор әулетін берген және кейіннен осы күнгі Шығыс Түркістанға келіп қоныс тепкен жат жерлік халық елге мәлім. Шығыс мәліметтерінде бұл халық ұйғыр деп аталады. Бүгінгі жеті шаһар тұрғындарын қытайлар чапту деп атайды. Чапту түрік тілінің ұйғыр деп Клапрот (осы тілдің сөздігін құраған адам) атаған диалектісінде сөйлейді. Ұйғыр тілінде моңғол сөздері көп кездеседі. Ұйғырлар сонау Шыңғыс хан заманының өзінде-ақ, мұсылман дініндегі сол кезде өзінің жазу өнері бар халық болған. Оларды моңғолдар сауатты халық болғандықтан хатшы есебінде іс жүргізушінің қызметтеріне пайдаланған. Сондай-ақ, Шоқан Ұйғыр деген атымен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Тау жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен 1859 жылы сәуір айында елге оралған. Қашқария сапарының нәтижелі жемісі – Ш.Уәлихановтың «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбектерінде жан-жақты мәлімделді. Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек, Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі. Қашқария экспедициясы үкімет тарапынан да ресми түрде аталып өтті. 1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы бойынша поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабс ротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені, 500 сом күміс ақша берілген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К.К. Гутковский т.б болды. Ш.Уәлиханов (1859-61) Петербургте болған жылдары оның ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі болды. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясы батыс өлкесінің картасы» т.б. дайындалады. Мұның өзі Ш.Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Шоқан География құрамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеседі, сыртқы істер министрлігін Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, География қоғамында ІПығыс Түркістан, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысып отырады. Мұның өзі Шоқан бойындағы ғылымға деген ерекше ынта-ықыласты, қажымас қайратты танытады. Шоқанның Петербургке барған кезі 1861 жылғы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі реформаның қарсаңы еді.
Шоқан кадет корпусын өте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік оқушылардың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин өзінің естелігінде: ”Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді. Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын”,-дейді.
Шоқанды кадет корпусын бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-губернатор өзіне жәрдемші етіп алады. Генерал-губернатор кеңесінде болу арқылы Шоқан орыстың дворяндық ортасын, офицерлері мен чиновниктерін көп көріп, олардың мақсаты мен істеп отырған істерін байқайды.
Шоқан ендігі жерде кейбір қоғамдық істерге тікелей араласа бастайды. Өз ойын білдіріп, ел мақсатын көздейді. Ресей болашағын жақсылық жағынан танытуды арман етеді. Осындай игі мақсаттармен Шоқан қазақ қоғамын билеу ісіне байланысты өкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жаңа ереже жасау істеріне араласады.Орта Азияны, Қырғыз өлкесін зерттеу жұмысымен әуестеніп,1856 жылғы экспедицияға қатысады. Кейін Шоқан Құлжаға, сосын Қашқарияға сапар шегеді. Осылайша Шоқан 1856 жылдан бастап, ұлы саяхат сапарына шығады. 1858 жылы саяхат сапарын сәтті аяқтап, Құлжа, Қашқар өлкелері туралы ғылымға көп жаңалық қосады. Шоқан Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытушы, ашушы болып есептеледі. Саяхатшы ғалым Семенов-Тянь-Шанский Шоқанның қабілетін жоғары бағалап, оның Географилық ғылыми қоғамға мүше болуын жақтайды, Петербургке баруды ұсынып, оқы деп кеңес те береді.
1860 жылы Шоқан Петербургке аттанады. Ондағы әр түрлі идеядағы топты кездестіреді, олармен пікір алысады. Көп ізденген Шоқанның Астанада болуы оған үлкен бір мектеп болды. 1861 жылдары ауруы қайта қозып, еліне оралады. Ауруынан біраз сауыға келе, 1863 жылдары Омскіге келіп, әскери қызметке қайта орналасады. Сібір өлкесіндегі қазақ елі үшін жасалып жатқан сот реформасына өз жобасын ұсынады. 1865 жылы әскери қызмет бабымен Жетісу өлкесінде болады. Верныйға келіп, бұл өлкемен де жете танысады.
1865 жылы Шоқан қайта науқастанып, біржола төсек тартып жатып қалады. Асқынған көкірек ауруы Шоқанды 30 жасында, тым жас кезінде арадан алып кетеді. Оның сүйегі Қапал жақтағы қазіргі Алтын Емел стансасы маңына жерленген. Орыс достары оның басына мәрмәрдан ескерткіш құлпытас қойған. 1959 жылы Шоқан қабірінің үстіне оның жас ұрпағы сәулетті мүсін-ескерткіш орнатты.
Шоқанның саяси көзқарасы айқын, ол — дүниені материалистерше түсінген ағартушы-демократ. Оның негізгі мақсаты-өз елін Еуропаның озық мәдениетіне жетелеу және сол арқылы халық санасын ояту, өзінің туған елін мәдениетті елдер қатарына қосу.
Шоқан көзқарасының қалыптасуына петрашевшілдер көбірек әсер етті. Олардың ішінде Шоқан С.Ф.Дуровпен жақын дос болды. Ол арқылы Шоқан ішкі Россияда болып жатқан саяси қозғалыстармен танысты.
Шоқанның көпке мәлім еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділері мыналар: “Абылай”, “Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары”, “Елдегі мұсылманшылдық туралы”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қазақтың ертедегі қару-жарақтары”, “Жоңғария очерктері”, “Қазақ шежірелері”, “Жәмиғ-ат-тауарихтан ”, “Алты шахардың хал-жайы”, “Сібір тарихынан хаттар”, “Көкетай ханның өлімі”, “Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы”, “Құлжа күнделіктері” және басқалар. Ал, әдебиет саласындағы зерттеулері, сан-салалы еңбектері-баға жетпес мол қазына.
Шоқанның шығармаларын зерттеу мәселесіне келсек, оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1858 жылы Шоқанның бір томдық таңдамалы шығармалар жинағы Ә.Марғұланның басшылығымен жарық көрді. 1978 жылы Шоқанның шығармалар жинағы үлкен бес кітап болып шықты. Шоқанның біраз еңбектері әдеби зерттеу саласына арналған. Оның ішінде: “Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері”, “Бұқардың Абылайды жоқтауы” және “Қазақ халық поэзиясының түрі туралы” еңбектері — поэзиямыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеулер.
Шоқан өз еңбектерінің өзегі етіп, қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Еуропа жұртшылығына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол, ең алдымен, қазақ халқының ақындық қабілетін жоғары бағалайды.
Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөлуге болады:

  1. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет;

  1. Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер;

  2. Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.

Шоқан – қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгерішіл мәдениетке үндеген адал ниетті азамат. Оның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған зор үлес деп танылады.



Пайдаланған әдебиеттер:


1. Ш. Уәлиханов. Таңдамалы А., 1985 жыл.
2. Б. Ысқақов, Ұмытылмас есімдер. Ұлы ғалымдар өмірінен. Алматы «Қазақстан» 1994 жыл. ( 147- 160 бет).
3. М. Жолдасбекұлы, Қ. Санғараұлы, А. Сейдімбек. Елтұтқа. « KUL TEGIN» баспасы - Астана – 2001 жыл. ( 220-222 бет)
4. https://martebe.kz/шоқан-шыңғысұлы-уәлихановтың-еңбект/
5. https://stud.baribar.kz/4586/shoqan-shynhghysuly-ualikhanov1835-1865/



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет