Синтаксистік парадигмалар


Ықшамдау құбылысының дербес сөйлемдерді тізбекті түрде бай-



Pdf көрінісі
бет247/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   374
Ықшамдау құбылысының дербес сөйлемдерді тізбекті түрде бай-
ланыстыруы. Шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байланысының 
екі түрлі көрінісі болады: көрінеу (эксплицитті) жəне көмес (имплицит-
ті) байланыстар. Осының алдында көрінеу байланыстар сипатталды. Ал 
көмес байланыстардың құралдары сөйлем құрамында көрінбейді, бірақ 
контекстен белгілі болып тұрады. 
Орамды  сөйлеуде  адам  сөзге  тар  орын,  ойға  кең  орын  беруге  тал-
пынады. Осы мақсатпен ықшамдау тəсілі (эллипсис) қолданылады. Түсіп 
қалған  бастауыш,  мəселен,  баяндауыштың  пішінінің  ықпалымен  табы-
лады. Сондай-ақ түсіп қалған мүшені тəуелдік жалғау көмегімен айқын-
далады.  Бұндай  пішіндер  синсемантика  көрсеткіштері  болып  та  сана-
лады.
Қазақ  тілінің  орамды  мəтінінде  алдыңғы  бір  сөйлемдерде  заттың  я 
əрекеттің «иесі» беріліп, соңғы бір сөйлемдерде зат пен əрекеттің өзі ғана 
айтылатын шумақтар жиі кездеседі. Мұндайда əлгі зат пен əрекеттің ата-
уы тəуелді пішінде тұрады. Мысалы:
№ 59. Ұры десе, осы елдің өздеріндей қазақтары. Көп болса, киімдері, 
ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар. Ондай ұры-
лар жайында Абайдың естіген əңгімелері соншалық көп. Кейде, тіпті, 
сарытоқтым  ұры  болған - ел  ішіндегі  үлкендердің  өз  аузынан  естіген 
əңгімелері де ұмытылмайтын. Қайта, бір кездесіп, дəл жауға шапқан 
пішіндерін  көрсем  деген,  іште  жүрген  ынтықтығы  да  болатын  (Əуе-
зов).
Бұл  шумақтың  кейінгі  сөйлемдеріндегі  «киімдері»; «ер-тұрманы», 
«қолдарында  сойылдары»  бірінші  сөйлемдегі  «ұры»  сөзіне  тиесілі.  Ал 
соңғы  сөйлеміндегі  «ынтықтығы»  үшінші  сөйлемдегі  «Абай»  сөзіне 
тəуелді. Міне, осындай жолмен бұл сөйлемдер бір-бірімен байланысып 
тұр.
Сөз ықшамдылығы үшін қазақ тілінде жинақтау сан есімі қолданы-
лады.  Шумақтағы  дербес  сөйлемдерді  байланыстырғанда  бұл  сан  есім 
кейінгі бір сөйлемде тұрады да, жинақталып саналатын зат я құбылыстар 
бұл  сөйлемге  қатыспай  алдыңғы  сөйлемде  я  сөйлемдерде  орналасады. 
Мысалы:


314
315
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
№ 60.  Күн  төмен  түскенде  болыс  пен  тілмаш  келді.  Екеуі  де  ат 
соғып, күнге күйіңкіреп келген екен. Аттарынан түсіп, үйдің жанында 
тысқа шығып тұрған бізбен амандасты (С.Сейфуллин).
Бұл мысалда «болыс» пен «тілмаш» сөздері келесі сөйлемде «екеуі» 
сын  есімімен  ауыстырылып  тұр,  екі  сөйлем  арасындағы  құрылымдық 
арақатыс: «бастауыш – бастауыш».
Осының алдында көрсетілген өздік жəне жалпылауыш есімдіктердің 
шумақтағы қызметі де осыған ұқсас. 
Қазақ  тілінде  дербес  сөйлемдері  бір  ғана  субъектіге  қатысты  шу-
мақтар жиі қолданылады:
Омбының  учительская  семинариясын  бітіріп, 1916 жылы  май  ай-
ында  Ақмола  уезіне  келдім.  Күзге  қарсы  Ақмола  уезінде  Нұра  өзенінің 
бойындағы Бұғылы елінде жаңа ашылмақ ауылдық школға бала оқытуға 
тағайындалдым. Оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, 
сол  жылы  жалпы  Россияда  болған  ауыл  шаруашылығының  санақ  қыз-
метіне кірдім (С.Сейфуллин).
Мына  шумақтың  ерекшелігі  ортақ  субъектінің  үшінші  жақпен 
берілуінде:
Есіктен ұзын бойлы, арықтау, көзілдірікті адам енді. Щербаковпен қол 
ұстасып, Мейрамға басын иді. Содан кейін оң жақтағы столға барып, 
алдына бір папкені жайды да, көп цифрға қадала отырды (Ғ.Мұстафин).
Дербес сөйлемдер арасындағы байланыстың құралы ашық қатыспа-
са да, ой жалғастығы үзілмеуі – қазақ орамды мəтініндегі ықшамдау-
дың  өнімді  тəсілінің  бірі.  Мұндайда  ықшамдалған  құрал  контекстен 
сезіледі.  Байланыстың  бұл  тəсілінде  де  сөйлемаралық  құрылымдық 
қатыстылық  көрінеу  тізбекті  байланыстағыдай  болады.  Төменде  кел-
тірілген мысалда толықтауыш «түсіп қалған», актуалды мүшелеу заң-
дылығы бойынша бұл бірінші сөйлемдегі «Мейрам» сөзінің қайталама-
сы болуға тиіс:
№ 63. Мейрам атына мінді...
Жүгіртіп  биік  белге  шыға  келгенде,  бұзылған  бекеттің  дəл  үсті-
нен шықты. Ойда отырған көп ауыл бұрынғысында да көбейіп көрінді 
(Ғ.Мұстафин).
Қазақ шумағында мұндайда тура толықтауыштың көместенуі жиі кез-
деседі. Көмес тура толықтауыш іргелес те, алшақ та тұрған сөйлемдерді 
байланыстыра алады. Мысалы:
№ 65. Сатып Нөсіп үйінің соғым соятын семсер пышағын қонышына 
тығып ала келген екен. Төсектен тұра сап қайрақ сұрап алып, жалақта-
та қайрады. (Д.Əбілев).
Мұнда 2-сөйлемде «пышақты» деген тура толықтауыш көмес қаты-
сып тұр.
Мына мысалдың ерекшелігі тура толықтауыш байланыстырып тұрған 
сөйлемдер алшақ орналасқан:
№ 66. Күн ұзын жел қаққан қонақтар, мал союға көнбесе де, сусын-
дап шығуға қарсы болмады.
Қоңыр үйге келіп ат басын тіреді. Мейрамның нағашы апасы Шекер 
шығып қарсы алды (Ғ.Мұстафин).
Демек, сөйлемді мəтінде толымсыз етіп қолдануда ықшамдаумен қоса 
дербес сөйлемдерді байланыстыру мақсаты да болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет