Соңы 5-бетте Баспасөз — 2017 Құрметті оқырман! «Заң газеті»



жүктеу 4.98 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата24.03.2017
өлшемі4.98 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жайық Жанболатов,

Қапшағай қалалық сотының 

судьясы

АлМАты Облысы

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе-

кеге қабілеттілік» деген тақырыппен таныстырылған 

Елбасының  биылғы  Жолдауы  тәуелсіз  мемлекеттің 

жиырма бес жылдық тарихын таразылап, өткенді ек-

шеп, келешекке келелі жол салған құжат. президент 

атап  өткендей,  еліміз  осыған  дейін  екі  жаңғыруды 

басынан өткерді. Қазақстан халқының бірлігінің, ынты-

мағының арқасында берілген тапсырмалардың аяқсыз 

қалғаны жоқ. біз ширек ғасыр ішінде қиындықты да, 

жоқшылықты да, сенімсіздікті де көрдік. Осы жылдар 

бізге «Еңбек еткеннің ертеңі жарқын болатынын» үй-

ретті, «Кең болсақ, кем болмайтынымызды» ұқтырды. 

Кешегі жас мемлекет жиырма бес жыл ішінде азулы 

елдермен тең құқылы байланысқа түсіп, үздіктер қа-

тарынан табыла алатынын дәлелдеді.

бірінші жаңғыру тәуелсіз елдің тұғырын нықтап, Қа-

зақстанның өз алдына жеке мемлекет  ретіндегі заң-

дылықтарын жасауға бағытталды. Осы жылдар ішінде 

елімізде  қаншама  реформалар  қолға  алынып,  Ата 

заңымыздан бастап қазақстандық құқықтық базаның 

іргетасы  қаланды.  Заң  болмаса,  елдегі  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  етіп,  экономиканы  дамыту,  әлеуметке 

жан бітіріп, саясатқа араласу мүмкін емес. Алғашқы 

жаңғыруда қатесіз жүргізілген жұмыстар Қазақстан-

ның егемен ел ретінде танылып қана қоймай, әлемге 

танылуына жағдай жасады.

Ал екінші жаңғыру «Қазақстан–2030» стратегиясы-

ның қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың 

салынуымен басталды. бұл жылдары дамудың даңғыл 

жолына түсіп, жүрісін түзеген жас мемлекет әлемнің 

дамыған  елу  озық  мемлекетіне  қосылуды  алдына 

міндет  етіп  қойды.  бір  мақсатқа  жиылған  жұрт  бұл 

межеге де сүрінбей жетті.

Жеткен  биікпен  шектеліп  қалуға  болмайды.  бұл 

өмір заңдылығы. Алысты болжаған, биікті армандаған 

жан ғана өзгелерден озық тұрады. Дамыған елу елдің 

қатарына іліккен Қазақстанның енді отыз озық елдің 

бірі атануды меже етіп белгілеуі сондықтан. Ал жеңісті 

жолды  жалғастыруға  жаңа  Жолдаудың  көмектесері 

даусыз.


«үшінші  жаңғыру  –  қазіргі  жаһандық  сын-қатер-

лермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан 

– 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді 

көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 

базасында  өткізіледі»,  –  деп  атап  өтті  өз  сөзінде 

Мемлекет басшысы. Жолдауда бес негізгі басымдық 

белгіленіп, онда экономиканың әлемдік өсімінің орта 

деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз ету, 30 озық 

елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу үшін қа-

жетті шарттар көрсетілген. Жолдауды іске асыруда сот 

құрылымдарына да үлкен жауаптылық жүктелген. біз 

бүгінде жаңа құжатты халыққа таныстырып, насихат 

жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, жаңа заңнамалар-

дың сапалы дайындалуына да үлес қосуымыз керек. 



Г.ӘбілҚайыр,

Медеу аудандық сотының судьясы

АлМАты ҚАлАсы



Е

лбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан-

дық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында Үшінші жаңғыру 

жайлы айта келе, «Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. 

Олар  экономиканың  әлемдік  өсімінің  орта  деңгейден  жоғары  қарқынын 

қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу-

ге лайықталған» деген болатын. Дамыған елдерде экономиканың негізгі үлесі 

шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі екені белгілі. Мемлекет басшысының 

үкіметке  осы  бағыттағы  жұмыстарды  жүргізуді  тапсырғаны  сондықтан.  Ол 

жайлы «Менің тапсырмам бойынша үкімет биылдан бастап нәтижелі жұмыспен 

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп 

кетті», – деп Жолдауда атап та өтті. 

Елбасы тапсырмасына сәйкес үкімет нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай 

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекітіп 

те қойды. Оған сәйкес 15 пен 45 жас аралығындағы айлық табысы 60 мың тең-

геге жетпейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздар мен кәсіптік 

біліктілігі жоқ азаматтарға жұмыс табуға және жаңа мамандық игеруге жәрдем 

берілмек. Осы ретте бағдарлама бойынша жарты миллионнан астам адамға 

қолдау көрсетілуі мүмкін. Шағын несие беру аясын кеңейту де бағдарламада 

қарастырылған. бір ерекшелігі, өз кәсібін жүргіземін дегендерге қалада ғана 

емес, енді ауылда да 16 млн теңгеге дейін шағын несие берілмек. бұқаралық 

кәсіпкерлікті қолдау арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы 

үлесін арттыруды көздейтін бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық 

бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де белгілі. Мәселен, 2017 жылға 40 295 647 

мың, 2018 жылғы 40 664 637 мың теңге бөлінсе, ал 2019 жылға көзделген қаржы 

41 миллиард теңгеден асады.

Жолдауда әр өңір жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті 

дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуы тиістігі айтылды. Расында, мем-

лекеттің мығым болуы ондағы «кіші мемлекеттердің», яғни, әрбір отбасының 

әл-ауқатты болуына байланысты. Ал әл-ауқатты арттырудың бірден-бір жолы 

кәсіпке бет бұру екені даусыз. Ата-бабамыз да «кәсіп түбі – нәсіп» екенін еске 

салып кеткен емес пе.

Марат НҰрбЕКОВ,

алатау аудандық сотының судьясы

АлМАты ҚАлАсы 



Е

лбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа-

білеттілік»тақырыбындағы кезекті Жолдауы шетелдегі қазақ жастары 

арасында үлкен қызығушылықпен талқылануда. Меніңше, Жолдауда сөз 

болған отандық агроөнеркәсіп саласының келешегі зор. 

Жалпы, қазіргі кезеңде бірқатар дамушы мемлекеттер үшін агроөнеркәсіп 

кешені экономиканың драйверіне айналғаны шындық. сондай мемлекеттердің 

қатарына өзім білім алып жатқан, бүгінде Еуропалық Одақ аймағында қарқын-

ды дамушы елдердің біріне айналған – польша мемлекетін жатқызуға болады. 

польшаның жылдам дамуына серпін беруші бағыттардың бірі – елдің дәстүрлі 

ауыл шаруашылығы. 

поляктар ғасырлар бойы жерден несібесін терген, мал шаруашылығынан 

пайда  көре  білген  халық.  соңғы  он  жылдықта  поляк  елі  аргоөнеркәсіпте 

«дәстүрлі сапа» мен «технологиялық жаңашылдық» ұғымдарын өзара үйлестіре 

білді. Аграрлық сала технологияның соңғы жетістіктерімен жарақтандырылып, 

сала  өнімдерін  экспортқа  шығару  бағытында  қыруар  жұмыстар  атқарылды. 

нәтижесінде, польша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау саласындағы 

көшбасшы мемлекеттің біріне айналды. Мұндай жетістікке поляк кәсіпкерлері 

саланы технологиялық тұрғыдан жаңғырту, сыртқы нарықтарды, олардың та-

лаптары мен сұраныстарын жіті зерттеу, зерделеу, бір сөзбен айтқанда, тұты-

нушылардың талап-тілегін ескеру және сол бағытта тұрақты жұмыс арқылы қол 

жеткізді. польшаның аграрлық сала мамандары елдің ғылыми орталықтарымен 

өнімнің сапасын арттыру, шығынын азайту және т.б. бағыттар бойынша тығыз 

ынтымақтастықта жұмыс жасады. нәтижесі де жаман емес, бүгінде поляк ал-

малары, ет және сүт өнімдері тек Еуропа емес, одан тысқары аумақтарда да 

кеңінен танымал.  

Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық сапалы, экологиялық тұрғыдан таза 

ауыл шаруашылығы өнімін тұтынуға ниетті. Отандық кәсіпкерлер бұл трендті 

пайдалана білуі тиіс. Жолдауда айтылған субсидиялар беру, өнімді сақтандыру, 

тауарды сақтау мен өткізу, ғылыми орталар мен сала кәсіпкерлерінің бірлес-

кен жұмысы өзара пайдалы бағытта жүргізілсе отандық агроөнеркәсіп кешені 

дамитын  болады.  Ал  мемлекетіміз  бүгінгі  күні  құрылысына  қыруар  қаражат 

бөліп,  қалыптастырып  жатқан  транспорт  –  логистикалық  кешен  сала  өнімін 

сыртқы нарыққа шығаруға жұмыс жасайтын болады. Аталған  логистикалық 

инфрақұрылымды дамыту биылғы Жолдауда көтерілген басты тақырыптардың 

бірі. 


Жандос КарИНбаЕВ,

Варшава университеті, Саяси ғылымдар және  

халықаралық қатынастар факультетінің докторанты

Ж

ақында Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе-

кеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауын Халыққа жеткізіп, жұрт-

шылыққа жаңа дәуір қарсаңындағы сөзін арнады.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы, Қазақстанның біріккен Ұлттар Ұйы-

мы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне енуі, Алматы қаласында тұңғыш рет өткізіліп 

жатқан Универсиада–2017 спорт ойындары және де ашылу мерзімі таяп қалған 

«ЭКспО–2017» халықаралық көрмесі жөнінде Жолдауда зор мәртебемен атап 

өтілді. бұл саяси маңызды жетістіктерге Қазақстанның әлемдік деңгейде тМД 

және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып қол жеткізгені мәлім. Осы 

саяси іс-шаралар қатарына былтыр өткен республика судьяларының кезектен 

тыс VII-съезін де қосқан жөн.

съезд Қазақстан Республикасы президенті н.назарбаевтың тікелей қаты-

суымен өткізіліп, сот жүйесіне тың серпін беретін тапсырмалар талқыға са-

лынды. Осы жиында судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданып, қазылардың 

халық пен ел игілігі жолындағы жауапты қызметі жоғары стандарттарға сәйкес-

тендірілді.  

Елбасы өз Жолдауында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, су-

дьялар жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жоюдың маңызды екенін атап 

өтті. бүгінде осы бағыт бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде. 

С.ТаСыМбЕТОВ, 

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы 

АҚтөбЕ Облысы

ҰлтҚА бЕРілгЕн 

МүМКінДіК



Қ

азақстан Президентінің Жолдауы жаңалықтың, тың идеялардың 

жаршысы іспеттес. бүкіл бір мемлекеттің бүтін мәселелерін 

шешуге бағытталған бұл құжатты халықтың асыға тосатыны ақиқат. 

Жолдауға – қолдау

ЖАңғыРУДАн – ЖАңғыРУғА

ДАМығАн ЕлДЕ ДАУДы 

КүШпЕн ЕМЕс, 

ЗАңМЕн ШЕШЕДі



Е

лбасының  жыл  сайын  жарияланатын 

Жолдауының әрқайсысы өзінше бөлек, 

ерекше.  Қозғайтын  мәселесі  де,  ұсынатын 

жобасы да, беретін тапсырмасы да бір-біріне 

ұқсамайды. Жұртшылықтың қызығушылығын 

тудырып, асыға тосуына да осы түрткі бол-

са керек. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын 

биылғы Жолдауда саясаттан гөрі, ел дамуы-

на, адами капиталға, отандық кәсіпкерліктің 

өркендеуіне айрықша назар аударылғаны бай-

қалады. бес басымдықтан тұратын құжаттың төртеуі тікелей осы мәселеге лай-

ықталған. ал бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке 

және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты белгіленіп отыр.

Мінбер


пОлЯК КәсіпКЕРлЕРінЕн 

үйРЕнЕРіМіЗ Көп

Меже

сЕніМнің АРтУынА ҚОл 



ЖЕтКіЗУ ҚАЖЕт

халықтың заңнан хабарсыз болға-

нын  жасыру  артық.  Құқықтық  са-

уаттылық  төмен  ортада  мәселені 

заңмен емес, күшпен шешуге ты-

рысатындардың көп болатыны тағы 

рас.  біз  тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдары  дәл  осындай  жағдайды 

бастан кешірдік. Елдегі тыныштықты 

сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз 

ету үшін жазаны қатаңдатуға тура 

келді.  түрме  тұрғындары  жөні-

нен алдыңғы орыннан көрінуімізге 

де  осы  себеп.  Дегенмен,  жылдар 

бойы  жасалған  жұмыс,  сауатты 

реформалар  халықтың  құқықтық 

тұрғыдан өсуіне көмектесті. соның 

нәтижесінде  қазір  халық  кез  кел-

ген келіспеушілікті заң орындары, 

сот  арқылы  шешуге  дағдыланды. 

Мұндай  жағдайда  айыппұлдарды 

азайтып,  жазаны  ізгілендіруден 

ұтпасақ,  ұтылмаймыз.  Халық  пен 

билік бірлікте өмір сүріп, бірін-бірі 

қолдағанда  ғана  елде  даму,  сер-

піліс болады. Ендеше, Елбасының 

биылғы  Жолдауын  да  сол  дамуға 

септігін тигізетін, ел мен Елбасын 

жақындататын құжат деп бағалаған 

дұрыс. 


Г.ЖЕКСЕМбіНОВа,

Қаратал аудандық сотының 

судьясы

АлМАты Облысы



5

zangazet@maiI.ru



№18 (2943) 

7 наурыз 2017

(Соңы. Басы 1-бетте)

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

на салып, заңмен реттеп, «шыбық 

тимей шыңқ етер» әйелді көбейтіп 

алған жоқпыз ба? Бұл келеңсіздік-

тің  салдарымен  емес, себебімен 

күресу  қажет  емес  пе?  Мәселен, 

жұмыссыздық,  табыстың  аздығы 

отбасындағы  кикілжіңнің  бірден 

бір себебі екені аз айтылмайды. 

Сол секілді тәрбиенің осалдығы да 

әсер етіп жатқанын жоққа шығара 

алмаймыз...

– Иә, бір мәселені көтерсең оның 

артынан  сан  мәселенің  басы  көрі-

неді.  Сол  секілді  тұрмыстық  зор-

лық-зомбылыққа  қатысты  біраз 

әңгіме айтуға болады. Қазіргі таңда 

мемлекет тарапынан халықтың әлеу-

меттік жағдайын көтеру мақсатында 

жүзеге асырылып жатқан шара көп. 

Қабылданған  әр  саладағы  бағдар-

ламалардың  барлығының  негізгі 

мақсаты  –  экономиканы  нығайтып, 

халықтың әл-ауқатын көтеру. Қандай 

қиын  кезеңде  болмасын  мемлекет 

халықты өз қиындығымен бетпе-бет 

қалдырмай, әлеуметтік міндеттеме-

лерді орындап, қаржылық тұрғыдан 

қолдау  жасап  келеді.  Әрине,  бұл 

орайда әлі де шешімін табатын мәсе-

лелер  бар.  Біз  депутаттар  оларды 

заңнамалық  тұрғыда  қолдауды  өз 

құзырымыз аясында жасап келеміз, 

солай бола береді де. Өйткені, біздің 

елде адам, оның өмірі, денсаулығы 

Ата  Заңмен  айқындалған  ең  басты 

құндылық.  Дегенмен,  «таяқтың  екі 

ұшы  бар»  дегендей,  отбасындағы 

кикілжің, жалпы қоғамның бітеу жа-

расына  айналып  отырған  тастанды 

бала, көкек ана, мейрімісіз әке сын-

ды  мәселелер,  балаларға  жасалып 

жатқан  жүгенсіздіктер  ең  алдымен 

тәрбиедегі  осалдықтың  салдары. 

Өкінішке  қарай,  біз  қызды  қырық 

үйден тыйған, жетімнің жыламауын, 

жесірдің  қаңғымауын  мұрат  еткен 

ұлттық тәрбиеден айырылып қалдық. 

Ғасырлар бойы тұтас ұлт ұрпағының 

тәрбиесін  уысында  ұстап,  тентегін 

тезге  салып,  телісін  бұйдалап  кел-

ген  әжелер  мен  аталар  институты, 

жеңгелер мектебі жойылып барады. 

Біздің  ұрпақтың  ең  басты  тәрби-

ешісі – небір жүгенсіздіктерді ашық-

шашық жазып, көрсетіп жатқан түрлі 

бағыттағы сайттар, телебағдарлама-

лар, кино туындылары болып отыр. 

Бала  тұрмақ,  үлкендердің  өзі  осы 

ақпараттық  технологияның  теріс 

ықпалды өнімдерінің уысында қалды. 

Баланы күтушіге тапсырып, сән қуып, 

көңіл көтеруді артық  көретін аналар 

пайда болды. Немере баққаннан гөрі 

телесериал көруге бейіл әжелер бар. 

Айта берсек толып жатыр. Бірақ, бұ-

дан еш пайда жоқ. Нақты әрекетке 

көшіп,  отбасы  құндылығын  ұрпақ 

санасына  сіңіріп,  бала  тәрбиесін 

ұлттық  салт-сана,  таным  негізінде 

жүргізуді қолға алу керек. Ата-ана-

лар  барлығына  мектепті,  қоғамдық 

ортаны  кіналамай,  өз  үлгілерімен 

ұрпағына өнеге көрсету керек. Біздің 

тәрбиенің ең басты тетігі обал, ұят, 

жаман болады деген үш ұғымға не-

гізделетін.  Осыны  сәби  кезінен  кө-

кейіне түйген бала еш уақытта теріс 

әрекетке бармайды. Өкінішке қарай, 

бүгінде әдебиет оқылмайтын болды. 

Негізі тәрбиенің қайнар көзі көркем 

әдебиетте жатыр. Кітап арқылы көр-

кем мінез дағдыларын игеріп, көкірек 

көзіңді  білімге  ашып,  сөз  өнерінің 

маржанын үйренуге болады. Тәрби-

енің осындай ресурстарын пайдала-

на  алмай  жатырмыз.  Шын  мәнінде 

бұл үшін керегі тек ниет, ынта ғана. 

– Әйтсе де, қазір әйел-аналар 

үшін баланың қасынан табыла беру 

оңай  емес.  Әжелер  үшін  немере 

бағу ертеңгі күні тіпті арманға ай-

налатындай.  Себебі,  олар  жаңа 

зейнетақы жүйесі бойынша алпыс 

үш  жаста  зейнет  демалысына 

шығады. Жұмыспен қоса, немере 

тәрбиесін ақсатпауға олардың фи-

зиологиялық тұрғыдан шамасы же-

тер ме екен? Осы жайлы ойланып 

көрдіңіз  бе?  Әйелдердің  зейнет 

жасына  қатысты  басқаша  шешім 

қабылдау қажет емес пе?

–  Мен  олай  деп  есептемеймін. 

Керісінше, бұл әйел аналардың ер-

лерден  бұрын  зейнет  демалысына 

шығуға мәжбүр болмай, жұмыс істеу-

ге,  өз  қабілетін  көрсетуге  беріліп 

отырған  мүмкіндік.  Бұдан  қоғам  да 

ұтылмайды. Өйткені, тәжірибелі ма-

мандардан ерте айырылмаймыз. Заң 

бойынша көпбалалы аналарға жаса-

лып  жатқан  жағдай  аз  емес.  Олар 

мысалы ерте зейнетке шыға алады. 

Сондықтан,  әйелдер  үшін  зейнет 

жасының ұзартылуынан ұтылыс жоқ. 

Бұл әлемде өзін ақтаған тәжірибе.

–  Өзіңізбен  сұхбатымыз,  Пар-

ламенттің  Ата  Заңға  енгізілген 

өзгерістер  мен  толықтыруларды 

қарап  жатқан  сәтімен  тұспа-тұс 

келіп отыр. Конституция жобасы 

бірінші  оқылымда  қаралған  кез-

де  талқылауға  қатысып,    ұсыны-

сыңызды  қостыңыз.  Бүгінде  оған 

қатысты әлеуметтік желіде әртүрлі 

пікір  айтылып  жатыр.  Өзіңіз  бұл 

қадамыңызды қалай түсіндіресіз?

–  Мен  тәуелсіздік  алған  жылы 

он  жастағы  бала  едім.  Сол  кезде 

әкемнің  жұмыссыз  қалып,  анамның 

ала  дорба  арқалап,  базар  жағалап 

кеткені  күні  бүгінге  дейін  көз  ал-



– Жердің иесі қазақ емес пе?!

– Әрине, қазақ халқы. Бірақ, біз 

бүгінде жерді игере алмай отырмыз.  

Барлық  жағдай  жасалып,  қажетті 

заңнамалық  тетіктер  айқындалған. 

Бұл  орайда  жергілікті  биліктің  өз 

міндетін талап деңгейінде атқармауы 

себеп болып отыр. Үйде жатып ақыл 

айту оңай. Ал жеме-жемге келгенде  

мәселені  шешуге  қауқарсызбыз. 

Шын  мәнінде  жерді  меншікке  беру 

инвесторлар тарту үшін қажет. Өй-

ткені, олар бізге сенімді кепілдікпен 

келгісі  келеді.  Әкелген  инвестици-

ясынан  пайда  көруді  мақсат  етеді. 

Мысалы, мен Үндістанға барып, жер 

жыртып, күріш егу үшін алған жерге 

иелік жасай алмасам, қалай жұмыс 

істеймін?  Ертеңіне  оған  салған  қы-

руар  қаржым,  сіңірген  еңбегімнің 

нәтижесі  өзгенің  еншісінде  кету 

қау пі тұрғанда қалай алаңсыз жүре 

алам? Мұндай жағдайда қолға алған 

ісіңде  қандай  береке  болмақ?  Сол 

секілді бізге де келетін инвестор өз 

бизнесінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

еткісі  келеді.  Шетелдік  инвесторға 

біздің елде жер жалға беріледі. Оның 

тәртібі Жер кодексінде айқындалған. 

Жер мәселесі Қазақстанда осы құ-

жат  арқылы  реттеледі.  Ал,  26-бап 

мүлікке қатысты, яғни, әр азаматтың 

өз  мүлкіне  иелік  ету  құқы,  міндеті, 

жауапкершілігі мәселесі. Алайда, Ел-

басы халықтың қалауына орай атал-

мыш бапты өзгертпеуді ұсынды. Бұл 

да Елбасының көрегендігінің айғағы. 

Мемлекет басшысы осы қадамымен 

өзінің  халықпен  бірге  екенін,  оның 

тілегіне сергек қарайтынын көрсетті. 

Мәселенің шешілуі маңызды болға-

нымен,  халықтың  қалауы,  бірлігі 

біздер үшін қашанда бірінші орында. 

Елбасы осыны ұқтырып отыр. Алдағы 

уақытта  сындарлы  түрде  түсіндіру 

жұмыстары жүруі керек. 

Жалпы, бізге жер сатылады екен 

деп айқайға аттан қосу қажет емес. 

Біздің жерімізді тартып алайын деп 

жатқан ешкім жоқ. 



– Депутаттық мандат иеленіп, 

үлкен саясатқа араласу екінің бірінің 

басына  қонар  бақ  емес.  Сіздің 

жоғары заң шығарушылық органға 

келуіңізге бақ пен баптың қайсысы 

ықпал етті? Әлде ерекше сөйлеу  

мәнеріңіздің пайдасы тиді ме?

– Мен жиырма үш жасымда кол-

ледж  директоры,  жиырма  алты  жа-

сымда қалалық мәслихатқа депутат 

болғанмын.  Бұл,  әрине,  Алланың 

қолдауы, екіншіден, мені тәрбиеле-

ген  өмірлік  ұстаздарымының  арқа-

сы. Ешкім өзінің  болашағын болжай 

алмайды.  Қазақта  «Бақ  Алладан, 

бап  өзіңнен»  деген  тамаша  мақал 

бар. Алдыңа мақсат қойып, сол жол-

да  өзіңді  жетілдіріп,  еңбектенуден 

танбасаң,  алынбайтын  қамал  жоқ. 

Сөйлеу мәнерім де әсер еткен болуы 

мүмкін. Бұл да Алланың берген қа-

білетін ұштай білудің нәтижесі. Жал-

пы, біздің отбасымызда әкенің қаны, 

ананың  сүтімен  берілген    шешен, 

әдемі  сөйлеуге  деген  ерекше  бей-

імділік  бар.  Оның  үстіне,  бала  кез-

ден көркем әдебиетке құштар бол-

дым. Бұл әдетімнен әлі де арылған 

емеспін. Қазір өзімнің екі ұлымды да 

кітап оқуға бейімдеп жүрмін. Қанша 

уақытым тығыз болса да күнде кеш-

кісін  олармен  бірге  кітап  оқуға  ты-

рысамын. Адамға кітаптан артық дос 

жоқ  қой.  Ол  сенен  ешнәрсе  талап 

етпейді, керісінше, көп нәрсе береді, 

өз  басым  күйзелісті  жағдайдан  да 

кітап оқу арқылы шығамын.

– Күйзеліске жиі түсесіз бе? Қи-

янат көрген кезіңіз бар ма? Жалпы 

неден қорқасыз?

–  Жоқ,  мұндай  жағдай  менде 

сирек болады. Қатты қиянат көрдім 

деп те айта алмаймын. Ондай жағдай 

болса, кінәні өзімнен іздеуге тыры-

самын.  Негізі  адамның  саған  деген 

қарым-қатынасы  оның  өз  деңгейі, 

оған қалай жауап беру сенің тәрби-

ең.  Әркім  айналаға  өзіндегі  барын 

ұсынады. Тәрбиелі, көркем мінезді, 

жүрегі таза жандар жан-жағына тек 

дымда.  Барлық  саланы  қамтыған 

дағдарыс  біздердің  балалық  шағы-

мыздан осындай естелік қалдырды. 

Қазір  соның  бәрі  көрген  түстей. 

Бұл  әрине,  тәуелсіздіктің,    қазақ 

мемлекетін әлемдік қауымдастыққа 

мойындата  алғанымыздың  арқасы. 

Ал,  мұның  бәрі  әуелі  Алланың  қол-

дауы және Елбасының егемендігіміз 

жолындағы ерен еңбегінің нәтижесі. 

Қазақстанның  тұңғыш  президенті 

–  ғасырда  бір  келетін  дара  тұлға. 

Біреулер үшін бұл сыңаржақты пікір 

болар.  Қанша  адам  болса,  сонша 

көзқарастың болуы заңды. Әркімнің 

өз  ұстанымын  білдіруге  құқы  бар. 

Менің  жеке  пайымым  бойынша  Ел-

басының  есімі  қалай  ұлықтауға  да 

лайықты. Тұңғыш Президенттің тәу-

елсіздік  жолындағы    теңдесі  жоқ 

еңбегі Ата Заңымызда көрініс табуы 

керек. Бұл біздің сүйінерге лайық өз 

дара  тұлғамызға  деген  құрметіміз, 

сол  арқылы  кейінгі  ұрпаққа  берген 

тәрбиеміз, тарихымызға қалдыратын 

тағылымды ісіміз. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет