Шуршитбай бейбитгул


 Оралмандарға қатысты құқықтық ережелер және құқықтық



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата16.02.2017
өлшемі1,08 Mb.
#4208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2 Оралмандарға қатысты құқықтық ережелер және құқықтық- 
нормативтік құжаттарды жетілдірудегі баспасӛздің рӛлі  
Қазақстан  Республикасының  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңының 
бекітілуі осы арқылы оралмандарға құқықтық тұрғыда теңдік беріліп, олардың 
мүдделерін қорғаудың мүмкіндіктері кепілдендірілді. Қандас бауырларға деген 
жанашырлық,  ұлттық  мүддені  ту  еткен  халықаралық,  республикалық 
масштабтағы ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, әртүрлі 
деңгейдегі  бас  қосулар,  пікірлесулер  жиі  ӛткізілді.  Сол  бас  қосу, 
пікірлесулердегі  айтылған  сын  (әсіресе  оралмандардың  құқықтық  мәртебесін 
жетілдіруге  байланысты)  кӛтерілген  проблемалар  бұдан  кейінгі  кезеңде 
мемлекеттен, үкіметтен қабылданған түрлі шешімдер мен заңнамалық актілерде 
кӛрініс тапты. 
Бірақ кӛші-қон, оралмандар мәселесін кешенді түрде шешуге, реттеуге бұл 
заң мен оны жүзеге асыруға арналған заңнамалық құжаттар, тәртіп, ережелерде 
де түйіткілді тұстар кӛп болды. 
Мысалы,  1997  жылғы  13  желтоқсандағы  №  204-1  Қазақстан 
Республикасының  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  Заңының  4-ші  бабында 
«Басқа  мемлекеттерден  Қазақстан  Республикасына  заңды  негіздерде  6  айдан 
астам  тұрақты  қоныс  аударушы  адамдар  осы  заңның  11-бабын  да 
кӛзделгендерден басқа жағдайларда кӛшіп келушілер мәртебесін алады. Кӛшіп 
келушілерге репатратиантар (оралмандар) реэмигранттар, қоныс аударушылар, 
босқындар  мәртебесі  беріледі  және  саяси  баспана  беруі  мүмкін».  деп 
кӛрсетілген.  Оралмандардың  заңды  құқықтарының  ең  бастысы  Қазақстан 
Республикасының  азаматтығын  алу  құқығы.  Ал,  заңда  бұл  құқық 
қарастырылмаған  десе  де  болады.  Оралмандардың  құқығын  жүзеге  асыратын 
түрлі  ережелерде  де  қандастарымыз  оралмандар  мәртебесіне  ие  болғаннан 
қанша  уақыттан  кейін  Қазақстан  азаматтығын  алынатыны  да  ашып 
кӛрсетілмеген.  
Сондықтан  да  оралмандардың  құқықтары  ең  алдымен  осы  мәселе 
тұрғысында  кӛп  бұзылады.  1992-2002  жылдар  аралығында  шетелден  келген 
қандастарымыз бірнеше жыл бойы тіпті 6-дан 10 жылға дейін азаматтықтарын 
ала  алмай  сандалды.  Азаматтық  ала  алмағандықтан  олардың  жұмысқа 
орналасу,  зейнетақы  алу  мүмкіндіктері  де  шектеулі  болды.  Ӛйткені  ол  кезде 
Қазақстан Республикасы азаматы деген жеке куәлігі жоқ адам әлеуметтік жеке 
бас куәлігін де ала алмайтын. Әлеуметтік жеке бас куәлігі жоқ адам зейнетақы 
ала  алмайды,  қызметке  де  орналаса  алмайды.  Сондықтан  оралмандар 

 
 
59 
құқығының  қорғалуына  қатысты  қазақ  баспасӛздерінің  барлығы  да  бұл 
мәселені  жарыса  жазды.  Бірақ  соншалықты  нәтижеге  жете  алған  жоқ. 
Баспасӛзде кӛтерілген сын-пікірге басшылық органдар кӛңіл аудармады. 
Жалпы,  демократиялық  қоғам  орнығып,  баспасӛз  еркіндік  алған  тұста 
Кеңестік  дәуірдегі  мемлекеттік  басшылық  органдардың  заң  орындарының 
баспа бетіндегі сын бойынша шара қолдану үрдісі кӛп жағдайда бұрынғы мәнін 
жойды. Дегенмен, нақты ӛмірде дәл кеңестік дәуірдегідей болмаса да баспасӛз 
беттеріндегі  сын,  ескертпелер,  ұсыныстар  түрлі  органдардың,  соның  ішінде 
әкімшіліктің назарына жетті десе де болады. 
Қолданыстағы  заңда  оралмандардың  Қазақстан  азаматтығын  алудағы, 
басқа  да  мәселелердегі  кемшіліктері  заңға  ӛзгертулер  мен  толықтырулар 
енгізуге  түрткі  болды.  Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  13 
желтоқсандағы  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңы  бекітілгеннен  кейін 
Үкімет  қаулысымен  оралмандардың  Қазақстан  азаматтығын  6  айға  сыйғызып 
беру ережесі белгіленді. Бірақ бұл ереже тек 2004 жылдың екінші жартысында 
ғана іске аса бастады [83]. 
Оралмандарға  қатысты  ӛзекті  мәселелерді  үзбей  жазатын  баспасӛз 
құралдарының  да  назарына  іліккен  тағы  бір  мәселе:  Парламенттің  «Қазақстан 
Республикасының  азаматтығы  туралы»  заңына  ӛзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізуі  болды.  Осы  мәселелерге  байланысты  Е  Кәпқызы  «Түркістан»,  «Қазақ 
елі»,  «Кӛш»  газеттерінде  түрлі  мақалалар  жазып,  мәселелерді  кӛтерді. 
«Түркістан»  газетін  де  Парламентте  Қазақстан  Республикасының  азаматтығы 
туралы  мәселе  қаралуына  байланысты  «Оралмандар  жеңілдік  сұрайды»  деген 
тақырыпта  мақала  жарияланған.  Автор  ӛз  мақаласында  «Жоба  тарихи  Отаны 
ретінде  Қазақстанға  тұрақты  тұруға  келетін  этникалық  қазақтардың  Қазақстан 
Республикасы  азаматтығын  алу  талаптарын  оңайлату  мақсатында  әзірленген. 
Заң  жобасы  бойынша  тарихи  Отанына  оралған  қандастарымыз  шетел 
азаматтығынан  бас  тарту  туралы  жазбаша  ӛтініш  арқылы  Қазақстан 
азаматтығына  ие  бола  алады,  әрі  оның  республика  аумағында  тұрақты  тұру 
мерзімі  заңмен  белгілеудің  қажеті  жоқ.  Бұл  дегеніміз-оралмандар  үшін  кӛп 
жеңілдік.  Ӛйткені,  бұрын  Қазақстан  аумағында  тұрақты  тіркелуге  келген 
мемлекеттің азаматтығынан шығаруға қыруар уақыт кететін болса, жоғарыдағы 
заң  қабылданған  күнде  қандастарымыз  аталған  белестерден  ӛтуге  мәжбүр 
болмайды.  Бүгінге  дейін  тарихи  Отанына  оралушылардың  тең  жартысынан 
астамы  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  ала  алмай  отырғандар.  Ол 
қандастарымыздың  азаматтық  алу  процесінде  кездесетін  түрлі  кедергілермен 
байланысты.  Соның  бірі  Қазақстан  Республикасы  азаматтығын  қабылдау 
туралы  ӛтініш  білдірген  күннен  бастап  ел  Президентінің  алдынан  ӛткен  күнге 
дейін бір немесе бір жарым жыл кететіндігі. Әлеуметтік мәдени даму жӛніндегі 
комитет  бұл  мерзімді  алты  айдан  асырмау  туралы  жоба  енгізілген.  Ұсыныс 
мәжіліс тарапынан қабылданбады. Себебі, олар ӛтінішті ішкі істер және сыртқы 
істер  министрлігінде  қаралатындықтан,  оның  бір  жақты  етуіне  алты  айдан 
артық  уақыт  керек  екендігімен  түсіндіреді.  Депутат  Амангелді  Айталы 
“Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңның 16- бабына тарихи Отаны 

 
 
60 
ретінде  Қазақстан  Республикасына  тұрақты  тұруға  келетін  оралмандарға 
мемлекетінің  шекарасына  ӛткен  күннен  бастап  республика  азаматтығын  алу 
мүмкіндігін  жасау  туралы  ұсыныс  енгізілгенімен,  ол  қаралып  отырған  заң 
жобасын ӛзгертеді деген желеумен қабылданбай қалды. 
Бұрын Қазақстан аумағында тұрақты бес жыл тұрып келген шетелдіктерге 
азаматтық  алу  құқығы  берілетін  болса,  бұл  жоба  бойынша  үш  жылға 
қысқартылмақ.  Соңғы  50-ден  астам  түзетулер  мен  толықтырулар  енгізіліп 
парламент  сенатының  қабылдауына  жіберіледі.  Ел  Президенті  қабылдайды 
деген сенімдеміз», - деп жазды [84]. 
Қазақ  баспасӛз  беттеріндегі  оралмандарға  қатысты  жарияланған  осындай 
мейлі  қолдау  кӛмек,  мейлі  проблемалық  мәселе  болмасын  осы  заңдар  мен 
құқықтық  нормативтік  актілердің,  ережелердің  орындалудың  негізгі  арқауы, 
түп  қазығы  болып  отырды.  Баспасӛздегі  сын,  ескертпе,  ұсыныстар  түрлі 
заңнамалық  актілерді,  қаулы  қаралды  қабылдау  кезінде  үнемі  болмаса  да 
ескерілетіні,  баспасӛздің  ықпалын  кӛрсетеді.  Тіпті  «Халықтың  кӛші-қоны 
туралы»  заңына  енгізілген  ӛзгертулер  мен  толықтырулар  баспасӛз 
құралдарының  дабылынан  соң  іске  асты  десек  де  болады.  Осылайша 
оралмандар  құқығын  қорғайтын  басты  заң  «Халықтың  кӛші-қон  туралы» 
заңына  1997  жылдағы  қабылданған  заңға  бірнеше  рет  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар енгізіліп жетілдіріле түсті. 
Ең  соңғы  ӛзгертулер  мен  толықтыру  2009  жылдың  12  сәуірінде  енгізіліп, 
2010  жылдың  қаңтарынан  бастап  күшіне  енді.  Бұл  жолғы  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар  осы  заң  алғаш  қабылданған  1997  жылдан  бергі  12  жыл  ішінде 
заңның  жетімсіз  тұстарына  байланысты  пікір  ұсыныстары  мен  баспасӛз 
кӛтерген сындар негізінде кӛптеген түзетулер енгізілген, біршама жетілдірілген 
нұсқа болғаны белгілі. 
Алайда  күні  бүгінге  дейін  заң  неше  рет  жаңаланып,  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар енгізілсе де бірінші тарауда айтылғандай «Халықтың кӛші-қоны 
туралы»  заңындағы  «оралман»  атауының  тұжырымдама  анықтамасына 
байланысты дау-дамай шешімін таппай келеді. 
Оралман  ұғымының  заңдағы  анықтамасының  екі-ұшты  болуы  олардың 
мәртебесін  толық  айқындауға  қауқарсыздық  танытты.  Осыдан  болып  заң 
актілердегі  оралман  ұғымы  мен  баспасӛздегі  оралман  ұғымының  арасында 
айырмашылық, алшақтық пайда болды. 
Қазақстан  Республикасында  кӛші-қон  туралы  заң,  құқықтық  норматив 
ережелері  бекітілгенге  дейін  мемлекеттік,  ӛкіметтік  ресми  құжаттарда  да, 
баспасӛз  беттерінде  де  «оралман»  деген  ұғым,  атау  қалыптасқан  жоқ. 
«Отандастар»,  «шетелдегі  қандастар»,  «ағайындар»,  шетелдердегі  қазақ 
диаспорасынан байырғы отанына оралушылар сияқты тіркестер арқылы беріліп 
келді.  Тіпті  репатрианттар  деген  мағынасы  жақын  халықаралық  термин  де 
қолданды.  Бірақ  бұл  атау-оралман  сӛзінің  тура  баламасы  бола  алмады,  тек 
жақын  синонимі  ғана.  Әрине  шетелден  келген  қандастарымызды  жеке 
әлеуметтік топ ретінде қарап, түрлі шаралар белгілеу үшін топқа қысқа да нұсқа 

 
 
61 
атау  беру  қажеттілігі  мемлекеттік  іс  қағаздар,  құжаттар  үшін  де  нормативтік 
актілер үшін де, тіпті баспасӛз үшін де қажеттіліктен туындағаны да белгілі. 
Осы  қажеттілік  тұрғысында  қалыптасқан  «оралман»  атауы  ӛмірге  келді. 
Ресми  түрде  де,  баспасӛзде  де,  халық  арасында  да  толық  қалыптасты.  Тіпті 
Қазақстандағы  ӛзге  ұлт  ӛкілдері  де  оралман  сӛзін  ешбір  аудармасыз  түсінетін, 
термин ретінде қалыптасты десек те болады. 
Бірақ  оралман  атауы  шетелден  келген  қандастарымыздың  ӛзіне  ұнай 
бермейтіні даудың негізгі себебіне айналды. Жалпы оралман ұғымына берілген 
түсінік,  анықтама  бір  ізге  түспегендіктен  заңды  анықтама  мен  халықтың 
санасындағы анықтама жер мен кӛктей алшақ болды. Бұл кезде жалпы қоғамда 
шетелдегі  қазақ  диаспорасы  түгелдей  жоғарыда  аталғандай  қуғын-сүргінге 
ұшырап  жат-жұртқа  кеткен  қандастарымыздың  ұрпағы  деген  түсінік  болғаны 
да  бүкпесіз  шындық  еді.  Ол  кезде  келген  оралмандар  ата-бабаларының 
репрессияға  ұшырағаны  туралы  анықтама  қағаз  тапсыратын  болғаны  соның 
айғағы. 
Алайда 2002 жылы  (ҚР 2002.03.27.№ 313)  «Халықтың  кӛші-қоны» туралы 
заңына  ӛзгерістермен  толықтырулар  енгізіліп,  онда  оралман  атауы  заңдағы 
«репатриант»  терминімен  қосарланбай  дербес  қолданылады,  әрі  жаңа  түсінік, 
анықтама беріледі. Ол анықтама: 
«Оралмандар»  Қазақстан  Республикасы  егемендігін  алған  кезде,  оның 
шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстан Республикасына тұрақты 
тұру  мақсатында  келген  ұлты  қазақ  шетелдіктер  немесе  азаматтығы  жоқ 
адамдар»,- деген анықтама берілген [85].  
Жалпы  оралман  сӛзінің  анықтамасы  Заң,  қағаз  жүзінде  ӛзгерсе  де,  халық 
санасында ӛзгермей қалып қалды. 
Сӛйтіп,  баспасӛз  беттеріндегі  мақалалар  мен  халықтың  арасындағы 
қалыптасқан  түсінік  бойынша  оралмандар  дегеніміз  -  Қазақстандағы  1931 
жылғы  аштық пен  1937-1938  жылғы  қуғын-сүргін  нәубеті  кезінде  шет  елдерге 
бас  сауғалаған  (тіпті  қара  басының  қамын  ойлап,  Отанын  сатқан  қашқындар, 
сатқындар) ретінде қалыптасқан. 
Бұл Қазақстан халқының отаршылдық, құлдық идеясы дәуірлеген, кеңестік 
заманда,  Қазақстан  мектептерінде  қазақ  тарихының  оқытылмауынан  болған 
сауатсыздық деуге толық негіз бар. Қазір жоғары білімді зиялыларымыздың ӛзі 
(тарихпен  шұғылданатын  қызықтайтын  топты  қоспағанда)  «Мен  шетелден 
келген  оралман  десеңіз,  «сонда  сіздердің  ата-бабаларыңыз  1931-1937 
жылдардағы аштықта, нәубетте қашып кеткен бе?» деп сұрайды [76, 5 б.]. 
Сӛйтіп «оралман» сӛзі заңда ӛз орнын таппаған дұрыс қолданылмаған атау 
болғандықтан  оралмандардың  наразылығын  туғызды,  әрі  заңның  солқылдақ 
болуының негізі  осы  кӛзқарас,  осы  анықтамада  жатыр  десек  те  болады.  Сӛйте 
тұра  бұл  ұғымды  дұрыстауға  мұрындық  болып,  мәселе  кӛтеріп  отырған  қазақ 
газеттері  ғана  десе  артық  айтқандық  емес.  Газеттерде,  телеарналарда 
ұйымдастырылған  бірер  талқылауды  есепке  алмағанда  бұл  мәселені  кӛші-қон 
комитеті  де,  Парламент  те  қолға  алып  заңға  толыққанды  ӛзгеріс  енгізе  алмай 
келеді. 

 
 
62 
Сондай-ақ,  «Халықтың  «кӛші-қоны  туралы»  Заңына  әлденеше  рет 
ӛзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілсе  де,  әлі  де  шешімін  таппаған 
мәселелердің  кӛптігі  заңды  бұдан да  жетілдіре  түсу  қажет  екендігін  кӛрсетеді. 
Оралмандар  тірлігіне  қатысты  заң  бойынша  шешімін  таппаған  басты-басты 
кемшіліктер  ретінде  баспасӛз  материалдарын  талдау  қортындысы  негізінде 
тӛмендегі жайларды атауға болады: 
-Жаңадан кӛшіп келген оралмандарды жаңа ортаға бейімдейтін әр облыста 
бейімдеу  орталығын  құру.  (Қазір  қағаз  жүзінде  кӛпшілік  облыстарда  бейімдеу 
орталықтары бар, бірақ аты болғанымен заты жоқтығы баспасӛзде жиі айтылып 
жүр.)  
-Оралмандарға баспана сатып алу үшін берілетін кӛмек ақшаның мӛлшерін 
кемінде ауылдық жердегі сатылатын үйлердің орташа бағасына жеткізу, 
-Ата-бабасы  әр  жылғы  нәубеттен  болып  шетелге  қашқандардың  оралман 
ұрпағы  екені  дәлелденсе,  нәубет  құрбанының  ұрпағы  мәртебесін  беріп, 
тӛлемақы тӛлеу немесе түрлі жеңілдіктер жасау, 
-Халқымыздың ӛнер-мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан оралмандарға 
дербес зейнетақы тағайындау, 
 -Оралман отбасы балаларының жоғарғы оқу орындарына түсуіне жеңілдік 
жасау, квота санын молайту, 
-Оралмандарға  берілетін  квоталық  кӛмек  мӛлшерін  еліміздің  жылдық 
бюджетінің  бір  пайызы  кӛлемінде  белгілеу  туралы  баспасӛз  арқылы  жиі 
кӛтеріліп жүрген ұсынысты жүзеге асыру. 
-Сондай-ақ  оралмандарды  тіркеуге  отырғызу  мәселесі  былай  қарағанда, 
мәселе  емес  сияқты  кӛрінгенімен  шын  мәнінде  олар  осыдан  бастап  кӛп 
қиындық кӛреді. 
Тіркеу  мәселесі  шешімін  таппағандықтан,  алдында  бұрын  кӛшіп  келген 
ағайын-туысы,  танысы  жоқ  оралмандар  қайда  тіркелерін  білмей  сандалуда, 
тіпті  әлдекімдердің  үй  кітапшасына  ақша  тӛлеп  уақытша  тіркелуге  мәжбүр 
(Тұрақты  тіркеуі  жоқ  оралман  квоталық  кӛмегін  ала  алмайды.)  Тіркеудің 
машақаты қалалы жерде тіптен қиын. Пәтер үйде тұратындар түрлі тӛлемдерді 
жан  басына  шағып  есептейтіндіктен  үй  кітапшаларына  басы  артық  адам 
тіркетпейді.  Заңдағы  шешімін  таппаған  осы  мәселе  қалалы  жерлерде  қазақ 
ұлтының сыбағалы салмағын арттыру тұрғысындағы ұлттық саясатқа да, бӛгет 
болуда.  (Әсіресе  Ӛскемен  сияқты  басқа  ұлт  ӛкілдері  басымдыққа  ие  қалалар 
үшін).  Әрі  қалалы  жерде  жұмыс  кӛп  табылатындықтан,  жұмыссыз  жүрген 
оралмандар  қалаға  орналасқысы  келетіндігі  де  заңда  ескерілуі  қажет  еді.  Тіпті 
қалалы  жерде  тұруына  бӛгет  болып  отырған  тұрақты  тіркелу  тәртібі 
оралмандардың азаматтық құқығын шектеу болып табылмақ. 
«Халықтың кӛші-қоны туралы» заңында және оралмандарға қатысты басқа 
да  заңдар  мен  нормативтік  құжаттарда  жетілдіруді  қажет  ететін  біршама 
кемістіктер  болғанымен  жалпы  сипаты  бойынша  бүгінгі  таңда  бұл  құқықтық 
актілер  ӛзіндік  миссиясын  орындап  келеді»,  -деген  қорытынды  жасауға  негіз 
бар. Атап айтқанда  «Халықтың  кӛші-қоны туралы» заңы басқа да, оралмандар 
мүддесіне  қатысты  заңдар  мен  нормативтік  құжаттар  аясында  оралмандардың 

 
 
63 
құқы біршама жолға қойылды. Заң негізінде елімізден тыс тұрып жатқан ұлты 
Отанымызға  оралуға  және  Қазақстан  азаматтығын,  қабылдауға  жоғары 
деңгейдегі  құқықтық  база  қалыптасты.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасының, 
“Азаматтық  туралы”  заңы  бойынша  оралмандарға  азаматтықтан  шығу  талап 
етілмей, Қазақстан азаматтығын қабылдауға мүмкіндік жасаған. 
Салыстырмалы  түрде  Ресей  федерациясы,  Беларуссия  және  Қырғыз 
Республикаларының  азаматтары  халықаралық  келісімге  сәйкес  Қазақстан 
азаматтығын  3  айға  дейін  мерзімде,  ал  басқа  ТМД  елдері  және  шетелдердегі 
оралмандар Қазақстан азаматтығын 6 айға дейін алу мүмкіндігіне қол жеткізуі 
кӛп  жылғы  айқай-шу  болған  күрделі  мәселенің  заң  бойынша  толық  шешімін 
табуы деп бағалауға болады. 
Мемлекет оралмандардың кӛшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар 
мен  олардың  отбасыларының  мүшелеріне  осы  заңның  29-2  және  29-3 
баптарында  кӛзделген  жеңілдіктермен,  ӛтемақылармен,  жәрдемақыларымен 
және  атаулы  кӛмектің  басқа  да  түрлері  халып  отыр  осы  заңның  29-4  бабында 
кӛрсетілген  құқықтарды  қоспағанда,  жоғарыда  айтқанымыздай,  Қазақстан 
Республикасы  азаматтығын  алғандығына  қарамастан,  оралман  мәртебесін  үш 
жыл  бойы  сақталатын  болуы,  олардың  кӛптеген  жеңілдіктерді  Қазақстан  
азаматтығын  қабылдаған  соң  да,  ала  беруіне  жол  ашып,  құқықтық  шектеуді 
жойған шара деуге болады. 
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  «Жұмыспен  қамту  туралы» 
заңына, оны орындауға бағытталған ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы 
№  68  Қаулысымен  бекітілген  2005–2007  жылдардағы  халықтың  жұмыспен 
қамту  туралы  Бағдарламасында  мемлекет  халықтың,  арнаулы  тобына  кіретін 
адамдарды  жұмысқа  ораналастыру  арнайы  қарастырылған.  Бұл  оралмандарға 
да, қатысты болуы оларға заң бойынша жасалып отырған үлкен қамқорлық деп 
түсінуге  болады.  Қазіргі  таңда  бұл  іс  шаралар  «2008-2010  жылдарға  арналған 
халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  ҚР  Үкіметінің  2007  жылғы  қарашадағы  № 
114  Қаулысымен,  халықты  жұмыспен  қамту  іс  шаралары.  Жоспары  аясында 
атқарылып  келеді.  Сондай-ақ  оралмандар  кәсіби  даярлық  біліктілігін  кӛтеру 
және қайта даярлау бағыты бойынша басым құқыққа ие болуда [86]. 
Сол  сияқты  барлық  жерде,  бірдей  жүзеге  аспай  отырса  да  «Қазақстан 
Республикасының Жер Кодексінің» 49 бабына сәйкес оралмандарға, Қазақстан 
Республикасының  азаматтығын  қабылдағаннан  кейін  меншігіне  ӛтетін  жеке 
ӛзіндік  шаруашылық,  саяжай  құрылысына,  бағбандық  және  ауылшаруашылық 
тауар  ӛндірісі  үшін  жер  телімін  бӛлу  қарастырылуы,  жеке  меншігіне  ӛтетін 
тұрғылықты жері бойынша жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер телімі берілетін 
болуы оралмандардың ең ӛзекті мәселесін шешті деуге болады.  
Жалпы  бұрын  алыстан  келген  ағайындар  шама-шарқына  қарай  кӛбінесе 
ескі  үйлер  сатып  алып  келсе,  қазіргі  таңда  жер  телімін береуге  байланысты  ӛз 
күштерімен баспана салып алуға кӛше бастады.  
Қазақстанда  шетелдерде  ӛмір  сүріп  жатқан  этикалық  қазақтардың  тарихи 
Отанына  келуіне  және  олардың  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын 
алуына 
уақыттық 
жеңілдіктер 
жасалудың 
сыртында, 
азаматтыққа 

 
 
64 
қабылданғаны  туралы  шешімді  күтпей-ақ  жұмысқа  орналасуына  мүмкіндік 
туғызу  мақсатында,  2009  жылдың  30  мамырында  ел  Үкіметінің  №  524 
Қаулысына  сәйкес  оралмандар  куәлігі  әлеуметтік  жеке  код  тағайындауға  негіз 
болатын құжаттар қатарына жатқызылды. Сӛйтіп, оралмандар жұмысқа тұруда, 
әлеуметтік кӛмек алуда, зейнетақысын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының 
азаматтығын алу жұмыстарын күтпейтін болады. 
Мұның барлығы түптеп келгенде, олардың жұмысқа орналасуында, атаулы 
әлеуметтік  кӛмек  алуына  кедергі  болатын  белгілі  бір  қиындықтарды 
болдырмауға  бағытталған  шаралар  деуге  болады.  Жалпы  сипатта  Қазақстан 
Үкіметі  үшін  де,  шетелдегі  қазақ  диаспорасы  ӛкілдері  үшін  де  ӛзекті 
мәселелердің  бірі  оралмандардың  құқықтық  мәртебелерін  толық  айқындап, 
реттеу,  бір  жүйеге  келтіру  болмақ.  Бұл  тұрғыда  ҚР  Министрлер  Кеңесі  1991 
жылы  18  қарашада  қабылданған  «Азаматтық  құжаттандыру  туралы»  қаулысы 
және  ҚР  Жоғары  Кеңесінің  1992  жылғы  26  маусымында  қабылданған  «Кӛші-
қон туралы» заңы кӛші-қон мәселесін толық шешпесе де кезінде оралмандарды 
қабылдап алудағы басты құжаттар ретінде мәселені реттеуде үлкен рӛл атқарды 
[87].  Аталған  заң  шет  елде  тұратын  қазақтардың  тарихи  Отанына  емін-еркін 
оралуына мүмкіндік берді. Ол қазақ баспасӛзінде кеңінен насихатталды. 
Шетелде  тұратын  қандастарымыздың  тарихи  Отанына  оралуына  ҚР-ның 
Президентінің  жарлығымен  1996  жылы  қабылданған  «Шетелдегі  ағайындарға 
қолдау кӛрсету туралы мемлекеттік бағдарлама» және 1997 жылы қабылданған 
«2000 жылға дейінгі кӛші-қон саясатының негізгі бағыттары» сияқты пәрменді 
құжаттар, 
арты-артынан 
ӛмірге 
келді. 
Бұл 
құжаттар 
шетелдегі 
қандастарымыздың  Қазақстанға  кӛшіп  келуіне  және  кӛшіп  келгеннен 
әлеуметтік-экономикалық  жағынан  қорғалуына,  қоғамдық  ӛмірге  еркін 
араласып, ӛз орнын тауып кетуіне құқықтық негіз болды. 
Еліміз  тәуелсіздігінің  экономикалық  тұрғыда  дамуының  бір  тетігіне 
айналған  кӛші–қон  үрдісінің  алға  жылжуына  құқықтық  жаңа  мүмкіндіктер 
туғызды . 
Алайда  дәл  осы  қарсаңында  ел  кӛлемінде  етек  алған  нарықтық 
экономиканың  ӛтпелі  кезеніңдегі  дағдарыс,  қиыншылықтар  сол  құқықтық 
мүмкіндіктерді  пайдаланып  шетелдегі  қандастарымыздың  ағыла  кӛшуіне 
мүмкіндік бермеді. Қандастарымыздың кӛшіп келуі осы тұста біршама тежелді. 
Нақты  деректерге  жүгінсек  алыс  және  жақын  шет  елдерден  кӛшіп  келуші 
ағайындардың  саны  1996  жылы  1991  жылмен  салыстырғанда  тӛрт  есе,  1993 
жылмен салыстырғанда екі есе қысқарған. 1991-1992 Моңғолиядан 1100 отбасы 
кӛшіп  келген  болса,  1995-1996  жылдары  құлдырап  200  отбасына  да  толмай 
қалды.  Басқа  елдерден  келуші  қандастарымыздың  саны  да  күрт  кеміді.  Тіпті 
«Кері  кӛш»  деген  атауға  ие  болған  бұрынғы  келгендердің  елдеріне  кері  кӛшу 
процесі  Моңғолиядан  келгендердің  арасында  кӛп  болғаны  белгілі  (кейбір 
деректерде  1000  отбасы  10  мыңдай  адам  деп  жүр).  Мұндай  үрдіс 
Қарақалпақстаннан,  Ресейден,  (әсіресе  Таулы  Алтай  Республикасының  Қош-
Ағаш  районынан)  келушілер  арасында  да  болды.  Ал  Түркия  және  басқа 
елдерден  Қазақстанға  тұрақты  мекендеуге  қоныс  шалып  келген  аздаған 

 
 
65 
ағайындар  ат  тізгінін  тежеді.  Бір  сӛзбен  айтқанда,  бұл  жылдары  кӛші-қон 
мәселесі тығырыққа тірелді деуге болады. (Тек 2002 жылдан бастап қайта ӛрлей 
бастады). 
 
Диаграмма 2. 1993-2004 жылдар аралығында оралмандардың кӛшіп 
келу кӛрсеткіші 
 
0
2000
4000
6000
8000
10000
12000
14000
19
93
19
94
19
95
19
96
19
97
19
98
19
99
20
00
20
01
20
02
20
03
20
04
Ряд2
 
Бірақ,  бұл  тоқыраудың  негізін  түгелдей  дерлік  «Кӛші-қон  туралы»  Заң, 
қаулылардың  әлсіздігімен,  жеткіліксіздігімен  түсіндіруден  аулақпыз.  Кері 
кӛштің,  тоқыраудың  басты  себебі,  елдегі  экономикалық  қиыншылыққа  соның 
ішінде  қазақ  кӛшін  қабылдаушы  негізгі  нысаны  болып  есептелінетін  ауыл 
ӛмірі, ауыл шаруашылығының дағдарысқа қалалы ӛндірісті ӛңірлерге қарағанда 
артық  ұшырауынан  болғанын  аңғару  қиын  емес.  Жергілікті  тұрғындардың  ӛзі 
байырғы  мекендерін  тастап  ауылдан  қалаға  кӛшіп  жатқанда  оралмандардың 
осы  ортаға  орнығуы  мүмкін  емес  еді.  Дегенмен  белгілі  дәрежеде  кӛшіп 
кетушілердің орнын басып, жаңадан кӛшіп келіп жатушылар да болды. Мұның 
сыртында  тұрғылықты  халыққа  мүмкіндік  жасай  алмай  дал  болған  жергілікті 
билік басындағылар кӛші- қонға қамқорлық жасау шараларын жүзеге асырудың 
тізгінін  босатып  алды.  Ӛйткені  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  1992  жылы 
алғашқы  Заң  оралмандардың  мүддесін  қорғауға,  қажеттілігін  толық  шешуге 
қауқарсыз  болды.  Заңда  оралмандар  мәселесін  шешуге  байланысты,  барлық 
қажеттіліктер  қамтылмады,  басқа  заң  актілерімен  қарама  қайшылықтары  кӛп 
болды [88].  
Республикамыздағы  қазақ  тілді  басылымдар  осы  тұста  еліміздің  қоғам 
ӛміріндегі  күрделі  проблема  ретінде  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігіне 
байланысты  ӛзекті  мәселелерді  жарыса  жазды.  Бұл  материалдарды  сараптай 
отырып,  кӛптеген  газет  материалдарында  оралмандар  тұрмысына  қатысты 

 
 
66 
кемшіліктер  заңның  орындалмауымен  немесе  заңның  осалдығымен,  тіпті,  бұл 
мәселенің  заңда  қарастырылмағанымен  түсіндіргенін  байқауға  болады.  Нақты 
деректерге  сүйенсек  «Оралмандар  орнықпай  отыр»  атты  мақалада  «Халықтың 
кӛші-қоны  туралы»  заңның  29  бабы,  3-тармағында  оралмандарға  жеке  тұрғын 
үй  құрылысына  арнап  жер  телімдерін,  субсидиялар  беру,  ӛндірістерді 
инвестициялау  немесе  жеке  тұрғын  үй  салу  кезінде  бір  жылғы  қаржы  кӛмегін 
кӛрсету,  преференциялар  беру  жолымен  бӛлу  тәртібі  нақты  белгіленбеген. 
Сондықтан оралмандар осы саладағы кӛмектерге қол жеткізе алмай, зәру болып 
отыр.  Егер  бұл  талаптар  орындалса  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігі 
(барлығында болмаса да біразында) біз ойлағаннан әлде қайда артық болар еді», 
деп жазады.  
Ӛмір  Есқалидың  «Солтүстік  кӛш  керуен  сап  түзеді»  [75,  3б.]  мақаласында 
осы  ӛңірге  келген  оралмандарға  кӛрсетіліп  жатқан  қамқорлықтың  кӛңілден 
шықпайтындығын  сынайды.  Мұнда  кейбір  жергілікті  басшылардың 
оралмандардың  мұқтаждығына  жүрдім-бардым  қарап  отырғаны  сыни 
материалдың  ӛзегі  деуге  болады.  Ӛйткені  жергілікті  басшылық  оралмандарды 
баспанамен  қамтамасыз  етуге  салғырттық  танытып  отырғанын  нақты 
мысалдармен  келтірген.  Бұл  мақаладан  кемшіліктердің  түп-тамыры  үкіметтік 
қаулы-қарар  шешімдерінде  жатқанын  аңғарасыз.Үкімет  келген  оралмандарды 
баспанамен  қамсыздандыру  жӛнінде  шешім  қабылдағанымен  кей  аудандарда 
сатып алатын үй жоқ, 2009 жылы оралмандарға үй сатып беру облыстық кӛші-
қон  департаменті  құзырында  болса,  2003  жылы  бұл  құқық  тікелей  облыс 
әкімдіктеріне  берілгендіктен  мәселеге  жауапты  қызметкерлер  оралмандардың 
жай-күйін  толық  түсінбеуі,  басқаны  қойғанда,  әкімдіктегі  осы  іске  жауапты 
қызметкерлердің  қазақ  тілін  білмеуінің  ӛзі  кедергі  келтіретін  кӛрінеді.  (Ал 
кӛші-қон  департаментіндегі  қызметкерлер  түгелдей  қазақ  болып  келеді).  Тіпті 
2001 жылы оралмандарға үй сатып алып беруді тендерлік тәртіппен ӛткізген. 
Бұл  тәртіптің  ӛміршең  еместігіне  кӛз  жеткізген  соң  үкімет  келесі  жылы 
тендрсіз жолмен департамент ӛзі таңдап, сатып алып беру тәртібіне кӛшкен. Ал 
үшінші  жылы  бұл  билікті  департамент  емес  әкімшілікке  бергені  тағы 
қиындыққа  тіреген.  Міне,  осыдан  бастап  жапа  шеккен,  сергелдеңге  түскен  
оралмандардың  обалы  мемлекеттік  сатып  алу  заңындағы  кемшіліктерге 
байланысты болғанымен, мәселенің түйінінде жергілікті жер кінәлі болып қала 
берген. 
Оралмандарды  баспанамен  қамсыздандыру  жайлы  «Ана  тілі»  газетінің 
2001  жылы  6  қыркүйектегі  36  санында  жарияланған  Дағжан  Белдеубайдың 
«Оралмандарға  үй  сатып  беру  ережесі  бекітілді»  [54,  8  б.],  -атты  мақаласында 
ереженің «Тұрғын үй алаңы ең тӛменгі баға негізінде айқындалған тұрғын үй» 
деген жарымжан, әрі жаңылтпаш сӛйлемнің астарында ең арзан үйлерді сатып 
әперу, қаржыны үнемдеу мақсаты тұр. Сонда оралмандар ең жаман үйде тұруы 
керек  пе,  сол  сияқты  «орман  үй  сатып  әперу  процесте  бақылаушы  ретінде 
жіберілуі  мүмкін»  деген  бап  оралмандардың  бірін  қатыстырса,  бірін 
қатыстырмай-ақ  нашар  үйді  сатып  беруге  құқылы  деген  астар  жатыр  деп 
жазады. Ал осы газеттің 2003 жылы 22 мамыр күнгі сонында жарияланған сын 

 
 
67 
мақаласында  Дағжан  Белдеубай  тағы  да  оралмандардың  баспанасыз  жүргенін 
сынайды. 
Жалпы  оралмандарға  баспана  сатып  алып  беруге  арналған  ереже  дұрыс 
жолға  қойылмаған.  Кӛптеген  газеттерде  жазылған  қандастарымыздың  тұрмыс-
тіршілігіне байланысты сыни материалдарында баспана мәселесіне байланысты 
дау-дамай ӛзек болған. Әрі бұл сындардың орынды екеніне 2004 жылдан бастап 
тәртіп  ӛзгеріп,  ендігі  жерде  оралмандарға  үй  емес  квоталық  жәрдем  ақшалай 
берілетін  болғаны  дәлел.  Әрі  мемелекет  оралмандарға  тұрғын  үй  салуына 
қолғабыс  жасау  мақсатында  қаржының  әртүрлі  кӛздерін  қарастыра  бастады. 
Бұл біршама оң ықпал етті. 
Жоғарыда  айтқанымыздай,  Қазақстан  Республикасының  «Кӛші–қон 
туралы» 
алғашқы 
заңындағы 
солқылдақтықтарға, 
осалдылықтарға 
жетімсіздіктерге, 
басқа 
заңдармен 
қарама-қайшылыққа 
және 
елдегі 
экономикалық дағдарыстық жағдайға байланысты оралмандардың саны 1994  – 
1996  жылдары  кеміп  кеткенімен,  1997-1998  жылдары  біртіндеп  қайта  толыға 
бастағаны белгілі.  
Бұл біріншіден, Қазақстан экономикасында ӛрлеу пайда бола бастағандығы 
болса,  екіншіден  «Халықтың  кӛші-қон  туралы»  жаңа  Заңы  ӛмірге  келіп, 
мемлекеттік  кӛші-қон  агенттігі  құрылып,  нақты  іс-шараларды  қолға  алумен 
байланысты болды.  
Сондай-ақ  бұл  жылдары  мемлекеттік  кӛші-қон  агенттігі  кӛші-қон 
тӛңірегінде  жинақталып  қалған  біршама  мәселені  шешті,  кӛші-қонға  бӛлінген 
қаржының  кӛлемі  артты,  оралмандарды  малмен  қамтамасыз  ету  мәселесі  де 
біртіндеп  ӛз  шешімін  таба  бастады.  Сондықтан  бұл  кездегі  кӛптеген 
кемшіліктер  заңға  ғана  емес,  Қазақстан  Республикасының  сол  кездегі 
экономикалық потенциалына да байланысты екенін ескеруіміз керек. 
Осындай  қиыншылықтарға  қарамай,  тіпті  кӛптеген  күн  тәртібінде  тұрған 
ӛзекті  мәселелерді  кейінге  ысырып  қойып,  ҚР  жоқтан  бар  етіп,  кӛші-қон 
мәселесін  біртіндеп  шешіп  келеді.  Бірақ,  еліміздің  экономикалық-әлеуметтік, 
басқа  да  салалардағы  мүмкіндігіне  байланысты  ұзақ  жылдарға  созылуға  тиісті 
қазақтардың байырғы Отанына толық жиналу процесі ӛзінің әр этапында жаңа 
мәселелер  туындата  беретіні  сӛзсіз.  Соған  сай  заң-заңнамалық  ережелерде 
жетіліп кемелдене бермек.  
Осы  заңдылық  бойынша  1997  жылы  халықтың  кӛші-қон  мәселесін 
заңдастыратын  ӛзгертулер  мен  толықтырулар  енгізген  «Халықтың  кӛші-қоны 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  екінші  заңы  ӛмірге  келгеніне  бірінші 
тарауда  егжей-тегжейлі  тоқталдық.  Бұл  заңды  да  әлемдік  және  Қазақстан 
ӛмірінің талаптарына толық сай келеді деп айту мүмкін емес. Тіпті кемшіліктер 
шаш-етектен деуге болады.  
Жалпы  заң  қатып  қалған  қағида  емес  болғандықтан,  заман  қоғам 
талаптарына  сай  ӛзгеріп  отыратын,  толықтырулар  енгізуге  тура  келетін  құжат 
екені  белгілі  жай.  Дегенмен  нақты  жасалған  мұқият  заңдар  кӛп  уақытқа  дейін 
осы саладағы мәселені толықтай шешуге қауқарлы болатыны да шындық. Міне 
осы  талаптарды  1997  жылғы  жаңа  заң  толық  шеше  алмағандықтан  еліміздің 

 
 
68 
қазақ  басылымдарында  оралмандар  мәселесіне  қатысты  кемшіліктерді  нақты 
дәлелді сынаған, мәселе кӛтерген біршама материал жарық кӛрді. 
«Егемен  Қазақстан»  газеті  2005  жылғы  28  қыркүйек  санында  тарих 
ғылымының  докторы  Задырхан  Қинаятұлының  мақаласын  жариялады. 
Мақалада: «Заңның 29-бабында оралмандарға 13-14 түрлі жеңілдіктер, ӛтемақы 
мен  басқа  атаулы  кӛмек  кӛрсету  белгіленген.  Бірақ,  «оралман»  деген  заңының 
тұлғасы, мәртебесі, құқы қандай, міндеті не? [89], Бұл тұрғыда аталмыш заңда 
жалпы  анықтамадан  ӛзге  құқықтық  ӛзекті  талдау  жоқ.  Қазақстан 
Республикасының  «Азаматтық  заңы»,  «Жер  туралы»  Заңы,  ережелері  тек 
Қазақстан азаматтарына арналған және «Халықтың кӛші-қоны туралы» заңның 
29-бабында  кӛрсетілген  мәселелер  аталған  ӛзге  заңдарда  басқаша  белгіленген. 
Бұл  бойынша  бір  заңмен  басқа  бір  заңның  ережелерін  бұзуға  болмайды.Заң 
қабылданды,  бірақ  жан  беретін  тетіктер  қолға  алынбады.  Оны  орындауға 
арналған  ережелер  бекітілмеді.  Мысалы:  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік 
қорғау  министрлігі  оралмандарды  еңбекке  жұмылдыру  туралы  бапты,  Қаржы 
министрлігі 24-баптың 9-тармағында кӛрсетілген негіздерді, туризм, білім және 
денсаулық  сақтау  министрлігі  2-тармақта  кӛрсетілген  негіздерді  орындау 
ережелерін  белгіленуі  тиіс  болатын.  Оның  барлығы  да  қолға  алынбады. 
Осылайша заң орындалмай жатып-ақ, енді міне қайтадан ӛзгеріс енгізу мәселесі 
кӛтеріле  бастады.  «Заңның  ӛзгерістерге  ұшырауға  тиісті  тұстары  бар,  бірақ 
ӛзгерту үшін әуелі практикалық апробация (ӛмір талқысынан ӛту) жасап кӛруі 
қажет еді», - деп жазды. 
Заңның осалдығына байланысты осы мақалада 1995-2000 жыл аралығында 
12800  адам  Моңғолия  азаматтығынан  шыққанымен  оның  4000-ға  жуығы  ғана 
Қазақстан азаматтығын қабылдаған. Басқасы қайда? - деген заңды сұрақ туады. 
Мұның ӛзі оралмандарды қаншама құжат жинатып, ӛздерінше барлық дүниені 
заңды түрде бекемдеп жатқан сияқты кӛрінгенмен, шын мәнінде заңның "тесік" 
тұстары  кӛп  екендігін  аңғартса  керек.  Бұлай  дейтін  себебіміз,  келген 
оралмандардың 
толықтай 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтығын 
қабылдамауы. 
Бұл кемшілік бірнеше негіздерге тікелей байланысты: 
1.  Заңда  азаматтықты  қабылдау  туралы  нақты  уақыт  кӛрсетілмеген.  Кӛп 
адам осы жылдарда азаматтық ала алмай, алды он жылға дейін қаңғып жүргені, 
осыдан барып, қызметке орналаса алмай, түрлі жеңілдік жәрдем-ақы ала алмай 
жүргенін жоғарыда айтқанбыз. 
2.  Олардың  біршамасы  ӛздерінің  атажұртқа  толық  сіңіп  келе  алатынына 
сенімсіздікпен  қарап,  азаматтық  алуды  кейінге  қалдырып,  бой  тасалап  немесе 
уақытша тұратын «ықтияр хат» атты куәлікпен жүр.  
3.  Заңда  келген  оралмандарды  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын 
алмай  тұрып  қайта  кетуіне  мүмкіндік  бермеу  үшін  құжаттарын  ауыстырып, 
Қазақстан Республикасының Президентіне заңды түрде ӛтініш білдіріп, Елбасы 
ӛтінішті  қабылдаған  соң  жедел  азаматтық алатындай  етіп кӛрсетілген  бап  жоқ 
болғандықтан  азаматтық  алмай  әліптің  аяғын  бағып,  жағдайы  келмесе  қайта 
келіп қалу үрдісі қалыптасқан.  

 
 
69 
4.  Шетелден  келген  қандастарымызға  оралман  куәлігін  сол  елдің 
азаматтығынан 
шыққаны 
туралы 
анықтама 
негізінде 
беру 
заңда 
қарастырылмаған. 
Сондықтан  заңға  осындай  тұстарды  болдырмайтындай  тетіктерді 
қарастырған 
ӛзгерістер 
енгізу 
қажет 
болатын. 
Бұл 
«Қазақстан 
Республикасының азаматтығы туралы» заңда кӛрсетілуге тиіс.  
Осы  заңды  талқылау  барысында  Парламент  Мәжілісінің  депутаты 
Амангелді  Айталы  келген  оралмандарды  сандалтпай,  тура  Қазақстан 
шекарасын  асқан  кезінде  Қазақстан  азаматтығына  қабылданғанын  растайтын 
құжат  беруді  заңға  енгізу  туралы  ұсыныс  жасағанына  жоғарыда  тоқталдық. 
Әрине,  Амангелді  Айталының  ұсынысындағыдай  шетелдегі  қандастарымызға 
шекара сызығын аттаған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығын беріп, 
тӛлқұжатын қолға ұстату мүмкін емес екендігі белгілі. Бұл бір жағынан әлемді 
лаңкестік  жайлаған,  қауіп-қатерге  толы  заманда  содыр-сотқарлардың  «қой 
терісін  жамылған  қасқырдай»  оралман  атын  жамылып  елімізге  кіріп кетпесіне 
ешкім  де  кепілдік  бере  алмаса,  екінші  жағы  кӛптеген  мемлекетпен 
шекараласатын  кең  байтақ  территориялы,  жол  қатынасының  түрлі  саласы 
дамыған,  келімді-кетімді  жолаушы  кӛп,  ұлттық  құрамы  сан  қилы  елде  тек 
лаңкестік  ғана  емес,  басқа  да  келеңсіз  жағдайлар  болуы  әбден  мүмкін.  Қалай 
дегенмен де 1992-1997 жылдары қабылданған екі рет кӛші-қон туралы заңда да 
оралмандарды  Қазақстан  азаматтығына  қабылдау  әуре  сарсаңы  кӛп  дүние 
болғанын байқаймыз [32, 4.]. 
Бірақ,  бұл  мәселе  соңғы  жылдарда  құзырлы  органдардың  арнайы  қаулы 
қарарлары арқылы шешімін тауып оралмандардың 6 айға сыйғызып азаматтық 
алуы  ұлттық  басылымдардағы  ұзақ  жылғы  «айғайының»  нәтижесі  екендігін 
ешкім де жоққа шығара алмайды. 
Оралмандар  ӛміріне  қатысты  екінші  бір  кемшілік  квотаға  байланысты 
құйтырқы  саясатын  сынаған  материалдарды  жоғарыдағы  кең  таралған 
басылымдармен  шектелмей  басқа  да  газеттерге  кӛптеп  жарияланғанын 
аңғарамыз.  «Азия  транзит»  газетінің  2005  жылғы  №10  санында  ЕҰУ-нің 
Қуандық  Шамақаев  Дүниежүзі  қазақтарының  ІІІ  құрылтайы  қарсаңында 
шетелдегі  қандастарымыздың  ата  жұртына  оралуына  мүмкіндік  жасау,  келген 
соң кӛмек беру саласындағы келеңсіздіктер жайлы ой тастаған кӛлемді мақала 
жариялап,  кетіп  жатқан  кемшіліктерді  келесі  құрылтайда  күн  тәртібіне  қоюға 
байланысты  мәселе  кӛтерді.  Бұл  мақалада  «Бұрын  квотаға  енгенде  баспана 
беретін,  енді  оралмандарға  ақша  беретін  болды.  Жыл  сайын  кӛші-қон 
комитетінің  облыстық  басқармалары  құшақ-құшақ  құжат  қабылдап  мұрнынан 
шаншылады  да  жатады.  Квотаға  кімнің  енгені,  қайда  орналасқаны  жайлы 
деректерді  соңғы  кезде  ашық жариялаудан  тайсақтайтын  болды.  Ақша  жүрген 
жерде  жариялық  болмаса  оның  арты  неге  әкеліп  соғары  айтпаса  да  түсінікті. 
Расында  жаңадан  келген  оралман  ба  немесе  аларын  алған  соң  кетіп  қалып, 
екінші рет қайта оралып келіп тұрған пысықай біреу ме дегенді ажырата білетін 
қарым-қабілеттің  кӛші-қонның  обылыстық  департаментінде  жоқ  екендігіне  
сын  айтып,  мәселе  кӛтереді.  «Басталған  кӛш  түзеле  қойған  жоқ,  осыны  ашық 

 
 
70 
мойындауымыз қажет. Оған үкіметтік органдар, қоғамдық ұйымдар, шетелдегі 
диаспора  ӛкілдері,  сонымен  қатар  атажұртқа  келген  оралмандар  біз  ӛзіміз  де 
кінәліміз.  2002  жылы  Түркістан  қаласында  ӛткен  екінші  құрылтайға  қатысқан 
шетелдік  мейман  қазақтардың  дені  осыдан  он  жыл  бұрын  келген 
қандастарымыз болғанын кӛрдік. Баяғы сол сән-салтанат, ырду-дырду айтылып 
жатқан  әңгіме  де  бір  сарынды  жаппай  қошемет,  тамсанып-тебіренген  құрғақ 
лебіз.  Ӛткен  құрылтайдан  қабылданған  шешімнің  кӛбі  декларация  қалпында 
қалып  қойды.  Әрине,  ішінара  орындалғандары  да  бар  шығар,  дегенмен  кӛңіл 
кӛншітерліктей болмағанын жасырудың түк те қажеті жоқ»,-дейді [90]. 
Ал  «Кӛш»  газетінде  «Квота  алатын  оралман  таппай  жатырмыз»  деген 
тақырыптағы кӛші-қон комитетінің қазіргі тӛрағасы Қабдылсаят Әбішпен тілші 
сұхбатында  да  бүгінгі  ӛзекті  мәселе  оралмандардың  квотасын  ала  алмай 
сандалуы,  делдалдардың  алдау-арбауы,  жалған  құжат  жасап,  квотаны  бірнеше 
рет алу немесе шет елде жатып, оралман атын жамылып ақша ұрлайтындардың 
жолын  кесу  мәселесі  жайлы  ой  қозғап,  кӛші-қонға  байланысты  заң,  қаулы-
қарарлардың орындалмайтыны, «бармақ басты, кӛз қыстының» кӛбейіп кеткені 
айтылады.  Бұл  сұхбатта  тақырыбы  айтып  тұрғандай,  квота  алушылардың 
табылмай  жатуының  ӛзі  заңды  белшесінен  басудан  болып,  оралмандардың 
құқы  бұзылып,  қиыншылықтарға  тап  болуы  алдағы  келемін  деп  отырған 
алыстағы  ағайындардың  мәселесінде  қайтарғанын  Қабылсаят  мырза  ашық 
мойындамаса да шындық осыған саяды [91]. 
Жалпы,  кӛші-қон,  оралмандар  мәселесіне  байланысты  баспасӛз  беттеріне 
жарияланды,  сын  материалдар  жергілікті  жердегі  әкімшіліктердің  кӛші-қон 
агенттігінің  (кейіннен  комитет)  кемістік  -  келеңсіздіктерінен  гӛрі  кӛші-қонға 
байланысты  әр  жылдардағы  үкіметтен  шыққан  қаулы-қарарлардың  шикілігіне 
байланысты  кӛп  жазылғанын  аңғаруға  болады.  Мәселен,  шетелдегі  ағайындар 
атажұртына  орала  бастаған  алғашқы  5-6  жылда  оралмандардың  Қазақстан 
азаматтығын  алу  ісі  әлденеше  жылға  созылып,  осыдан  жұмысқа  орналаса 
алмай,  түрлі  жәрдемақы,  зейнетақысын  ала  алмай  сергелдеңге  түсуіне 
байланысты  сындар  болса,  келесі  кезекте  атажұртқа  ораламын  деушілерді 
жерінен барып кӛшіріп әкелетін үрдіс ӛзгерген соң қай елге бӛлінген квотаның 
ақшасы игерілмей қалғаны екінші бір елден келемін деушілер шекараның арғы 
бетінде қамалғаны баспа беттеріне түспеген.  
2004  жылдың  соңында  Парламент  мәжілісінің  бір  отырысында  депутат 
Уалихан  Қалижан  осы  жылы  250  отбасын  Моңғолия  жеріне  барып  кӛшіріп 
әкелуге  қаржы бӛлгенімен,  қараша  айында  небәрі  50  үй  ғана  кӛшіріп әкелінді. 
Қалған  қаржы  қайда,  қандай  мақсатқа  жұмсалғанына  Еңбек  және  халықты 
әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  кӛші-қон  департаментінің  бастығы 
Алтыншаш Жағанова ханым жауап берсін деген сауал жолдауы сол тұста кӛші-
қонға бӛлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғанын дәлелдейді. Осындай қаржы, 
бюджетті  игеру  саласындағы  ол  қылықтардан  болып,  сол  жылы  неше  жылдай 
квота кезегінде тұрып, кӛлік келіп кӛшіріп алуын сарыла күткен, ӛз беттерімен 
шекара асуға тұрмыстық мүмкіндігі жоқ 200 отбасы сол күйі кӛшіп келе алмай 
қалды [92]. 

 
 
71 
Қазақ  баспасӛздер  бетіндегі  осындай  сындардан  жалпы,  кӛші-қон 
мәселесіне  қатысты  заң  және  құзырлы  органдардың    ұйымдастырудағы 
келеңсіздіктеріне байланысты кӛші-қон заңы ӛрескел бұзылып, бӛлінген қаржы 
мақсатсыз жұмсалғанын кӛреміз. 
Баспасӛз  беттерінде  тағы  бір  жиі  кӛтеріліп  жүрген  мәселе  заңдағы 
оралмандардың  еңбек  ету  құқығының  кӛкейкестілігі  деуге  болады.  Әрине, 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  24-бабының  1-тармағында 
«Халықтың  кӛші  -  қоны  туралы»  заңның  4-бабында  азаматтардың  еңбек  ету 
құқығы  белгіленген.  Әрі  кӛшіп  келген  оралмандардың  барлығы  күні  бүгінге 
дейін  жұмыссыз  бос  сенделіп  жүрген  жоқ.  Әсіресе  оралмандар  ішіндегі 
маманды  мұғалімдер,  дәрігерлердің  баршасы  (кӛбіне  ауылдық  жерлерде)  ӛз 
мамандығы  бойынша  жұмыс  істеп  жүрсе,  қалған  тобы  да  қол  қусырып  қарап 
отырмай,  ата-бабамыздан  қалған  байырғы  кәсіп  мал  шаруашылығымен 
айналысып,  егін  егіп,  жерден  нәпақасын  тауып  жүр.  Ал  заман  талабына  сай 
қаржысы,  қарым-қабілеті  жеткендер  орта  бизнеспен  айналысса,  енді  бір  тобы 
қанжыға саудамен-ақ ӛз күндерін кӛріп отырғаны шындық. Оларды жұмыссыз 
деп  ешкім  де  атай  алмайды.  Бірақ  шетелден  келген  талай  білікті  білімді 
азаматтарымыз  бола  тұра,  мемлекеттік  қызметте  жүргендер  саны  саусақпен 
санарлық екені шындық. Бұл біржағы  «Халықтың кӛші-қоны туралы» заңында 
оралмандардың  еңбек  ету  құқығын  қамтамасыз  ететін  баптардан  жоқтығына 
байланысты  болса,  екінші  жағынан  қоғамды  жайлаған  жемқорлық  қол  қарына 
тартып,  туыстық-таныстық  арқылы  қызметке  орналасатын  жазылмаған  
заңдарға  да  байланысты.  Оралмандар  тірлігіне,  құқығына  қатысты  мұндай 
келеңсіз жағдайлар қазақ тілді басылымдар жиі жазып келеді. Мұның кӛпшілік 
басылымдары  жалпылама  сынаумен  шектелсе,  кей  басылымның  заңның 
осалдығына байланысты екенін нақты мысалдар арқылы жазуымен ұтымды. 
«Кӛш»  газетінің  2005  жылғы  1-наурыздағы  санында  жарияланған 
оралмандар  тірлігіне  қатысты  мақалада  оралмандардың  жұмыссыздық 
мәселесін  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңында  кӛрсетілгені  «жер 
учаскілерімен» ұзақ мерзімді жеңілдік несие, субсидиялар бӛлу арқылы шешуге 
болар  еді.  Ондайда  оралмандардың,  біріншіден,  азаматтық  мәселесі  алға 
тартылса, екіншіден, кӛпшілігінің кепілдікке қояр мүліктері жоқ. 
Осыған  байланысты  мемлекеттік  кӛші-қон  агенттігі  жанынан  мемлекеттің 
тікелей  кӛмегімен  «Кӛпшілік  қаржы  қорын  құру  мәселесін  ойластырған  жӛн 
сияқты»,-деп  орынды  мәселе  кӛтереді.  Оралмандарға  мұндай  жеңілдіктер 
кӛрсетуге  арналған  «Қазақстан  Республикасы  Министрлер  Кәбинетінің 
Қаулысы  23  қыркүйек  1992  ж.  №  791»  Шетелдегі  қазақ  диаспорасының 
ӛкілдерін  Қазақстан  Республикасында  болған  кезінде  әлеуметтік  – 
экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы қаулы қабылданды [93]. 
Бірақ  осы  жеңілдіктерді  жүзеге  асыратын  құзырлы  министрліктер  мен 
ведомствалар  арнайы  ереже  бекітпеген.  Жалпы,  қазақ  баспасӛзі  оралмандар 
ӛміріне  байланысты  тұрақты  жазғанымен  негізгі  кемшілігі  істің  заңды 
негіздеріне жүгінбей кӛп жағдайда олардың бүгінгі таңдағы тұрмыс жағдайына 
ғана назар аударатын сыңаржақтық, тіпті асыра сілтеушілік, мақтаса тарыдайды 

 
 
72 
таудай  етіп,  жамандаса  таудайын  тарыдай  етіп  кӛрсететін  үрдіс  қалыптасқан 
деуге болады. Мәселен оралмандар жайлы сӛз қозғаса, тек қиындықтарды ғана 
тілге  тиек  етеді.  «Елім»  деп  келген  қандастарымыздың  түгелдей  басында 
баспанасы  жоқ,  алдында  асы  жоқ  бишара,  мүсәпір  етіп  кӛрсетеді.  Олардың 
кӛргендері бейнет, шеккендері зәбір-жапа сияқты. Әрине «жел соқпаса шӛптің 
басы қимылдамайды», мұндай кемшіліктің бар екені шындық. Ал шындық бола 
қалды  деген  күннің  ӛзінде  бұған  кім  кінәлі,  мәселе  қайда  жатыр?-дегенге 
қорытынды  жасамайды.  Шын  мәнінде  мұндай  аянышты  күйде  тіршілік  кешіп 
жатқан  қандастарымыз  заң  білмегендіктен  ӛз  құқықтарын  қорғай  алмаудан 
осындай  күйге  түседі.  Нәпәқасын  ала  алмай  осындай  күйде  тұрмыс  кешіп 
жатқанына  басшылықта,  журналистер  қауымы  да  мән  бермейді.  Олардың 
құқықтық  сауаты  мүлдем  сӛз  болмайды.  Әйтсе,  оралмандардың  құқықтық 
сауатын ашуға ӛзінен ӛзге кімдер мүдделі? Міне,осыған мән беру керек сияқты. 
ДЖҚҚ-ның 
тӛрағасы 
Сұлтанәлі 
Балғабаевтың 
«Оралмандардың 
орналастырудағы  оралымсыздықтар»  атты  мақаласы  осы  кемістіктің  себебін 
іздестірумен  маңызды  [94].  «Бұл  сұраққа  жауап  іздегенде  мәселе  бұрын  ӛз 
алдына  жеке  агенттік  болған,  қазір  еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 
министірлігінің  құрамына  кірген  кӛші-қон  басқармасына  барып  тірелді.  Бұл 
басқарманың басты міндеті-атажұртқа қоныс аударған ағайындарды ойдағыдай 
орналастырып,тиісті жәрдем ақы беру ғана емес,  сонымен қатар оларға кӛші– 
қон  заңын,  Қазақстанда  тұрудың  басқа  да  ереже-тәртіптерін  түсіндіру  және 
олардың  орындалуын  қадағалау.  Ӛкінішке  орай,  бұл  мәселе  ескерілмей  келе 
жатыр.  Оралмандар  арасында  бұл  жӛнінде  әңгіме  жүргізілмейді.  Соның 
салдарынан  оралмандар  ӛздерінің  міндеттері  мен  құқықтарын  толық  білмейді. 
Кейбір  ағайындарымыздың  ойынша  оралман  деген  мәртебе  мәңгі-бақи 
берілетін  құрметті  атақ  сияқты.  Атамекенге  осыдан  10  жыл  бұрын  келгендер, 
ӛздерін  күні  бүгінге  дейін  оралманбыз  деп  есептейді.  Сәл  бірдеңе  болса,  біз 
оралман  едік  деп  бӛлініп,  осыған  байланысты  үстеме  кӛмек  дәмету  де  жиі 
кездеседі.  Шынына  келгенде,  Қазақстанның  15  миллион  азаматының  бірі. 
Қазақстандағы  барлық  халықпен  мәртебесі  де,  құқықтары  да  бірдей»-деп 
жазды.  Бұл  оралмандардың  құқықтық  мәртебесін  кӛтеруге,  құзырлы 
мекемелердің  мән  бермей  отырғанын  дәл  басып  кӛрсеткенін,  баспасӛздегі 
маңызды сын деп қабылдауымыз керек. 
Жалпы,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  оралмандардың  жағдай–тірлігі 
жӛнінде  мәселе  айтарлықтай-ақ  айтылып,  жазарлықтай–ақ  жазылып  жатыр  
десек  артық  айтқандық  емес.  Бірақ  кеңестік  дәуірдегідей  сынның  артынан 
түсіп,  түзетуді  ӛз  қолына  алатын  коммунистік  партияның орнын  басатын,  сын 
бойынша  жұмыс  істейтін  құзырлы  орган  жоқ.  Әрине,  сын  бойынша  сол 
замандағыдай  «шаш  ал  десе,  бас    алмаса  да»  әр  мекеме  ӛз  атына  айтылған 
сынға  мән  беріп,  қорытынды  жасап,  асыра  сілтеген,  ӛтірік  айтқан  баспасӛздің 
жапқан жаласына тойтарыс беру, ӛзін қорғау, дұрыс сын болса, кемшілікті жою 
тұрғысында іс–шара ұйымдастыру керек сияқты. Қазіргі жағдайда мұндай үрдіс 
қай  мекемеде  де  байқалмайды.  Түк  болмағандай  үнсіз  отыра  береді.  Баспасӛз 
сыны  «жартасқа  бардым,  күнде  айғай  салдым,  одан  да  шықты  жаңғырықтың» 

 
 
73 
кебін киіп қала берді. «Қолға алынбай келе жатқан тағы бір мәселе,-деп жазады 
автор,  оралмандардың  бұрынғы  тұрып  жатқан  елден  шығып,  атамекенге 
тұрақты  оралып,  азаматтық  алуына  дейінгі  бүкіл  оралмандардың  кӛші-қоны 
туралы  тәртіп,  ережелері  толықталып  қағазға  түспеуі  болып  табылады.  Ең 
болмаса  квота  бойыша  келгендер  мен  квотадан  тыс  келгендердің 
құқықтарының  айырмашылығын  нақтылап  кӛрсетуге  болды  ғой.  Әзірше  ол 
жүзеге  асырылған  жоқ.  Кӛші  -  қон  жӛніндегі  дау-жанжал,  сынаулар  кӛбінесе 
осыдан  туындайды.  Мұны  реттеу  жӛнінде  ұсыныс  жасалса,  кӛші-қон 
қызметкерлері  заң  қабылдағанбыз,  тұжырымдама  жасағанбыз,  енді  бағдарлама 
жасауға  кірісіп  кеттік  деген  уәж  айтады.  Әрине,  ондай  үлкен  құжаттардың 
керек  екендігі  де  даусыз.  Бірақ онда  кӛрсетілген  міндеттерді  жүзеге  асыратын 
тетіктерді  нақтылап  бекіту  керек  емес  пе?»,  -  деп  жазады.  Бұл  орынды  әрі 
нақты  сын  .«Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңында  оралмандарға  тиесілі 
кӛмектің онға жуық түрі атап кӛрсетілген [57, 12 б.]. Міне, осының тек біреуі- 
оралмандарға  жер  телімін  беру  туралы  ғана  ереже  бекітілген.  Ал  басқа 
жеңілдіктердің қалай жасалып жатқандығы әлі белгісіз. Міне, бұл оралмандарға 
қатысты  құқықтық  ережелерді  жетілдіруге,  қазіргі  бар  құқықтық  ережелерді 
шеттен 
келген, 
Қазақстанның 
заңдарын 
жетік 
түсіне 
бермейтін 
қандастарымызға  түсіндіру,  түсіндіру  ғана  емес  оны  кімнің  түсіндіруі  қажет 
екендігін  нақты  айқындап  берген.  Сондықтан  мұндай  сынды  баспасӛздің  зор 
ықпалы деп бағалауға болады. 
Ал, соңғы кезде квотамен келген оралман ағайындарға қатысты проблема, 
тіпті,  дау  туғызып,  баспасӛз  сынына  ұшырап  жүрген  мәселе  жаңадан  квота 
бойынша  кӛшіп  келуші  ағайындарға  бұрынғыдай  үй  емес  жан  басына  шағып 
ақша  беретін  тәртіп  енгізілуі  енгізілді.  Бірақ  жан  басына  есептейтін  ақшаны 
мейлі бір отбасында 10 адам болса да қаланы қойып, ауылдық жердің ӛзінде үй 
сатып  алу  мүмкін  емес  екені  белгілі.  Міне,  осыдан  квотамен  келетін 
ағайындардың  саны  азайды  деген  пікір  таралуда.  Бұл  жүйе  де  екі  жақты, 
дұрыстық, терістік жақтары бар. Бір жағынан үй емес, ақша беру тиімді. Оның 
бірнеше  себептері  бар.  Үй  сатып  алып  беру  қалайда  жемқорлыққа  әкеліп 
соқтыратыны ӛмірде дәлелденді. Оралмандарға үй сатып алып беруге арналған 
ақшаға  әкімшілік  немесе  кӛші-қон  қызметкерлері  халықтан  арзан  бағалы  үй 
сатып алып, оны оралмандарға қымбатқа бағалап беру арқылы ортасынан пайда 
кӛрді. Тіпті сол арзанқол нашар үйлердің ӛзін қайдағы бір қиян шеттен, тұруға 
қолайсыз  жерде  орналасқан  немесе  құлағалы  тұрған  жарамсыз  үйлерді  арзан 
бағаға  сатып  алып  беретін  болды.  Сондықтан  квота  тәртібіндегі  оралманға 
жаман-жұтық,  қолайсыз  ортадан  баспана  беруден  гӛрі  үй  сатып  алуға 
жеткіліксіз  болса  да,  ақша  берудің  дұрыстығын  қолдаған  пікір  ұсыныстар 
баспасӛз беттерінен кӛптеп орын алған. 
Оралмандарға  байланысты  заң  жүйесін  жетілдіруге  орталық  басылымдар 
ғана  емес,  облыстық  газеттер  де  атсалысып,  осы  тақырыптағы  олқылықтар 
жайлы,  заң,  тәртіп,  ережелерді  оралмандарға  түсіндіруге,  насихаттауға 
арналған  материалдарды  сирек  болса  да  жазып  келгенін  айта  кеткен  жӛн.  Бір 
ғана  мысал  келтірсек:  Шығыс  Қазақстандық  «Дидар»  газеті,  «Түркістан» 

 
 
74 
газетінің  оралмандарға  арналған  «Қоныс»  қосымшаларының  редакторы,  «Ел 
шежіре»  қоғамдық  қорының  тӛрайымы  Есенгүл  Кәпқызымен  сұхбатын 
жариялаған. 
Бұл  сұхбаттарға  2008  жылдың  1-сәуірінде  қолданысқа  енген  Қазақстан 
Республикасы үкіметінің «Оралмандардың кӛшіп келу квотасына ӛзгеріс енгізу 
ережесін  бекіту»  туралы  қаулысындағы  ӛзгерістерге  тоқталып,  қаулының 
маңызы, ағайындарға тиімді жақтары нақты насихатталған. Сондай-ақ  «Нұрлы 
кӛш»  бағдарламасының  ережесі  түсіндіріліп  Ұлан  ауданындағы    Асубұлақ 
ауылына  кӛшіп  келемін  деушілерге  ауыл  орталығынан,  және  «Ақтау»  елді 
мекенінен  үй,  егіндік  жер,  мал  жайылымын  беру  мүмкіндіктері  жайлы  әңгіме 
ӛрбіткен  [95].  санында  жарияланған  «Оралмандар  үшін  оңтайлы  шара»  атты 
мақалада  бұрын  оралмандар  квотаға  еніп,  Қазақстан  азаматтығын  қабылдану 
үшін құжат тапсырып аудан, ауылдардан облыс орталығына әлденеше рет келіп 
қаржылық,  уақыттық  шығынға  батып  сергелеңге  түсетіндігі,  соңғы  кезде  бұл 
кемшілікті  болдырмау  үшін  кӛші-қон  департаментінің  жаңа  басшысы  жаңаша 
ұйымдастыру жасап, барлық құжаттарды ауданда қабылдайтын болғаны туралы 
сӛз етеді. 
Оралмандарға  қатысты  заң  ережелердің  бұзылуы  жайлы  қазақ  баспа 
сӛзінде  біршама  кемістіктер  тӛңірегінде  мақалалар  жиі  жарық  кӛргенімен, 
олардың  кемшіліктері  де  жоқ  емес.  Ең  бастысы-түрлі  басылымдардағы 
оралмандардың  құқығының  бұзылуына  қатысты  сын  материалдар  үстірт 
жазылады,  оның  себебіне  үңіліп,  терең  талдамайды,  заң  тармақтарынан  нақты 
дәлелдер  келтірмейді.  Басқаша  айтқанда  бұл  кемшілік  заңда  қарастырылмаған 
ба,  заңның  солқылдақтығынан  ба,  әлде  екі  заңның  бір  -  біріне  қарама 
қайшылығынан  ба  дегенге  талдау  жасамайды.  Бұл  журналистердің  құқықтық 
білімінің кӛп жағдайда жетісе бермейтінін кӛрсетеді. Алайда, бұған қарап қазақ 
баспасӛзі  оралмандар  құқына  қатысты  заңдардың  жетілдіруге  әсер  ете  алмады 
деген түсінік туындамауы тиіс. 
Қорыта  айтқанда,  жалпы  қазақ  баспасӛзі  оралмандарға  қатысты  құқықтық 
ережелерді жетілдіруге байланысты ұдайы мәселе кӛтеріп, біршама әсер етіп келді. 
Мұны  кӛп  жылғы  сын  тезіне  іліккен  оралмандардың  құқын  қорғаудағы 
заңдағы басты-басты кемшіліктердің түзетілуімен байланыстыруға болады. Олар: 

оралмандардың 
Қазақстан 
азаматтығын 
алудағы 
кӛріп 
келген 
қиыншылықтары  баспасӛз  бетінде  ұдайы  сыналуы  нәтижесінде    шешілді  деуге 
болады.  Оралмандар  кӛші-қонның  алғашқы  оншақты  жылында  Қазақстан 
азаматтығын  алу  үшін  кемінде  үш  жыл,  әйтпегенде  5-6  жыл  сандалған  болса, 
қазіргі заң бойынша 6 ай ішінде алатын болды.  
-  бұрын  оралмандар  Қазақстан  азаматтығын  растайтын  жеке  куәлік  қолына 
тигенге  дейін  әлеуметтік  жеке  код  (ӘЖК)  ала  алмайтын.  Ал  ӘЖК-гі  жоқ  адам 
Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңына  сәйкес  жұмысға  орналасуға 
мүмкіндігі  жоқ.  Келген  оралмандардың  кӛпшілігінің  жұмыссыз  болуының  басты 
себептерінің бірі болған бұл кемістікке де жылдар бойғы баспасӛз сыны әсер етіп, 
жаңа  заң  бойынша  оралмандар  «оралман  куәлігі»  арқылы  әлеуметтік  жеке  код 
алатын, сӛйтіп, жұмысқа орналасу құқына тезірек қол жеткізетін болды. (Оралман 

 
 
75 
куәлігі облыстық кӛші-қон департаментіне құжат ӛткізген соң бір аптаның ішінде 
беріледі).  
- облыста бір жылда кӛшіріп алуға жоспарланған оралман отбасы квотасының 
игерілмеуі  кӛбінесе  ескі  заңдағы  бір  жылда  қабылданатын  оралман  санын  әрбір 
шетелге  айырмашылықта  белгілеп,  арасынан  ауыстыруға  қатаң  тыйым  салуы 
болды.  Мысалы,  сол  жылы  Ресейден  келген  оралман  отбасы  аз,  Қытайдан 
келгендері кӛп болғанда бӛлінген қаржыны ауыстырып жұмсауға облыстық кӛші-
қон департаменті құқықсыз болды. Қазір бұл тәртіп күшін жойды. 
-  кӛшіп  келу  квотасы  бойынша  әр  оралманға  берілетін  жәрдем  ақшаның 
мӛлшері 600 доллардан 1500 долларға жетті. 
- оралмандардың квотаға ену кезегін ағайындардың  Қазақстанға кӛшіп келген 
жылы,  айымен  емес,  отбасындағы  бала  санына,  бітірген  оқу  орнының, 
мамандығының санына қарай балдық жүйемен белгілейтін тәртіп жойылды. 
-  оралмандарды  баспанамен,  жұмыспен  қамтудың  проблемасын  шешуге 
бағытталған «Нұрлы кӛш» бағдарламасы қабылданды. 
-  бұрын  оралман  Қазақстан  азаматтығын  қабылдаған  күннен  бастап,  оралман 
мәртебесі  күшін  жоятын.  Бұл  оралман  ретінде  шаруашылық  жүргізуге  немесе  үй 
салуға  арнап  жеңілдікпен  жер  телімін  алу  құқығынан  айыратын.  Ӛйткені  жер 
телімін  алуға  Қазақстан  азаматтығын  қабылдап  квоталық  жәрдем  ақысын  алған 
соң сол қаржы негізінде қол жеткізген. Тіпті жұмысқа орналасу үшін де Қазақстан 
азаматтығын  қабылдауға  тура  келген.  Сӛйтіп,  Қазақстан  азаматтығын 
қабылдағандар, жұмысқа кіргенде, квоталық жәрдемақыны күтіп, Қазақстан азамат 
ретінде  қызмет  істеу  құқығынан  айырылған.  Ал  қазіргі  заңда  кейін,  Қазақстан 
азаматтығын  қабылдағаннан  соң  оралмандық  мәртебесінен  үш  жыл  бойы 
айырылмайтын болды. Бұл жоғарыдағы қайшылықты біржолата жойды. 
Мұндай  заңдағы  олқылықтардың  түзетіліп,  жетілдіріліп,  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар  енгізілуі,  біріншіден,  теорияның  кемістігі  практикада  байқалатын, 
заман  талабына  сай  дүниенің  ӛзгеріп,  дамып  отыратын  диалектикалық  заңдылық 
болса, екіншіден, оралмандармен тығыз байланыс негізінде әрбір кемшілікті қалт 
жібермей  байқап,  басшылықтың  әсіресе,  парламент  пен  үкіметтің,  тіпті 
Президенттің құлағына жеткізіп, назарына іліктіріп отыратын баспасӛздің қарымы 
деген қорытынды жасай аламыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет