сыныптардағы «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыстар



бет1/3
Дата03.06.2023
өлшемі21,12 Kb.
#98503
  1   2   3

5, 9 сыныптардағы «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыстар


5, 9 сыныптардағы «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыстар кезең кезеңімен атқарылады.
1-кезең. Диагностикалық жұмыс (І тоқсанның бірінші аптасы).

  1. Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу./Қайталауды ұйымдастыру және кіру бақылауын алу арқылы/  Тапсырмалар әзірлеу үшін алдымен өткен оқу жылында қарастырылған оқыту мақсаттарын (тақырыптарды) іріктеп алған дұрыс. Яғни, 5-сыныпқа арналған тапсырмалар білім алушылардың 4-сыныпта, ал 6-сыныпқа арналған тапсырмалар 5-сыныпта қарастырған оқыту мақсаттары негізінде құрастырылды және т.с.с. 1-кестеде 5-9-сыныптарға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін алуға болатын оқыту мақсаттары/тақырыптар келтірілген.(слайд) Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша: Қатар сыныптардағы оқу мақсаттарының сәйкес келетін тақырыптарды жүйелелеп аламын.

2-кезең.
Екінші кезең: Жоспарлау. Екінші кезеңде жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасалады. 2-кестеде 5-9-сыныптардағы оқыту мақсаттарын кіріктіру мысалдары келесі кестеде келтірілген. Ал сәйкес келмеген оқыту мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке немесе топтық жұмыс жоспарларын әзірлеу ұсынылады.

1) Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, сабақ барысындағы қайталауларға арналған жоспарлар жасаймын.


3 кезең.
Жұмыс жүргізу (оқу жылы бойы).  Жүзеге асыру жұмыстарын сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Атап айтқанда, сабақтар кіріктірілген оқыту мақсаттарымен құрастырылған қысқа мерзімді жоспар негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, үшінші кезеңді ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет