СөЖ. Поэзия. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Тақырып, мәселе



Дата15.11.2023
өлшемі16,45 Kb.
#123254

СӨЖ.Поэзия. Өлең-сөздің патшасы , сөз сарасы.

Тақырып, мәселе

Өз пікірім

  1. Авторы

Абай Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 – 6 шілде 1904 ж. ) ұстаз, ақын, ағартушы, философ,сазгер.

  1. Жазылу тарихы

1887 жылы жазылған өлеңі . Алғаш 1909 ж. Санкт- Петербургте  жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған.

  1. Жанр

Поэзия. Яғни бұл өлең- лирикалық өлең, себебі ақын сөз өнерін, ақындықты ерекше бағалап, өлең « сөз патшасы» деген баға берген.

  1. Тақырыбы

Бұл өнер туындысы, әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық. Бұл өлеңнің тақырыбы- өлеңге берілген анықтама, ақындық ерекшелігі.

  1. Идеясы

Өлең табиғатын түсіне білуге шақырады. Сөздің асылы- поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

  1. Құрылымы

Буын:11-12
Шумақ:15
Бунақ:180
Тармақ:60

  1. Ұйқас түрі

Қара өлең ұйқасы: а,а,б,а

  1. Негізгі тілдік құрал

Сөз сарасы, сөз патшасы – синоним ,
Айтушы мен тыңдаушы – антоним ,
Алдап,арбап- синоним,
Жат ел, өз елі – антоним,
Мақтан қуған, мақұмар- синоним.



  1. Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар

Теңеу- өтірік пен өсекті жүндей сабап
Эпитет- Іші алтын,
сырты күміс сөз жақсысын,өлең- сөздің патшасы, терең ой,
терең ғылым іздемейді.
Метафора- мал үшін тілін безеп,
жанын жалдап.

  1. Түсіндірме сөздік

мінәжат- құдайға сиынушылық, құлшылық
етушілік, құтпа- араб: уағыз оқу, сөйлеу мағынасында. Хадис-
араб:Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері, өсиеттері, аят-
араб:құран сөзі.

  1. Өлеңнің әдебиеттегі орны

Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің
құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет