Сынап элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Техникадағы ролін өз сөзіңізбен жазып беріңіз



бет19/24
Дата27.04.2022
өлшемі5,82 Mb.
#32486
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ә)күрделі заттармен әрекеттесуі

Мыс тек тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі:

Cu + 4HNO3(к) = Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O

3Cu + 8HNO3(c) = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O

Cu + 2H2SO4 (k) = CuSO4 + SO2 + 2H2O

Бұл металл сұйық күкірт қышқылмен әрекеттеспейді.

Ол өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырады: Cu + Hg(NO3)2 = Cu(NO3)2 + Hg

Мыс және оның қосылыстарының қолданылуы

Мыс – электр өткізгіш сымдар жасауда, құймалары машиналардың әр түрлі бөлшектерін дайындауда, мыспен қаптауда катод ретінде қажет. Мыс адам және өсімдік дүниесіне қажетті элементтердің бірі. Мыстың адам ағзасындағы мөлшері жетіспесе қаназдыққа соқтырады. Ал өсімдіктердің жеміс беруі нашарлайды.

CuSO4 5Н2О- тотияйын ветеринарияда, өсімдік шаруашылығында пайдаланылады.

Cu(NO3)2 3Н2О -мыстан жасалған бұйымдарды жасанды жолмен ескірту үшін қолданылады.

Мыстың қосылыстарын жалынның түсін қанық көк – жасыл түске бояуы арқылы анықтаймыз. Аммиак суын мыс тұздарына қосқанда көк- күлгін түс түзіледі.

Мыс иондарын анықтау үшін қолданылатын ең қарапайым тәсіл оның гидроксид иондарымен көгілдір тұнба түсуі:

Cu2+ + 2OH- = Cu(OH)2 көгілдір тұнба


  1. Мырыш Элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Таралуы мен техникадағы ролін өз сөзіңізбен айтып беріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет