Сөж тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Топ


В.И.Андреевтің пікірі бойынша, жаңа мыңжылдықтың мұғалімдері мынадай қиыншылықтарға жолығуы мүмкін



бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі46,43 Kb.
#21999
1   2   3   4   5   6
В.И.Андреевтің пікірі бойынша, жаңа мыңжылдықтың мұғалімдері мынадай қиыншылықтарға жолығуы мүмкін:

  • білім сапасын жақсартудың барған сайын күрделі бола түсетін проблемалары, білім беру стандарттарының жоғары деңгейінің кепілдендірілуі, бұл проблемаларды тек жоғары кəсіби біліктілігі бар мұғалім ғана еңсере алмақ;

  • шығармашылық жəне зерттеушілік мəселелерді көбіне мұғалімнің өзі құрайды жəне оларды өзі шешеді, яғни, мұғалімнің шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің маңызы арта түседі. Осылайша, болашақтың мұғалімі даусыз шығармашылық тұлға болуы тиіс;

  • барған сайын күрделене түсетін тəрбиелік проблемалар мұғалімнің неғұрлым зиялы болуын талап етеді, яғни мұғалімнің əлеуетінің рухани-адамгершілік ролі мен маңызы арта түседі;

  • XXI ғасырдың мұғалімі оқыту мен тəрбиелеудің алдыңғы қатарлы технологияларын, отандық жəне шетелдік тəжірибенің жаңа жетістіктерін үздіксіз меңгеруі, оларды өзінің нақты қызметіне лайықтап бейімдеуі, өзінің жеке қасиеттері мен кабілеттеріне лайықтауы тиіс;

  • үшінші мыңжылдық мұғалімінің алдында бірқатар жаңа, кəсіби тұрғыдан өте күрделі кəсіби- педагогикалық проблемаларды шешу міндеті тұр, бұл міндет педагогика саласымен жанамалас философия, психология, медицина, дінтану, экономика, құқық, кибернетика сияқты ғылымдарды ұштастыра білуді талап етеді, ал бұл үшін мұғалім өз білімін үздіксіз ұштау үшін айтарлықтай күш- қайрат жұмсап, қабілеттілік танытуы қажет. Сондықтан да мұғалімнің тұлғасына қойылатын жалпы талаптар — кəсіби біліктілік, зиялылық, бəсекеге қабілеттілік, рухани байлық болып табылады.

Қазіргі уақытта мұғалімдердің қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану кеңінен тарап келеді. Соңғы 10–15 жыл ішінде білім беру саласын компьютерлендіру мəселесі қиялдан ақиқатқа айналды деуге болады. Мұғалімге де, оқушыға да ақпараттың орасан зор ағындары бейне бір нөсер жауындай құйылуда, ал соның ішінен оқушыға да, мұғалімге де керегін ғана сүзгідей сүзіп алу үшін сауаттылық пен ептілік қажет екені даусыз.

Білім беру мен мұғалім еңбегін ұйымдастырудағы негізгі проблемалардың қатарында, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану тұрғысында келесі мəселелерді жеке бөліп атауға болады:

  1. Болашақ педагогтың бірыңғай ақпараттық ортада еңбек етуге дайындығын қалыптастыру. Бұл проблеманы, бір жағынан, оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін білу жəне түйсіну деп, екінші жағынан — оқу процесінде дəстүрлі əдіс-тəсілдер мен жаңа технологияларды ұштастыра білу деп қарастыруға болады.

  2. Мұғалімге өз назарын оқытуды ұйымдастыру мен əдістемеге ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің концептуалдық аспектілеріне де бағыттай білуге мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық кеңістікті жасау жəне бірыңғай тезаурусты қалыптастыру.

  3. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақ беруге (сабақ жүргізуге) дайындалу жəне соған көшу. Бұл ақпараттық-компьютерлік қолдаудың оқу курстарын əзірлеуді көздейді, оның ішінде білім беру мекемелерінің оқу жоспарларындағы гуманитарлық бөлікті де қамтиды.

  4. Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі оқу процесін бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыз ету. Бұл мұғалімдердің, əдіскерлердің, психологтардың, оқу процесін компьютерлік қамтамасыз ету жөніндегі мамандардың бірлесе жұмыс істеуін талап етеді

Осылайша, жоғары оқу орындарында оқу сатысының өзінде болашақ мұғалімдер оқу процесінде жалпы компьютерді қолдануға дайындалуы жəне нақты пəндерді оқыту кезінде компьютермен жəне басқа да микропроцессорлық техникалармен жұмыс істеу икемдерін меңгеруі қажет.

Сонымен қатар мұғалім еңбегінің проблемаларына, жеткіншек ұрпақты тəрбиелеу мен оқытудың көптеген мəселелерін шешудің күрделілігіне қарамастан, жаңа мыңжылдықта адамға ең басты құндылық деп қарауды бекітетін, оның бостандыққа, бақытқа, дамуға, өзінің физикалық жəне рухани күш-қуатын білдіруге деген құқығын мойындайтын, əлеуметтік-құндылық идеялардың кешені ретіндегі гуманизм ХХІ ғасыр мұғалімінің көзқарастарының, нақты пікірлері мен идеалдарының жалпыланған жүйесіне айналады деп сенеміз



Сонымен, психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдай отырып, тек қана гуманистік ойлаудың бекітілуі ғана мұғалім мен оқушының ара-қатынастарының қалыптасуына ықпал етеді деген қорытындыға келеміз. Мұндай стильдің өзіне тəн сипаттары мыналар болып табылады:

  • оқыту мен тəрбиелеуде жеке тұлғаға бағдарланған көзқарас идеясын іске асыру;

  • өзара іс-əрекет етудің топтық нысандарынан бірте-бірте жеке нысандарға көшу;

  • оқушыларға қойылатын талаптардың тікелей нысандарынан (нұсқау, өкім ету, бұйрық беру) жанама нысанына ауысу (кеңес, өтініш, ұсыныс);

  • оқушылармен арадағы іскерлік қатынастарға эмоционалдық реңк беру;

  • іскерлік коммуникативтік қызметті жүзеге асыру барысында тұрақты түрде бақылау жүргізудің болуы;

  • мəдениеттілікті, өзіне, адамдарға, табиғатқа деген көзқарасты тəрбиелеуде оқушыға көмек көрсету.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет