Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



бет1/9
Дата26.07.2022
өлшемі0,94 Mb.
#37913
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Фемида – Оңтүстік Қазақстан колледжі



Тақырыбы: Құрама есеппен жұмыс
Орындаған:
Курстық жұмыс жетекшісі:

Жоспар
Кіріспе ......................................................................................................................3
1.Бастауыш сынып оқушыларына құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1.Құрама есептер туралы түсінік........................................................................5
1.2.Құрама есептерді шешу кезеңдері...................................................................6
2.Бастауыш сынып оқушыларына құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1.Оқушыларды құрама есептерді шығартуға үйретудің тәсілдері................11
2.2.Құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыруға арналған есептермен жұмыс.....................................................................................................................18
Қорытынды............................................................................................................27 Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................29
Қосымша.................................................................................................................30

Кіріспе

Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.


Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикаын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Бастауыш мектепте мәтінді есептерді шығартуға өте үлкен көңіл бөледі. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарын, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады. Математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастыру бала бақшадан басталады. 2 жастағы баланың өзіне психологиялық ерекшелігіне қарай қандай да бір математикалық ұғымдарды қалыптастырып, логикасын дамытып, есептер шығартып үйретуге болады. Мысалы, сенде 1 кәмпит бар саған апаң тағы да 1 кәмпит берді. Сонда сенде неше кәмпит болды? т.с.с.
Баланың ойлау қабілетін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп – басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады.
Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үрдісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру,оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі.Құрама есептерді шығару- математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты:оқу процесінде оқушылардың құрама есептерді шығарудағы біліктерін қалыптастыруға теориялық түсінік бере отырып,әдістемесіне талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет