Сөж тақырыбы: Инвестициялық портфельге талдау Орындаған:Қобылашова Айым Тексерген: Абдуллаева Бижамал



Дата26.10.2022
өлшемі215,7 Kb.
#45512




СӨЖ
Тақырыбы: Инвестициялық портфельге талдау
Орындаған:Қобылашова Айым
Тексерген:Абдуллаева Бижамал
2021

1.Портфельдің типтерін анықтаңыздар және жеке түсінік беріңіздер.


Инвестициялық портфель дегеніміз - бір инвесторға тиесілі және тұтастай басқарылатын әр түрлі типтегі, әр түрлі жарамдылық мерзімі мен әр түрлі өтімділік дәрежесіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы, нақты немесе қаржылық инвестициялар жиынтығы.Инвестициялық портфельдерді агрессивті - кірістілігі жоғары және тәуекел деңгейі жоғары активтерден құралған және орташа консервативті портфель -ол орташа қайтарым жасап, орташа кірістілік әкелетін тендестірілген тәуекел жасайды. пассивті - құрылымы нарықтық индекс құрылымымен сәйкес келетін деп бөлуге болады. Портфолионың 3 негізгі сипаттамасы - тәуекелділікті сипаттайтын бета нұсқасы және кірістілік өлшемі.
2. Сіз инвестор болсаңыз, осылардың ішінен қандай портфельді таңдар едіңіз. Себебі?
Мен 2- портфельді тандадым.
2 портфел; Акция- Халық банкінің артықшылықты акциясы - 15%
Казтрансойл жай акциясы-15 %
Кселл жай акциясы-15 %
РД Казмұнай газ артықшылықты акциясы-15%
Кегок жай акциясы 20%
Облигация- АО Банк Развития Казахстана-10%
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдардың облигациялары -10%
Яғни, тандаған портфелдің 80% -акциядан және 20%- облигациядан тұрады.
Бұл портфельді- агрессивті деп санауға болады.Себебі кірістілігі жоғары болуымен қатар , тәуекел деңгейі де жоғары болады. Агрессивті стратегия портфель құрамында өте тиімді құралдар бар деп болжайды.Мысалға; фьючерстер, акциялар, тәуекелді және тәуекелді капитал компанияларының акциялары.Инвестициялық көкжиегте ұзақ агрессивті инвесторлар акцияларға немесе ETF-ке ақша салған тиімді көреді. Бірақ облигацияларға 10-15% қалдыру өте қажет .
Неліктен?
Себебі бұл пайданы көбейте түседі және тәуекелдерді азайтады. Егер нарық құлдыраса, облигациялар кірісті жалғастыра беретін болады. Және оның көмегімен мен арзандаған акцияларды сатып ала аламын.
Агрессивті портфолионың негізгі міндеті - кірістіліктің жоғары әлеуеті бар құралдардағы капиталды ұзақ мерзімді ұлғайту. Агрессивті портфолінің инвестициялық кезеңі 10 жыл немесе одан асатын инвесторлар үшін өте қолайлы.
Агрессивті портфельді алған инвестор типтері; құнының қатты ауытқуларына немесе төмендеуіне- психологиялық төзімді болуы керек.Тәжірибелі инвестор портфельдерінің негізгі мақсаты салынған салымдардың өтімділігі , олардың өсуі және табыстылығы болып табылады.
Тәуекелдігі; Егер мен тым абай болсам, инфляциядан төмен табыс табуым қаупі болады. Егер партфелім тым агрессивті болса, мен активтер бағасынан ұтылып қалуым мүмкін. Сондықтан қарапайым ережені ұстанатын боламын. Ол: портфолионың кірісі инфляциядан кем дегенде бірнеше пайызға жоғары болуы керек.Портфель жыл сайын қайта теңдестіріліп отырады.Және инвестициялық көкжиекте қысқа мерзімді болып келеді.
Агрессивті портфельдің табыстылығы - жоғары және алыпсатарлық болып келеді. АҚШ долларындағы күрделі пайыздарды ескере отырсам, орташа жылдық өсу қарқыны болады. Және оған салықтар, делдалдық төлемдер және транзакциялық шығындар қосылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет