сынып Аптасына – сағат, жылына – 34 сағат


Жол жүруге қатысты тыйымдар



бет8/13
Дата14.09.2023
өлшемі60,48 Kb.
#107428
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жол жүруге қатысты тыйымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды.
Жүкпен жолға шыққанда тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп тілегенде, жол бойындаға кедергілердің бәрі алыстатылады.
Жұма күні көшуге болмайды. Жұма қасиетті күн. Бұл күні ата-баба аруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен
кісінің үйінен дәм татып аттанады.
Сүт тағамдарына байланысты 
Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек.
Сайылған сүтті ашып қоюға болмайды.
Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады
Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар:
Нан үстіне зат қойма.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Нанды лақтырма.
Сүтті төкпе.
Сыпырғышты тік қойма.
Отқа түкірме.
Тұзды баспа.
Мәдени-гигиеналық мағынаны қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар:
Шелектегі суға аузыңды салма.
Саусағыңды аузыңа салма .
Бас киіммен ойнама.
Таңдайыңды қақпа.
Басыңды шайқама.
Екі езуіңді керме.
Шашыңды аяқ астына тастама.
Жағыңды таянба.
Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:
Жалғыз ағашты жұлма.
Көкті жұлма.
Малды теппе.
Суға дәрет сындырма. 
Құстың ұясын бұзба
Су шашып ойнама.
Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:
Үлкеннің алдын кеспе
Адамды айналма 
Кемтар адамға күлме.
Адамға қарап түкірме.
Жаман бұзақы сөзге ерме.
Кісіге қару кеземе.
Үлкеннің жолын кеспе.
Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.
Анаға зекіме, азабын тартасың. 
Барды жоқ деме, барың жоқ болады.
Тыйым сөздердің баланы қауіптен сақтандыратын түрлері: 
Отпен ойнама.
Оттан аттама.
Пышақты шалқасынан қойма.
Пышақтың жүзін жалама.
Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
Түнде суға барма
Жүгіріп үйге кірме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет