Сөж орындаған: Оңғар Дамира Қабылдаған : Асқарова Гауһар Алматы, 2023 Тақырыбы



бет1/3
Дата22.04.2023
өлшемі109,49 Kb.
#85761
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Факультеті: Филология және көптілді білім беру институы
Мамандығы: 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


СӨЖ
Орындаған: Оңғар Дамира
Қабылдаған : Асқарова Гауһар
Алматы, 2023


Тақырыбы:
Әдебиеттанушы ғалым Ю.Борев эстетика жайында айтылған ойларын талдау, әдеби сын мақала жазу.


Жоспары:
І.Кіріспе
1.1. Эстетика объектісі, пәні және оның ғылым жүйесіндегі орны.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ю.Боревтің эстетика жайлы сын-пікірі және оны талдау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Эстетиканы зерделеуге кірісе отырып, бұл өзінің мазмұны бойынша, сондай-ақ нысаны бойынша бірегей рухани құндылықтарды зерттейтін ерекше ғылым екенін ескеру қажет.
Эстетика термині грек тілінен аударғанда сезімтал, сезімді қабылдауға қатысты деген мағынаны білдіреді. Эстетика пәні жайлы толық жауап бере алмаймыз, ең алдымен осы ғылымның шекарасын анықтаумен шектелеміз. Эстетиканың мәселелері философия, Құдайға құлшылық, әдебиет, өнертану, адамзаттың рухани мәдениеті аясында пайда болды. 
Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады.
Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедиялық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.


Негізгі бөлім
2.1. Эстетика нені зерттейді, оның пәні қандай? Эстетикалық ой тарихында, қазіргі әдебиетте осы ғылымның көптеген анықтамаларын табуға болады. Белгілі эстетика Ю. Боревтің пікірінше, «эстетика пәні адамзат үшін оның құбылыстарының маңыздылығы мен құндылығы тұрғысынан қарастырылатын бүкіл әлем болып табылады» (Ю. Эстетика Борев. — М., 1988. С. 9).
Шын мәнінде, эстетика адам өмірінің бірде-бір саласын назардан тыс қалдырмайды. Алайда, бұл анықтама, нақтылауды қажет етеді. Бүкіл әлем эстетиканың пәні емес, бірақ зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеу пәні ретінде әлем мен адам арасында туындайтын белгілі бір қатынастарды қарастырады.Эстетика ғылымының теориялық негізі Аристотель заманынан бастау алды және ең алдымен әсемдіктің ерекшелігі туралы мәселе қозғаған болатын. Бұл тұжырымды біз Ю. Боревтің мына пікірімен дәлелдей аламыз: Эстетика табиғаттың, әр түрлі құбылыстардың, адам өмірінің, өнерінің сезімтал бейнесін, айқындығын, сұлулығын ашумен байланысты адамның шынайылыққа көркемдік көзқарасын білдіретін сала». Қазіргі уақытта «эстетика» ұғымы тек ғылыми тілде ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданылатын сөздердің біріне айналды: бүгінгі күні тұрмыс эстетикасы, интерьер және дизайн эстетикасы, киім эстетикасы, мінез-құлық эстетикасы туралы айту орынды. Осы ретте, Қазақстандағы философияның эстетика саласының негізін қалаушы деп айтуға болатын, философия ғылымдарының докторы, профессор Бәтіш Қазыханова «біздің бүгінгі бақытты өміріміздің өзі бір ұлы мұхит тәрізді үлкен әсемдік әлемі десек жараспай ма? Бізде бәрі де әсем. Әңгіме жақсыға ұмтылу, жақсыны көре білу, содан сезініп, ләззат ала білуде. Адамдарымыздың қоғамдық қызметі, күнделікті жұмысы, жеке өмірі бәрі де эстетикамен тығыз астасқан. Онсыз әрбір адамның, тіпті бүкіл қоғамның мәдени жағынан өсіп дамуы мүмкін емес» деп атап өтеді. «Эстетика» терминін философиялық ғылым аясынан тысқары пайдаланудың алуан түрлілігі оның мазмұнының тереңдігі мен мәнінің толыққандылығының көрінісі болып табылады.Осы ретте Юрий Боревтың өзіндік зерттеулерінің тағы да бір көрінісі ретінде әсемдіктің адам өміріндегі түрлі салалары мен әсемдікке сипаттама беруі болса керек. Оларға тоқталатын болсақ: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет