Әбіш Кекілбайұлы (Бұл заман бұл шаңыраққа неге өш болды)
Бұл заман бұл шаңыраққа неге өш болды, Ындыны толмайтын бір өңеш болды. Отыз жыл ойрандалып келген ордам Оңалып кете алмайтын емес болды, Обыр жыл аударыпты атамды аттан, Қан қасап қақ кеудеден әкемді атқан, Қытайдың қылғып салар бір шабағын Жасамақ жауыз сұмдар мен ақымақтан. Желбеңдеп жел өтінде нем бар еді, Өжеңдеп өсиетіме кім зар еді? Қырқылып қылтасынан келген тұқым Жер басып жүргеніме ділгәр еді... Зар илеп ел шетінде шешем қалды, Еңіреп екі бірдей бөпем қалды. Қажаған қағаз, қалам қай саппастың Мен талап алдым екен мүкәммалын? Қиқұлап қисыны жоқ мақтан қуған, Есердің мен қайсысын тақтан қуғам? Аузымнан жаздым ба әлде, айтпай кетіп Шатпағын бір дөкейдің шатқан - буған? Білмедім бұл жаланың түбі қайдан, - Қуалап тықпақ жері қызыл ойран. Жер қазып, ой сапырып, жете алмадым, Тоқтайын медет сұрап бір құдайдан Әбіш Кекілбайұлы (Аю мен дәрі) Аю жатты ауырып, Безіп астан, дәмнен де. Кетсін деп ол сауығып Дәрі келді жәрдемге. Сонда аю бопты ыза; - Тайып тұр, - деп жөніңе: ырнақтай - ақ боп бұ да Емдемекші - ау мені де
Әбіш Кекілбайұлы (Тағдыр мынау жемістің)
Тағдыр мынау жемістің Қайсысын маған арнаған: Анасы - ару келісті, Қызы да одан қалмаған. Анасына ауса ынтам, Кербез көрік мас қылып. Балбырай піскен балғын тән, Тамсантады жас қылық. Көңілге түсті қайғы шын: Есектен жоқ айырмам, Қос маяның қайсысын Тапарын білмей аңырған