Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Антарктида материгіне жалпы шолу



бет10/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тақырыбы: Антарктида материгіне жалпы шолу
1. Материктің географиялық орнына жалпы шолу.
2. Геологиясы және пайдалы қазбалары.
3. Климаты.
4. Өсімдігі және жануарлар дүниесі.
Антарктида – Жердің оңтүстік полярлық аймағында жатқан материгі.
Антарктида оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен мыңдаған шақырым алыста орналасқан. Оның бірден –бір түбегі Антарктикалық түбек оның солтүстік шеткі нүктесі ретінде Оңтүстік Америкаға дейінгі арақашықтығы 1000 шақырымнан асып кетеді.
Антарктиданың негізгі ерешелігі, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп біресе ұлғайып тұратын мұздың қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оының астында жатқан құрлықты Тасты Антарктидадеп атайды.
Бұл материк мұз сауытын жамылған. Тек материктің шеткі жақтарынан мұз жамылғысының астынан мұздан босаған жекеленген тау шыңдары шығып тұрады. Мұздан бос жатқан аудан небәрі 2500 км2, яғни материктің бүкіл бетінің шамамен 0.2% -ін құрайды.
Антарктиданың мұз жамылғысының орташа қалыңдығы 1720 м, кейбір аудандарында ол 4000 м-ге жетеді. Мұздың осы қалыңдығы әсерінен материктің орташа қалыңдығы 2040 м-ге дейін жетеді. Бұл сан қалған материктен 3 есе дерлік асып түседі.
Материктің мұздың жалпы көлемі 24 млн. км2, яғни жердегі қазіргі мұз басудың 90%, кейбір мәліметтер бойынша недәуір көбірек. Мұз басудың шеткі алқаптарында антарктикалық оазистер деп аталатын мұздан бос аудандар бар. Кейде ауданы 100-деген шаршы бұл оазистер барлық жағынан мұзбен қоршалып жатыр. Олардың бетінде жаз уақытында қар жоқ және тіпті еріген қар суының көлдері кездеседі.
2. Антарктида материгінің геологиялық құрылымы бойынша 3 түрге бөледі: Батыс, Шығыс, Орталық.
Материктің батыс шетін Антартида Андысы - құрылымдық –геоморфологиялық қатынасы жағынан Оңтүстік Америка Андысының жалғасы болып саналатын тау жүйесі созылып жатыр. Ол Антарктида түбегі мен Мэри Бэрд жеріне жанасып жатқан аралдар арқылы созылып жатады. Таулар күшті метаморфталған мезозой жасындағы шөгіндіре мен вулкан жыныстарынан қалыптасқан. Олардың құрлысында неоген соныңда жарықтар сызығының бойымен ақтарылған лава үлкен роль атқарады.
Шығыстан оған ерте мезозойлық шеткі майысу жанасып жатыр. Материктің шығысының үлкен бөлігі платформалық құрылымда келеді. Бұл материк – Гондвана құрамына енетін Антарктикалық платформа болып табылады. Ол негізінен докембрийлік кристалды фундаментінің шегінде, палеозой және мезозой континентті шөгінділері жауып жатыр.
Материктің орталық бөлігі платформаның шегінде орналасқан, яғни ол осыған сәйкесжазықты болып келеді.
Антарктида платформасының ежелгі кристалл жыныстарында кейбір металл рудаларының кен орындары: мыс, молиден, қорғасын және тас көмір кендерң кездеседі.
3. Жер бетіндегі үнемі төмен температура болатын жер – Антарктида материгі. Антарктиданың өзінің климатын қалыптастыруда ғана емес , сонымен қатар оңтүстік жарты шардың үлкен бөлігін қалыптастыруда аса ірі көзі болып табылады. Антарктиданың мұз бетінің күн сәулесін шағылыстыруда зор мүмкіншілігі бар. Ұзақ поляр күні бойындатматериктің үстіндегі жиынтық радиация экваторға жақын, алайда оның 90%-і қайтадан атмосфера шағылысады. Қыста бірнеше ай бойыполяр күні үстемдік етеді.
Дүние жүзіндегі ең төмен температура Восток станциясында –83.30С температураны тіркеді. Шілденің орташа температурасы-50-600С, ал қантардікі –200С төмен. Материкте жаз уақытында 00С-тан температура 3-40С жоғарлайды. Жауын-шашын негізінде қар түрінде жауады. Антарктиданың кейбір жағалауларында үнемі қарлы боран соғып тұрады. Жылына 340 күн соғып түратын делдер болады.
Ағын сулар Антарктида да жоқ. Кейбір жерлерде теңізге құятын мұз асты тасқындары болады. Материктің шет жерлерінен ағын сулы суаттарды кездестіруге болады. Оазистерде ащы және тұщы, көбінесе ағынсыз, ал кейде теңізге құйып жатқан көлдер бар.
4. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. . Антарктиданың үлкен бөлігінде өсімдік жамылғысы жоқ, тұрғылықты жануарларыда жоқтың қасы. .Антарктиданың өсімдіктері материктің тек шет жағында және субарктикалық аралдарында кездеседі, ал бай және өзіндік жануарлар дүниесі ең алдымен су бассейндерінде кездеседі. . Антарктида мен о,ан жанасып жатқан басқа материктік бөліктер айрықша флора патшалығына енеді.
Жер бетіндегі өсімдіктерден материктің өзінде мүк, қына, аласа балдыр, саңырауқұлақтар мен бактериалар кездеседі. Қынаның 300 –ге жуық түрі бар, ал мүктің 75-ке жуық түрі бар.
Гүлді өсімдіктер материкте жоқ, тек Антарктида түбегінде кездеседі.
Материк жануарлар дүниесіне кедей. Ол жерге құрттар, төменгі сатыдағы шаян тәрізділер мен қанатсыз насекомдар кездеседі. . Антарктиданың жер бетінің жануарлар дүниесі кедей болғанымен теңіздегі жануарлар дүниесі өте бай болып келеді. Омыртқасыз сүтқоретктілер мен құстар, балықтар және олардың негізгі азығы болып саналатын ірі шаян тәрізділер өте көп кездеседі.
Тюленьдер, пингвиндердің түрлері өте көп. . Антарктиданың тісті киттерін, кашалоттарын, касаткаларын атап кету қажет. Мұның соңғысы арқасында үлкен өткір жүзу қанатымен – шалғымен жабдықталған, тіпті китке де елеулі жарақат салатын аса қауіпті болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет