Сұм соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Олардың қайсарлығы мәңгі жұрт жадында


"Қасым" фильмі тарихи әділдік орнатты



бет4/4
Дата16.06.2022
өлшемі19,09 Kb.
#36927
1   2   3   4
Байланысты:
Қасым Қайсенов

"Қасым" фильмі тарихи әділдік орнатты
Иә, айтса айтқандай қайсар азаматтың өмір жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Бұдан кейін де Қасым атаның ерлікке толы жолын халық арасында кеңінен насихаттауда көптеген жұмыстар атқарылды. Соны бірі һәм бірегейі батыр атамыздың майдан даласындағы ерлігін көпшілік қауымға паш ететін "Қасым" көп сериалы фильмі түсірілгенін ерекше атап өткенім жөн. Осы ретте жаңа туындыны түсіруге Қазақстан, Ресей, Украина киногерлері мен телекомпаниялары белсене атсалысты. Фильмде партизан Қасымның әскери тапсырмалары мен өзі басқарған отряд қозғалысы кеңінен баяндалған. Аты аңызға айналған қазақ партизанының өмірі украин жерімен тығыз байланысты. Өйткені, Қайсенов пен оның басқаруындағы Чапаев атындағы партизан отряды жауынгерге тән қайтпас қайсарлығы мен ұмытылмас ерліктерін осы мекенде көрсетті. Сондықтан, сериалдың басым бөлігі Украина жерінде түсірілген. Фильмді түсіруге атсалысқан телевизия маманы Арман Шораев бір сұхбатында: "Қасым" фильмін әскери детектив деуге болады. Ең бастысы, біз соғыс кезіндегі қазақ батырының ерлігін көрсете білдік. Негізі, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлттардың саны жағынан қазақтар төртінші орында тұр. Біз Ұлы Жеңіске үлкен үлес қостық. Түркі халықтарының ішінде Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының Батыры" атағына ие болды. Оның өзі қазақ халқының өшпес рухын көрсетсе керек. Мен өзім ресейлік сериалдарды көрген кезде, өзбек, қырғыздарды жиі байқаймын. Ал қазақ туралы ештеңе айтылмайды. Сондықтан осы "Қасым" атты фильмді түсіру арқылы біз тарихи әділдікті орнатып отырмыз", – деп ойын ортаға салған еді. Майдангер Қасым Қайсенов 2006 жылы 89 жасқа қарағанда ауыр науқастан дүние салды. Тек жауынгер, қолбасшы ғана емес, көрнекті жазушы, қазақтың біртуары Қасым Қайсеновке "Халық қаһарманы" атағы алғашқылардың бірі болып берілді. Осылайша бүгінгі ұрпақ батырдың есімін ұлықтап, өнеге тұтып келеді.
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атамыз Батыр ағасы туралы мынадай естелік жазған:
–Ол біздің қанды қасаптан оралмай қалған мыңдаған ағаларымыз бен әкелеріміздің ақырғы көзіндей еді. Оған қарап, опат тапқан сол бір ержүрек ұрпақтың келбеті мен қасиетін көргендей болушы едік. Қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар мінезіне әрі сүйсінуші едік, әрі именуші едік. Сүйсінетініміз: оның бір басына ғана емес, окоп түбінде ойрандалып қалған мыңдаған замандастарының бәріне де тән сол бір қайтпас қайсарлықтың арқасында аман қалып, адыра шаңырақтарды қайтадан қатарға қосу үшін алға тырмысып, азамат болдық. Қаймығатынымыз: ортамызда тірі жүрген оны ренжітсек, опат болған қаһарман ұрпақтың бәрін ренжітетіндей көруші едік. Бірақ, Қасекең тас түйін қайсарлығын сонау Карпат ормандарында қалдырғандай, қайсымызбен де: "Айналайын, амансың ба?" деп жаймашуақ амандасатын. Күркірей шыққан жуан дауысы құлағымызға майдай жағушы еді... Ол дүниеден өткенше кешегі күркіреген екінші жиһангерлік соғыстың жауынгері болып қала білді. Украинада жау басып алып, тірідей шерменде болып отырған қауымға Жаратушының өзі аяқ астынан жіберген ақ қанат періштедей көрінген құтқарушылық панагөйлігін Қазақстанға қайта оралған соң "қара қағаздар" бомбылауынан қансырап қалған қайғылы қауымның қайта тыңайып, қайта еңсе көтеруі жолындағы қалтқысыз еңбекке арнады. Қанжарын қаламға айырбастап, тым майса кезінде үсік шалып, жапырылып қала жаздаған жетім ұрпақтың жауынгер әкелері мен ағаларының ерлік дастандарын жазды. Ерлік туралы айта отырып, елдік жайында сыр шертті. Ұлттық намысты оятты. Ұрпақтық парызды ескертті. Елжандылық тағылымын көрсетті. Сол үшін де тәуелсіз қазақ мемлекеті қан түкіріп, от кешкен есіл ердің оған дейін бағаланбай келген теңдесі жоқ ерліктерін ең асыл ұлттық құндылығымыз санап, "Халық Қаһарманы" құрметті атағын берді. Бағзы бабасы Қабанбай батырдай даңқ шыңының даусыз дарабозы болып өмір сүрді. Ол өмір біз түгілі бізден кейінгі қазақ ұрпақтарына халық жолында қалтқысыз еңбек етудің қастерлі өнегесі болып қала береді.
Қалай десек те, төрт жыл сыз жастанып, жер кепе мен окопта ұйқысыз, мазасыз түндерді, кескілескен шайқастарды басынан өткізген қайсар да қайтпас ер есімі қазірде батырлықтың символына айналды. Қандай қиыншылық болса да, Отан үшін от кешкен Батыр атамыздың өмірі мен ерлігі біз үшін үлгі. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды...
Адина жазған анықтама:
Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі "Богдан Хмельницкий" орденімен, І және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" екі орденімен, "Чехословакия партизандары", екі І дәрежелі "Отан соғысы партизанына" медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі "За заслуги" орденімен марапатталған. Батырға Қазақстанның "Отан" ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет