Сыныбы: 2 Тақырыбы: Наурыз көже



Дата04.09.2023
өлшемі492,5 Kb.
#106000

Наурыз көже
Пәні: ана тілі

Сыныбы: 2


Тақырыбы: Наурыз көже


Мақсаты: Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу


Дамытушылығы: Оқушылардың наурыз туралы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелілігі: Салт-дәстүрді сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас


Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап


Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі


Психологиялық дайындық


Мақсатымыз – білім алу


Міндетіміз – еңбектену


5-ке қолды жеткізу


ІІ. Үй жұмысын тексеру


Оқушылардан сабақ сұрау


Қорытындылау.


-Ұзынсары деген не екен?


-Мәтінде қандай тағам түрлері айтылған?


-Оны қалай жасалатынын білесің бе?


-Қазақтың басқа қандай ұлттық тағамдары бар?


ІІІ. Сөзжұмбақ шешу


Шешуіндегі бастапқы әріптерін тақтаға жазып отырамын.


1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)


2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік (Атағаш)


3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)


4. Қасиетті ай (Рамазан)


5. Ас үйде қолданылатынжиһаз (Ыдыс)


6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? (Зерен)


7. Ұлттық сусын (Көже)


8. Қазақстанның қаласы (Өскемен)


9. Қасиетті сан (Жеті)


10.Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)


Балалар, қараңдаршы қандай сөз шықты? – Наурыз көже


Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Наурыз көже деп аталады.


ІV. Жаңа сабақ


Автор туралы түсінік беріледі. Авторы: Нұрқасым Қазыбеков.


Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


- Қазір көктем мезгілі


- Көктем айларын атаңдаршы?


- Көктемде қандай өзгерістер болады?


- Қазір көктемнің қай айы?


- Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өтіледі?


V. Суретпен жұмыс

Көктемнің алғашқы айы мен бірге келетін ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі 22- наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан –жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады. Бұл күні әрбір үйде қазан асылып, наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі дәм қосылады: айран, ет, сүт, құрт, тұз, май, тары.


VІ. Сергіту сәті

Қырдан бүгін бу ақты,


Қуды жерден суықты


Құтты болсын мерекең


Наурыз айы туыпты


Құлпырады жер енді.


VІІ. Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып талдайды.


Көрініс көрсету


1) Ақ тілектер


2) Көрісу


3)Наурыз көжеден дәм тату


VІІІ. Тігілген киіз үйлерге кіріп, тілек айту, дәм тату

Сүрақ- жауап


ІХ. Топтастыру

ХІ. Шығармашылық тапсырма эссе жазу


ХІІ. Өз бетімен жұмыс


Тақырыптық сурет салып, қорғау.


ХІІІ. 5жол өлең


1. Кім?Не? Наурыз


2. Қандай? жылы, әдемі


3. Не істеді? жылынды, еріді,өсті


4. Сөйлем Наурыз қазақтың мейрамы


5. Мағыналы сөз Жаңа жыл


ХІV. Бағалау


ХV. Үйге тапсырма Мазмұндау






















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет