Сұм соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Олардың қайсарлығы мәңгі жұрт жадында



бет1/4
Дата16.06.2022
өлшемі19,09 Kb.
#36927
  1   2   3   4

Сұм соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Олардың қайсарлығы мәңгі жұрт жадында. Ұлы Отан соғысында әсіресе, қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосты. Айқас алаңдарында өшпес ерлік жасағаны үшін 500-ге тарта қазақ жауынгері Кеңес Одағының батыры атанды, 100-ден аса адам Даңқ орденін иеленді. Бұл марапатқа ілінбей қалғаны қаншама. Мен бүгін қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсенов туралы жазғанды жөн санадым.
Отан қорғау жолында ерлік көрсетуде қазақтың ер жүрек азаматтары ешқашан аянып қалған емес. Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде толарсақтан қан кешкен қазақ сарбаздары өздері әлемді ат тұяғымен дүбірлеткен жауынгер, ер жүрек көшпенді елдің ұрпақтары екенін сан мәрте дәлелдеп бақты. Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі – Қасым Қайсенов. Болмыс-бітімі батырлық пен өрлікке толы атамыз бейбіт кезеңде де тегеурінділік танытып, ұлт рухын асқақтатып, басы ноқтаға сыймай өтті. Асаулығы мен өр мінезінен айныған жоқ.
Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне аттандырылады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның партизандық өмірі басталады. Өмірге Қасым Қайсенов болып дүниеге келген ол Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ол кезде Украина жеріне аттану жау тылына, ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың қас батыры Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Соғыс жылдары «Вася» деген атпен бүкіл Украинаға танылған Қасым Қайсенов бұрын қазақ деген халықты көрмек түгіл, атын естімеген алуан түрлі ұлттардың арасында жалғыз өзі жай оғындай жарқылдап, қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатқанын мақтанышпен айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет